16 073 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Қасиетті Құранда сиқырды Бабыл қаласының тұрғындарына екі періштенің үйреткені, бірақ адамдардың кейін келе оны теріс мақсатта қолданып кеткендігі жайында аяттар бар. Дуалау барлық дәстүрлі діндерде, тіпті пұтқа табынатын тағы тайпаларда да кездеседі. Дуалау жалғыз мақсатпен: өз мүддесіне сай басқаларға залал тигізу үшін жасалады. Сондықтан да болар, дуалау, сиқыр деген дәстүрлі діндердің бәрінде ауыр күнә саналып, айыпталады.

Дуалаудың адамға әсері қандай?

Дуалаған адамның ойына алған мақсатына сай дуаулаудың түрі сан алуан және тигізетін әсері де әрқалай болып келеді. Мәселен бір еркек өзіне ұнаған әйелге дуа жасатып, өзіне қаратады. Қызығы сол, бұрын көзіне де ілмейтін әйел дуа жасатқаннан кейін әлгі еркекке өлердей «ғашық» болады. Енді оны көрмесе тұра алмайтын күйге түседі.

Ерлі-зайыптыларды ажырату мақсатында жасалатын дуалар да бар. Бұны еркекке немесе оның әйеліне ынтық басқа адамдар, сондай-ақ, келінін ұнатпай, ұлын одан ажыратып алуды көздеген ата-ене жасауы мүмкін. Дупалаған соң-ақ бұрын тату-тәтті тұратын ерлі-зайыптылардың арасынан қара мысық өтіп, ұрыс-керіс басталады, ақыры ажырасуға жеткізеді.

Өзі жеккөретін немесе өзіне жамандық жасаған адамнан кек алу мақсатында жасалатын дуалар да бар. Бұндай дуа адамның жолын жауып, басына қырсық айналдырады немесе түрлі дертке ұшыратып, тіпті ақыл-есінен айырып жындыға айналдыруы, одан қалды дуаның күшінен қайтыс болуы мүмкін.

Дуа қалай жасалады?

Қазақтар «дуақант» деп атайтын дуа жасаушылар ел арасында бұрыннан болған. Ондай адамдар әдетте намаз оқымайды, иманнан аулақ болады. Ақша, дүние үшін кім көрінгеннің өзгелерге залалын тигізетін жаман әрекеттеріне жол ашатын дуа жасап, сонымен күн көреді.

Дуа кәдімгі тұмар сияқты қағзғаа жазылып, матаға салынып тігіледі. Дуа жасатқан адам әлгі тұмарды құрбандығының жастығына, көрпесіне немесе киімінің астарына білдірмей салып қояды. Яғни, ол әлгі дуамен үнемі жанасып жүруі тиіс. Сонда оның әсері болмақ.
Ал тұмар емес, қағазға жазылған дуаны суға езіп, соны құрбандығына ебін тауып ішкізетін жайлар да кездеседі. Бұндай жағдайда дуаның әсері өте күшті болмақ.

Дуадан қалай сақтануға болады?

Егер сіз біреулерден дуа жасауы мүмкін деп күдіктенсеңіз, ол адамнан аулақтау жүруге, араласпауға тырысқаныңыз жөн. Үйіне барып қолынан тамақ, сусын ішпеңіз. Киіміңізді, төсек-орныңызды әредік қарап, тексеріп отырғанның артықтығы жоқ.

Бала кезімізде қазіргі Бішкек қаласында тұратын бір апайымыз болды. Ол кісінің кейде құс келіп, қайтар кезде қозып кететін ауруы бар-тын. Ақыл-есін білмей есінен айрылып қалады. Ертеректе дуа жасатыпты дегенді еститінбіз. Сол кісінің аузынан мынадай әңгіме естідім. Келін болып жаңа түскен кезі екен. Бір күні ол жастығының арасынан тұмар сияқты тігілген нәрсе тауып алады.

Дуалайды дегенді аздап естіген ол әлгіні отқа салып жағып жіберіпті. Содан кейін-ақ, құстар келіп, қайтар кезде ақыл-есінен айрылып, ауыратын болады. Мұны одан естіген бір үлкен кісі «бекер жасаған екенсің, дуаны отқа салсаң, ол өршіп кетеді, ал суға салғаныңда жасып, күші әлсірейтін еді» депті.

Дуалаудан сақтанудың ең сенімді әдісі – шариғат жолымен жүріп, имандылықты серік ету. «Құдайдың еркінсіз қурайдың басы да қимылдамайды» деген сөз бар. Бәрі Алланың еркімен болады. Егер сіз Жаратқанға сеніп, дін жолымен жүрсеңіз, бес парызыңызды дұрыс орындасаңыз, онда Алланың сізді пәле-жаладан сақтайтыны анық. «Аққа құдай жақ» дейді қазақ. Иманды адамға пәле-жала жуымайды.

Сондықтан, дуалау деп аталатын кесапаттан аман болғыңыз келсе, ең алдымен Аллаға жүзіңізді бұрып, имандылықты серік етіңіз.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика