Жаратқан туралы не білеміз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кеңес заманында адамдардың тоқсан пайыздан астамы құдайсыз атеистер еді. Қазір керісінше болып тұр. Мешіттер қатары уақыт өткен сайын көбейіп, дінді ұстанатындар саны артуда. Басқаны былай қойғанда, тіпті мектеп жасындағы балалардың арасында намаз оқып, ораза ұстайтындар аз емес. Дегенмен де, діндарлар қатары көбейгенімен, шынайы діннің не екенін түсінбейтін, яғни надан жандар да өте көп.

Құдай туралы сұрайтын уақыт келді

Сіз кез келген имам-молдадан Алла туралы сұраңызшы, жарытып ешқандай толымды жауап ала алмайсыз. «Алланың мекені, тұрпаты жоқ, Ол ешкімге ұқсамайды, Оны ақылмен түсіну мүмкін емес» деген сияқты бұлыңғыр бұлдыр жауапты ғана естисіз. Одан сіз де, айтып тұрған имам-молда да ешқандай түсінік ала алмасы анық. Ал өзіміз құлшылық етіп жүрген Құдай туралы ештеңе білмесек, онда Оған қалай сеніп, құлшылық ете аламыз?

Қасиетті Құранда да, Інжіл мен Тәуратта да Жаратқан туралы толымды және жан-жақты ақпарат жоқ. Сонда өзіміз өмір бойы құлшылық ететін Құдай туралы білімді қайдан алуға болады? Веда ілімінің шыңы саналатын Шримад Бһагаватам кітабы «Құдай туралы сұрайтын кез келді» деген сөзден басталады. Бұл кітап басынан аяғына дейін Құдай жайында әңгіме етеді және одан Жаратқанның барлық сыйпаттары жайында толымды да жан-жақты түсінік алуға болады.

Құдайдың мекені жоқ па?

Ислам дінін ұстанатын діндарлардың түсінігінше, Алланың мекені де, тұрпаты (формасы) да жоқ. Құдайды мекенсіз, жалпақ тілмен айтқанда БОМЖ жасау кімге қажет болды? Алланы мекенсіз және тұрпатсыз ету арқылы біз Оның қадір-қасиетін төмендетіп, Оны адамдарға газ немесе ауа сияқты тұрпаты да, аяқ-қол, ақыл сияқты сезімі де жоқ, мекенсіз бос кеңістік іспетті бірдеңеге айналдырып алғанымызды сезбейтіндейміз.

Мұсылмандардың бәрі Мұхаммед пайғамбардың бір түнде көкке көтеріліп, Алламен жүздескенін жақсы біледі және оған кәміл сенеді. Сонда осы оқиғаға қатысты мынадай түсініксіз жай алдымыздан шығады. Пайғамбар көкке көтерілгенде тұрпаты, мекені жоқ Алламен қалай жүздесті? Газ немесе ауа іспетті көзге көрінбейтін әлденемен жүздесуге, сөйлесуге бола ма? Бұның өзі ақылға сыйымсыз іс қой.

Пайғамбар Алланы көзімен көрді және ауызекі сөйлесті. Солай ғой. Ал көзбен көріп, аызбен сөйлесу үшін Алланың тұрпаты болуы тиіс. Сондай-ақ, кез келген мұсылманнан «өлген адам Алламен жүздесе ме?» деп сұрасаңыз «иә» деп жауап береді. Өлген адам Алланы көріп, жүздеседі дейді. Тұрпатсыз Алламен сонда қалай жүздесеміз?

Кез келген өзін өзі сыйлайтын ақыл-есі дұрыс адамның мекені болады. Ол туып өскен жері, қазіргі тұратын орны, басындағы баспанасы. Ал мекені жоқ адамды жұрт БОМЖ деп атайды. Яғни, тұрғылықты мекен-жайы жоқ қаңғыбас деген сөз. Біз Алланы сондай мекен-жайсыз қаңғыбасқа айналдырдық па? Мекен-жайсыз Алла пайғамбарды не үшін көкке көтерді? Одан да Жерге Өзі түсе салмады ма? Ал көкте далада кездесті ме, әлде көркем ғимараттың ішінде жолықты ма?

Шримад Бһагаватамда да, Бһагавад Гитада да Жаратқан Өзінің мәңгілік мекені жайында Өз аузымен айтады. Рухани немесе бақи әлем аталатын ол әлемде бәрі де мәңгілік. Онда туу, ауру, өлу, кәрілік деген атымен жоқ. Онда күн сияқты жарықтандырып тұратын жұлдыз да жоқ, бәрі Алланың нұрымен жарқырап тұрады. Онда уайым-қайғы, кедейлік, тауқымет, зорлық-зомбылық деген де жоқ. Онда барша тіршілік иелері жалғыз іспен айналысады: бәрі Жаратқанға махаббатпен беріліп қызмет етеді. Ол әлемнің тұрғындары Жаратқанға қызмет етуден басқа ешнәрсемен айналыспайды. Егін екпейді, мал бақпайды, өнім өндірмейді, соғыспайды, ұрысып-керіспейді. Тіршілік иелерін Құдайға құлшылық етуге ешкім, ешқандай күш мәжбүрлемейді. Алланың ең құдыретті сыйпаты – Баурап алушылық сыйпаты барша тіршілік иелерін күндіз-түні Өзіне махаббатпен қызмет етуге ынталандырады. Тіршілік иелері Құдайға қызмет етуден ешқашан жалықпайды, шаршамайды. Олар бұл әрекеттен шексіз қуаныш пен жан рахатын табады және ол рахат барған сайын көбейе береді. Оның шегі де, шеті де жоқ. Ол мәңгілік.

Міне, Алланың мәңгілік мекені осындай. Ал туу мен ауру, кәрілік өлім атты қашып құтылмас дерттер көлеңке сияқты ізіңнен қалмайтын фәни әлемде тұратын тіршілік иелерінің бақи әлемдегі Алланың мәңгі қызметшілерінен ерекшелігі сонда: олар Жаратқанның Баурап алушы сыйпатын сезінбейді, сондықтан Аллаға ынтамен, махаббатпен құлшылық ете алмайды. Олар тіпті, Алланы дұрыс танымайды да, Ол туралы ешқашан ойланбайды. Пенделердің құлшылығы көз алдау үшін жасалатын коммерциялық сыйпаттағы әрекетке ұқсайды. «Мен Саған құлшылық еттім, намаз оқып, ораза ұстадым, енді соының ақысына Сен мені жұмаққа кіргізіп, тән рахатына кенелдір» -деген мазмұндағы коммерциялық шартпен күн кешетін пенделер үшін Алланы танып, білудің ешқандай да қызығы жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика