0 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың басым көпшілігі, тіпті 90 пайыздан астамы деуге болады, өздерін мәңгілік жан емес, ет пен сүйектен жаратылған тәнбіз деп санайды және сондай түсінікпен өмір сүреді. Ал өздерін жанбыз деп санайтындардың басым көпшілігі үшін бұл түсінік жәй сөз жүзінде айтылатын ақиқаттан аулақ дүние сияқты сезіледі. Бұның дәлелін біз қайдан көріп, бақылай аламыз?

Егер сіз адамдардан “сен кімсің?” деп сұрайтын болсаңыз, онда ілуде біреуі болмаса барлығынан мынадай жауап аласыз: менің есімім пәленше, тегім түгенше, өзім мынадай ұлттың өкілімін, мынадай мемлекеттің азаматымын, мынадай дінді ұстанамын, т.б. Бұлай жауап беретіндердің бәрі өздерін ет пен сүйектен жаратылған тәнбіз деп санайтындар. Өздерін жан-рухпыз деп түсінетін адам тәнге қатысты жынысы, ұлты, нәсілі, діні, білімі мен отбасы жағдайы сияқты тәнге қатысты сипаттарды мойындамайды. Олар үшін адам да, мал мен аң-құс, тіпті өсімдіктер де жаны бар тіршілік иелері. Бұндай түсініктегі адамдар өкінішке орай, өте аз.

Өзім араласатын адамдардың бәрі де өздерін тәнбіз деп санайды, тек араласып жүрген кришнаит атап кеткен вайшнавтар ғана өздерін жанбыз деп санайды. Жан туралы Құранда бір ғана аят бар, онда “Ей, Мұхаммед, ғалеикиссалам, адамдар сеннен рух — жан туралы сұрайды. Оларға айт: бұл Раббымның әмірінен, ол туралы өте аз ақпарат берілді”. Осы жалғыз аяттан басқа жан туралы ислам дінінде ешқандай түсінік жоқ. Христиан дінінде де жан-рух жайында ештеңе айтылмайды. Осыған қарап, адамдардың жан туралы түсінігі мен білімі өте аз мардымсыз екендігін ұғуға болады.

Өзін тәнмін деп санау адамдарға не береді және оның пайдалы, залалды жақтары қандай? Енді осы мәселеге назар аударалық. Тәнмін деп санайтын адамдар үшін мына фәни дүниенің тірлігі бірден бір шынайы өмір саналады және олардың басым көпшілігі өлгеннен кейін өмір бар дегенге онша сене қоймайды. Ислам, христиан сияқты дәстүрлі діндерді ұстанатындар өлімнен кейінгі өмірге сенеміз дегендерімен, көңілдерінде күмән-күдік көп болады және о дүние туралы түсініктері де бұлыңғыр, нақты емес.

Егер сіз атеистік түсінікті ұстанатын болсаңыз, онда тәннің өлімімен бірге адам өмірі толықтай жойылады деп санайсыз. Бұл түсінік бір жағынан “егер мен өлген соң мәңгіге өшіп жоғалсам, онда бір-ақ рет берілетін мына фәниде барынша қызық көріп қалуым керек, ешқандай шектеу, ар-ұят, қорқыныш деген болмауы тиіс” деген ұстанымға әкеледі және соған орай моральдық шектеулерден тыс нәпсісі қалағанды жасауға бейім тұрады. Бір қарағанда олар осылайша нәпсісі қалағанды жасап, бақытты өмір сүріп жатқан сияқтанғандарымен, кәрілік келіп, ажал жақындаған сайын өмірі мәңгіге өшіп жоғаларын сезіп, іштей үлкен қорқынышқа бой алдырады. Атейстік түсінікті саналарына сіңіргендер үшін өмірде еш мән жоқ. Олар отан, ұлт, болашақ ұрпақ үшін өмір сүремін деген сияқты өзі онша сене қоймайтын биік идеалдарды ұстанатын сияқтанғандарымен, іс жүзіне келгенде оның бәрі құмнан тұрғызылған үй сияқты уақытша және тұрлаусыз олып шығады.

Өзін атеиспін деп атап, жүрген жерінде соны мақтанышпен айтып жүретін бір кісінің қалай өлгенін көрдім. Ол қартайғанша зина жасап, тән қызығын қуды. Содан күш-қуаты азайып, тіпті жүруден қалды. Осылайша ол екі жылдан астам уақыт орнынан тұра алмай төсек тартып жатты. Оны туыстары тамақтандырып, әжетханаға көтеріп апаратын. Өзін де, өзгелерді де әбден мезі қылып, әзер дегенде жан тапсырды. Буддашы данышпан әулиенің айтуынша, адамның тез және жеңіл қайтыс болуы немесе ұзақ уақыт төсек тартып жатып, әбден тауқымет тартып өлуі — о дүние туралы ұстанымына байланысты болады екен. Бақи дүниеге, өлімнен кейінгі өмірге сенетін адам төніп келген ажалға бірден мойынсұнып, ажалға дайындалады. Ол психологиялық жағынан өлімге дайын болғандықтан тез қайтыс болады. Ал  о дүниеге сенбейтін атеис болса өмірмен мәңгі қошайтысудан қорқып, тірлікті қимай ажалға ақыл-санасымен барынша қарсы тұрады. Оның ақыл-ой күші осылайша тез жан тапсыруыне мүмкіндік бермейді. Көп азап шегіп, әбден әурешілікке түсіп қалжыраған соң ғана ол көз жұмады. Және өлімі өте ауыр болады, әсіресе ажал алдындағы жан қиналысы қатты болады. Өтйкені, оның түсінігінше, өлім деген мәңгілік өшіп жоғалу, тіршілікпен мәңгілікке қош айтысу. Осыған орай, ол санасымен өлімге ең соңғы сәтке дейін қарсыласып бағады.

Өзін жан-рухпын деп санайтын адам ажалдан да, кәрілік пен аурудан да еш қорықпайды. Ол үшін өмір деген мәңгілік, ал өлім — бұл ұйқы сияқты. Кешкілік ұйқыға жатқан адам  ұйықтап жатқанда өзінің кім екендігін ұмытады. Ал таңертең оянған соң бәрі есіне түсіп, өмір қайта жалғасады. Бақи дүниеге сенетін тақуа жан үшін өлім деген ұйқы іспетті. Тәніңді тастадың, сосын өткен өміріңде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріңнің жемісі түрінде саған басқа тән беріледі. Бұның өзі тозған киімді ауыстырған сияқты. Ескі күртеңді тастап, жаңасын киіп алдың. Бар болғаны сол ғана. Егер ақыл таразысына салсаң, ескі киімді жаңаға ауыстырып кию — соншалық қорқынышты және қайғы-қасырет әкелетін іс пе? Жоқ, әрине.

Өзін мәңгілік жанмын деп түсінетін және өзін ет пен сүйектен жаратылған ертең өлген соң мәңгі жоғалатын тәнмін деп санайтын адамдардың көзқарастары ғана емес, өлімді қабылдау жағдайлары да екі түрлі болады. Атеис үшін ажал деген мына фәни жалғаннан, бар жиған-тергені мен көрер қызықтарынан мәңгіге айырып, қаратүнекке құлататын қорқынышты құбыжық іспетті. Соған орай, бақи дүниеге сенбейтін пенде ажал жақындаған сайын қорқыныш пен үрейге бой алдырып, қайтсем өмірімді аз болса да созамын деп жанталасады. Ондай жанның өлімі өте ауыр болады және ұзаққа созылады.

Ал бақи әлемге сенетін жан ажалды өзге әлемге енгізетін есік іспетті қуанышты көңіл күймен, үлкен үмітпен қарсы алады. Олардың өлімі жеңіл және жылдам болады, тәндерінің ауырғанын сезбей де қалады. Ежелгі веда қоғамында касталық жүйеге негізделген варнашрама дхарма жүйесі болған. Сол жүйеге сай адам өмірінің 4 кезеңі болады: брахмачари аталатын кезеңде адам оқып, білім алады, ал грихастха кезеңінде үйленіп, отбасылы болады, содан кейін егде жасқа жеткен соң ванапрастха кезеңінде белсенді жұмыстан бас тартады, ал өмірінің соңғы кезі саналатын санняса кезеңінде дүниені түгел тәркі етіп, о дүниеге дайындалады. Санняса кезеңіне жеткен бір кісі отбасын тастап, жападан жалғыз орманға барып, рухани практикамен айналысады. Күндіз-түні Құдайға құлшылық етіп, о дүниеге дайындалады. Ол көп ұзамай самадхи аталатын күйге еніп, өзінің тән емес жан екендігіне толық сенеді. Осындай көңіл күйде бір күні тәнін тастап шығады, яғни қайтыс болады. Тәнінен шыққан ол ағаш түбінде жатқан денесін құрт жеген әбден азып, арықтаған қарт кісінің мүрдесін көреді. Абайлап қарағанда ғана ол бұның өз тәні екендігін сезеді. Осылайша, әлгі адам өзінің тәнінің ауырғанын, тіпті құрт жеп жатқанын да мүлдем сезбеген.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика