515 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

кармаЕгер сіз заңды біліп немесе білмей бұзсаңыз, міндетті түрде оның теріс салдары болады. Ұсақ-түйек заңды бұзсаңыз  әкімшілік жауапқа тартылып, аздап айыппұл төлеумен құтылсыз, ал ауыр заң бұзушылыққа жол берсеңіз  қылмыстық жауапқа тартылуыңыз мүмкін. Яғни, заң бұзу қай жағынан болса да міндетті түрде жауапкершілікке ұшыратады. Ал, Жаратқанның заңын бұзсаңыз, онда да сіз міндетті түрде  бұзушылық деңгейіңізге орай жауапкершілік арқалайсыз.

Заңды сыйлайтын адам тыныш тірлік кешеді

Заңды сыйлап, оны сақтайтын адам әдетте жайлы, тыныш тірлік кешеді. Ал заң шегінен сәл аттадыңыз екен, сіз құқық органдары тарапынан қуғын-сүргінге ұшырап, жауапқа тартыласыз. Менің жасым биыл міне, алпысқа толады. Осы уақыт ішінде ешқашан айықтырғышқа, қамау изоляторына, түрмеге түсіп көрмеппін. Құдай оның бетін аулақ қылсын, ешқашан құқық органдары тарапынан қылмысқа қатысты тергелмеппін де.

Республикалық «Заң газетінің» тілшісі ретінде талай рет сот процестеріне қатыстым. Өмірінің көбін түрмеде өткізіп келе жатқан, заңды бұзбаса жүре алмайтын адамдардың талайын көрдім. Ондайлар тіпті, түкке тұрғысыз теріс әрекеттері үшін қайта сотталып жатады. Өмірлерін  тар қапаста өткізіп жатқан бұл бейбақтардың дұрыс кәсіби білімдері, материалдық игіліктері жоқ. Отбасы, үй-жайы жоқ ондайлар түрмеден шыға сала тағы бір теріс әрекет жасап, тағы сотталып кете барады. Осылай жалғаса береді.

Яғни, ондай жандарда дұрыс өмір болмайды. Болуы мүмкін де емес. Бұдан мынадай қортынды жасауға болады: егер бейбіт, тыныш және дұрыс өмір сүргің келсе, онда заңды бұзба.

Жаратқанның заңын бұзу адамға тауқымет әкеледі

Мына өзіміз өмір сүріп жатқан мемлекеттің заңын бұзсақ, жауапқа тартылатынымыз сияқты, Жаратқанның заңын бұзу да міндетті түрді жауапкершілікке ұшыратады. Ол жауапкершілік бәзбіреулер айтатындай өлген соң қияметтің соты түрінде ғана келмейді, осы дүниеде де түрлі тауқыметтер әкеледі.

Сіз жан-жағыңызға қарап көріңіз: барша дүние қатаң сақталатын заңдылықтар мен реттіліктер бойынша өмір сүруде. Күн белгілі уақытта шығып, батады, күндіз бен түн, жыл мезгілдері қатаң заң бойынша ауысып отырады, жан-жануарлар, өсімдіктер, адам – бәрі белгілі табиғат заңдарына бағынады. Бұның бәрін кездейсоқтық деу ЕСУАСТЫҚ. Яғни, барша табиғатты басқарып тұрған ЖОҒАРЫ САНА, яғни ЖАРАТҚАН бар.

Қасиетті Құранда «Кімде де кім біреуге залал жасаса, өзіне жасағаны, біреуге жақсылық жасаса өз пайдасына жасағаны. Жамандық жасаған адамға сонша жамандық бар, жақсылық жасағанға да сонша жақсылық тиесілі. Әрнәрсеге Алланың күші басым» деген аят бар. Яғни, Алланың заңы мынадай: егер сіз біреуге жақсылық жасасаңыз, міндетті түрде сонша жақсылыққа ие боласыз, ал жамандық  жасасаңыз, сонша жамандыққа ұшырайсыз. Бұл – АҚИҚАТ.

Ал осы заңды білмей немесе оған мойынсұнбай қалауыңызша әрекет жасайтын болсаңыз, онда Жаратқанның осы заңына сай жауапқа тартыласыз. Егер теріс жолды мақсат етіп, өзгелердің есебінен байлыққа, билікке, игілікке жетемін деп алаяқтықпен, зорлық-зомбылықпен, ұрлықпен айналыссаңыз, жасаған теріс әрекеттеріңіздің мөлшеріне сай міндетті түрде жазаға тартылып отырасыз.

Қылмыскер неге шалқып тірлік кешеді?

Осы арада көп адамдардың көкейіне күмән салатын мынадай сауал туындауы мүмкін: Алланың заңы бар дейік, жә дұрыс-ақ, бірақ қылмыс жасап, жемқорлықпен айналысып жүрген кейбіреулер шалқып өмір сүріп жатыр ғой. Неге оларды Алла жазаламайды?

Алланың заңы адамның заңынан басқалау әрекет жасайды. Бұл жайында ведалық ғылымға негізделген Шримад Бхагаватамда жан-жақты жазылған. Адамның өткенде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне орай Алла оның қазіргі жасаған әрекеттерінің салдарын жедел немесе кеш беруі мүмкін. Бұл жайында Құранда «Егер Алла сендердің жасаған әрекеттеріңнің салдарына орай жазалар болса, онда  сол сәтінде ажалдарың жеткен болар еді» делінген. Яғни, Алла адамдардың жасаған теріс әрекеттеріне түрлі себептерге орай кеңпейілдік танытып, түзу жолға түсуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп, қаншалықты теріс әрекеттер жасап жатса да, жазасы келмейді. Сырт қараған адамға ол «әділетсіздік» сияқты көрінуі мүмкін.

Десе де, әрбір пенде өзі жасаған жақсы-жаман әрекеттерінің салдарын түптің түбінде міндетті түрде 100 пайыз тартатын болады. Бұл – АҚИҚАТ. Сондықтан, қазір жаман әрекет жасай жүріп, жазаға тартылмадым деп қуанудың еш жөні жоқ. Ол жаза кештеу келуі және сіз күткендегіден әлдеқайда ауыр болып келуі мүмкін. Жер бетінде қазір 7,5 миллиардтай адам бар екен. Солардың бір де бірі өздерін ертеңгі күні не күтіп тұрғанын білмейді. Ажал ма, ауру ма, басқа да бақытсыздықтар ма – біздің ешқайссымыз ондайдан 100 пайыз аулақпыз деп кепілдендірілген емеспіз. Мейлі қаншалықты бай, атақты адам болсын, мемлекет басшысы болсын – кез-келген пенде өзін не күтіп тұрғанынан бейхабар және өздерін ешқашан толыққанды қауіпсіз сезіне алмайды. Сондықтан, ең дұрысы Алланың заңына бағынып, сол заң аясында өмір кешу. Сонда біз екі дүниенің де игілігінен үмітті боламыз.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика