170 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Голливуд кинокомпаниясы түсірген жер бетін жасанды интеллект – роботтар жаулап алып, адамды ығыстырғандығы, адамдар мен роботтардың арасындағы бітіспес соғыс туралы фантастикалық фильм бар. Қазіргі осы саладағы өзгерістер жасанды интелекттің ақырындап адамдарды көптеген салаларда ығыстырып бара жатқандығын көрсетеді. Әзірге олар адамдардың көмекші досы қызметін атқаруда. Бірақ кім біледі, бәлкім болашақта голливудтық кинокомпания түсірген фантастикалық картинадағы сияқты адамдардың қас жауына айналып кете ме – оған еш кепілдік жоқ.


Жоғалып бара жатқан мамандықтар

Елбасы Н.Назарбаевтың осыдан бірнеше жыл бұрынғы ел халқына арнаған бір Жолдауында таяудағы онжылдықта қазіргі қолданыстағы мамандықтардың жартысы жойылып кететіні туралы айтқаны бар. Елбасының айтқан сол сөзі қазір ақырындап шындыққа айналып келеді. Қазір жасанды интелекті көп салалардан адамдарды ығыстырып, солардың орнын басуда.

Мәселен, бүгінде көптеген дамыған елдерде жүк салынған контейнерлерді тиеп, түсіру жұмыстары түгел дерлік автоматтандырылған. Онда автоматтың жұмысын қадағалайтын бірнеше адамнан басқа ешкім жұмыс істемейді. Ал жағажайларда, әуежайларда, теміржол тұйықтарында күндіз-түні тынбай контейнерлерді түсіріп, тиеп жатқан жұмыстардың бәрін жасанды интелект жүзеге асырады.

Шет елдерде ауладағы шөпті шабатын роботтар күнделікті қолданылатын құрал сияқты саналып кеткелі қашан. Қазір бөлмелердің ішін тазартатын робот-шаңсорғыштар шықты. Оны бөлменің аумағына қарай алдын ала программалап қойсаңыз болды, өзі үйді тазартып шығады. Дамыған елдердегі «ақылды үйлерде» қолданылатын барлық құралдар жасанды интеллектке негізделген. Тіпті, кейбір үйлер күн көзіне қарай автоматты түрде бұрылып, айналып тұрады екен. Үйде тұрақты жылу температурасын сақтау, есік-терезелерді ашып-жабу, жарықты жағып, сөндіру сияқты жұмыстардың бәрін адамның қатысуынсыз  жасанды интелект атқарады.

Міне, осыған орай ендігі уақытта бақуатты отбасылары бұрынғыдай ақша төлеп үй күтушіні ұстамайды, жағажайлар мен әуежайлардағы, теміржол тұйықтарындағы жүк түсіретін орындарда ондаған, жүздеген жүк түсірушілердің енді қажеті жоқ. Ал соңғы кезде даяшы-роботтар сатуға шығарыла бастады. Бұндай роботтар мейрамханалар мен дәмханаларда клиенттерге қызмет көрсетіп, қожайынның  даяшы ұстап, ақша төлеу ауыртпалығынан құтқарады.

Соңғы жылдарда Ехселдің «бухгалтерия» деген программасы шығарыла бастады. Оны меңгерген адам арнайы білімсіз-ақ кез-келген бухгалтериялық есептерді оңай дайындай алады. Ал сайттардан дайын мақалаларды алып, өңдеп, оның ерекшелігін (уникальность) 90 пайыздан асыратын синонимайзер программасы журналист мамандарын да ығыстырып, қажетсіз етіп тасау қаупі бар. Электрондық кітаптар, электрондық журналдар, түрлі ақпараттық сайттар мен порталдардың көбеюі қағаз өнімдерін шығаратын баспахана қызметіне деген сұранысты мүлдем азйтып жіберді. Осылай жалғаса берсе, болашақта баспа қызметі толайым жойылып кетуі мүмкін.

Биіктен видеоларды түсіретін дрондар, әуеден соққы беретін ұшқышсыз ұшақтар, түрлі төлемдерді қабылдайтын терминалдар мен банкоматтар – осындай адамның қатысуынсыз әртүрлі қызметтер көрсететін құралдар өмірімізге жыл санап көптеп еніп келеді.

Қажетсіз болып қалғыңыз келмесе

Жыл өткен сайын жасанды интелектті жасайтын технология бас айналдырар шапшаңдықпен дамып барады. Сөйтіп, жасанды интелект көп салалардан адамдарды ығыстырып шығарып, соның салдарынан қанша жыл оқып алған кәсіби білімі мен мамандығы қажетсіз болып қалып жатқандар бар. Күні кеше үлкен сұранысқа ие мамандықтар бүгін мүлдем керексіз болып қалуда. Сонда не істеу керек?

Бүгінде әр облыс орталығында, ірі қалаларда қаптаған университеттер, колледждер бар. Оларды жыл сайын мыңдаған жастар бітіріп жатады. Әрине, қазір оқудың тегін еместігін, ол үшін біраз ақша төлеу қажеттігін ескерсек, күні ертең керексіз болып қалатын мамандық алу үшін сонша уақытыңызды, ақшаңызды сарып қылудың еш пайдасы жоқтығы белгілі. Сондықтан, оқуға барып, мамандық таңдамас бұрын алдымен қандай мамандыққа қаншалықты сұраныс бар, оның болашағы қандай деген мәселелерге назар аударып алған жөн болады.

Мәселен, қазіргі ең үлкен сұранысқа ие мамандықтар қатарында программа жасаушылар, аналитиктер, маркетологтар, дизайнерлер сияқты мамандықтар бар. Бұндай мамандықтарды сіз миллиондаған ақша шығарып жоғары оқу орындарында бес-алты жыл оқымай-ақ, небары 500-600 мың теңгеңізді жұмсап 7-8 айлық курстарда оқып ала аласыз. Ондай курстар теориялық білім ғана емес, нақты практикамен айналысып, сол мамандықтың қыр-сырын толық игеруіңізге жағдай жасайды және арнайы сертификат береді.

Сонымен бірге аспазшы, мұғалім, дәрігер, психолог сияқты мамандықтар да ешқашан сұраныстан түспейді. Жалпы, жастарға мамандық таңдар алдында ол мамандықтың болашақтағы қажеттілігіне, сол саладағы жасанды интелекттің ықпалына жақсылап назар аударып алғаны жөн болады дер едік. 

Интернеттен ақша табу, инвестиция, халық емі, қашықтан жұмыс істеу, т.б. тақырыптарға байланысты барлық пайдалы ақпараттарды түгел бір сайттан - PAIDALY AQPARAT сайтынан таба аласыз. Сайтқа мына сілтеме арқылы кіріңіз: https://seixun.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика