560 көрілім

ақиқатБүгінде екінің бірі діндар болып алды, намаз оқиды, ораза ұстайды, сақал қойып, үсті-басын қара матамен бүркеп жүретіндер көбейді. Олардың бәрі өздерін діндармыз деп санайды. Тіпті, күн сайын Сирия, Ирак, Ауғанстанда бірін-бірі өлтіріп қырып жатқандар да өздерін мұсылманбыз және мұны ислам діні үшін жасап жатырмыз деп кәміл сенеді. Сондай әсіре діндарлар біздің елімізде де бар. Олар Ақтөбеде биыл маусымда біраз жазықсыз адамның қанын төкті. Және осы қылмыстарын ислам діні үшін жасап жатырмыз деп іштей нық сенді. Мұның бәрі НАДАНДЫҚТАН. Мен сізге ең тылсым, ең құдыретті ілімді сыйға тартамын. Ол менің  бүгінде қарасы көбейіп кеткен жалған пайғамбарлар сияқты ойдан шығарған өз дінім емес. Ол қасиетті кітаптар (жалғыз кітап, яғни жалғыз Құран емес) арқылы Алладан берілген АҚИҚАТТЫ сіздің назарыңызға қаз қалпында ұсынамын. Қабылдайсыз ба, жоқ па, ол өз еркіңіздегі шаруа. Сонымен….

Адам өмірінің мәні неде?

Мен кіммін, не үшін бұл дүниеге келдім, өлгесін қайда барамын, өмірімнің мәні неде? деген мәні терең сауалдарға жауап іздеп көрдіңіз бе? Бұл сауалдарды сіз дінсіз атеис ғалымдарға қойып, ешқашан тұшымды жауап алмасыңыз анық. Ондайлардың айтқан «жарқын болашақ, ертеңгі ұрпақ үшін тірлік кешу керек» деген сияқты өзге түгілі өздері де сенбейтін сандырақтары мына терең мәнді сауалдарға толымды жауап бола алмайды.

Бұл сауалдардың жауабын сіз тек қасиетті кітаптардан ғана таба аласыз. Мәселен, Құранда «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» дейді. Мұны айтып отырған кім? Білесіз бе? ҚҰДАЙ. Иә, оны арабтар Алла, христиандар Христос, буддашылар Будда, индустар Кришна дейді. Мәселен, атында емес. Мәселенің бар мәні – затында, яғни, Ол барша әлемнің ӘМІРШІСІ, ЖАРАТУШЫСЫ, ИЕСІ. Бұл – АҚИҚАТ.

Ал сол барша әлемнің ИЕСІ бізден не тілейді? Біздің Өзіне құлшылық етуімізді. Құранда бұл аққа қара жаққандай етіп анық айтылған. Ал Бһагавад Гитада Кришна «Мына дүние менің ажырамас құрамдас бөлшектерім, яғни бәрі менікі» дейді. Құран мен Бһагавад Гитаның осы екі аяты бірін-бірі толықтырып, мақұлдап тұр.

Қасиетті кітаптардың осы екі аятынан ұғарымыз: адам баласын Алла Өзіне құлшылық етуі үшін ғана жаратқан екен. Яғни, АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘНІ – АЛЛАҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ. Басқа түк те емес. Сіз үйленіп, бала-шағалы, немере-шөбере-шөпшек сүйіп, жүз, тіпті мың жасайсыз ба, артыңызда мыңдаған кітап, милииардтаған доллар ақша, шексіз байлық, салтанатты сарайлар қалдырасыз ба, қала салып, ғылыми жаңалық ашып, атағыңызды аспандатасыз ба – бәрібір ОЛАРДЫҢ ҚҰНЫ КӨК ТИЫНҒА ТАТЫМАЙДЫ. Бұл – АҚИҚАТ.

Христиан дінінің негізін салушы Иса пайғамбардың: «барша әлемді жаулап алғаннан не пайда, егер сен мәңгілік жаныңды жоғалтып алсаң» деген сөзі бар. Мына фәни жалғанды ЖАЛПАҒЫНАН БАСЫП, қандай мақсаттарға жетсең де, оның КӨК ТИЫНДЫҚ ҚҰНЫ БОЛМАЙДЫ. Жалғыз құны бар нәрсе бар: Ол – АЛЛАҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ. Бұл – «екі жерджегі екі – төрт» дегендей даусыз ақиқат. Егер сіз қарапайым осы АҚИҚАТТЫ түсінбесеңіз, онда ЕКІ ДҮНИЕДЕ ДЕ ИГІЛІКТЕН ҚҰР ҚАЛАСЫЗ. Бұл да  – АҚИҚАТ.

Енді осы бес жастағы балаға да түсінікті қарапайым, өте ұғынықты ақиқатты ой таразысына салып, бағамдап байқаңыз. Мен мұны әлдекімдер сияқты өз ойымнан шығарып айтып тұрғаным жоқ. Ол қасиетті ҚҰРАННЫҢ, ол қасиетті БҺАВАД ГИТАНЫҢ сөзі, яғни АЛЛАНЫҢ СӨЗІ. Алланың сөзін ақиқат деп мойынсұнсаңыз, онда ӨМІРДІҢ БІРДЕН БІР МӘНІ – ҚҰДАЙҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ ЕКЕНІН ұғынуыңыз шарт . Бұл ақиқатқа барар жолдағы ең бірінші және ең МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ. Ал одан кейінгі қадамдар қандай, ол жайында алдағы уақытта  айтатын боламыз.

Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.  Біз бүгін алғашқы мақаласын жазып, бастаған «Тылсым ілім» айдарымен алдағы уақытта көптеген қызықты және өте құнды мақалалар жариялайтын боламыз. Ол сізге әлемдегі ең құнды және таусылмас қазына – ТЫЛСЫМ ІЛІМНІҢ есігін ашуға мүмкіндік береді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика