Жын деген кім және олар туралы не білеміз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қасиетті Құранда «Жын» деген сүре бар және жын нәсілінің болатындығы, олардың көбінің дін жолынан шығып, күнакарлыққа салынғаны туралы айтылады. Жын деген арабтың «тылсым, көрінбейтін» деген мағынадағы сөзі екен. Құранда айтылған аяттар мен Пайғамбардың хадистерінен, сахабалардың айтқан сөздерінен белгілі болғанындай, жын адамзат әлеміне параллель өзге әлемде өмір сүреді және олардың бойында тылсым қасиеттер бар.

Жын әлемі

Адамзатпен параллель өзге әлемде тірлік кешетін жын бойларындағы тылсым қасиеттерінің көмегімен адам әлеміне жиі өтіп, оларға өз мүдделеріне сай әсер етіп отыратындығы туралы түсінік бар. Құранда «аса алдаушы» аталған сайтан да жын нәсілінен. Жындардың арасында да адам сияқты мұсылман, христиан сияқты дәстүрлі діндер болады екен. Жындардың арасында дін жолын ұстанатын имандылары да бар болатынға ұқсайды.

Арабтардың «Мың бір түн» ертегісінде жындарға қатысты біраз әңгімелер бар. Оның бәрін ойдан шығарылған ертегі деп қабылдауға келмес, өйткені онда жын әлемі туралы жан-жақты және толымды түсініктер берілген.

Мәселен, «Хасан зергер туралы әңгіме» дегенде жын патшасының қызына ғашық болып, оның үстіне киген құс киімін қолға түсіру арқылы мәжбүрлеп, үйленген араб жігіті туралы айтылады. Бірде құс киімін айламен қолына түсірген әйелі екі баласын алып, ұшық ғайып болады. Әйелі мен балаларын іздеген Хасан көп бейнетпен жын еліне жетіп, оларды қайтарады. Әңгімеде жын елі туралы жан-жақты айтылады. Ондағы салтанатты сарайлар, сәнді шаһарлар әсерлі суреттеледі.

Қазақтың бақсылары да жын әлемімен байланысып, жындармен дос болған деседі. Сондай бір бақсылардың бірі жын еліне тап болғаны, онда патшаның қызымен көңіл қосқаны туралы өз аузымен айтқан әңгімесі сақталған. Қазақтың «Ер Төстік» аңызында перінің қызы Бекторының Ер Төстікке ғашық болып, оны қолына түсіргісі келгендігі жайында айтылады.

Адам мен жынның байланысы

Сүлеймен патша жындарды бағындырып, оларға әмірін жүргізгендігі туралы аңыз әңгімелер өте көп. Қазақтың бақсы-балгерлері көбіне жынға арқа сүйеп, солардың көмегімен тылсым нәрселер жасап отырған. Қазақтың бір бақсысына таныстары әзілдеп қобызыңызды бәйгеге қоссаңыз қайтеді дейді. Өзін мазақ еткісі келгендерге жауап ретінде әлгі бақсы шынында да қобызын дүбірлі бәйгеге қосады.

Ол межелі жерден ат басын жібергенде сол маңда өсіп тұрған сексеуілге қобызын байлатып қояды. Мәреге сексеуілді тамырымен қопарып жерден сәл-пәл биікте ұшып келе жатқан бақсының қобызы бірінші болып жетіп, жиналғандарды таң-тамаша етеді.

Бақсылар жынның көмегімен түрлі ауруларды емдеп, көріпкелдік жасап, басқа да таңғажайыптар көрсеткен. Олар көбінесе кепшік немесе қобызды көмекші құрал ретінде пайдаланады екен. Кейін ислам діні келген соң дуа жасау арқылы, адамға түрлі залал келтіретін сыйқыршы дуақанттар шықты. Олар да көбіне сол жынның көмегіне арқа сүйеген.

Адамның санасына тікелей әсер ететін көзге көрінбейтін жын түрлі жиянды әрекеттерін жасайды. Құлағыма дыбыс келеді, ол былай деді дегенді айтатын адамдар қазір де аз кездеспейді. Бұл да жынның адамға тигізетін әсерінің бірі. Ал ақылға сыймайтын қатыгез әрекеттер жасаушылардың бәрі дерлік жынның азғыруымен жасайтынын қазіргі ғылым мойындамайды. Дегенмен, оны дәлелдейтін айғақтар аз емес.

Әйелі мен екі баласын өлтірген, төрт-беске жаңа келген қыз баласын зорлағап, содан кейін тұншықтырып өлтірген өмір бойына түрмеде отыру жазасына кесілген адам бұл әрекетін қалай жасағанын өзі де білмейтінін айтады. Оның айтуынша, жұмыстан шаршап келген, аздап арақ ішкен қызулы екен. Әйелі соған ренжіп әлдене айтады, кішкентай бала жылайды. Осы оның жынын қоздырып жіберген секілді. Ашуға берілген жігіт әйелін балталап өлтіреді де, кішкентай тетелес өскен екі бүлдіршін қыздарын зорлайды, содан кейін қылқындырып өлтіреді. Бұл әрекетін ол кейін не үшін жасағанын өзі білмейтінін айтқан.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика