158 көрілім

кілтАлғашында әрине, сізде мол ақша тауып, бақуатты болсам деген қиял-арманнан басқа нақты жоспар болмайды. Сіз жоспар жасауға асықпаңыз, ақша туралы ойлаңыз, өйткені дәл сондай ой түйсігіңізге әсер етіп, ой-арман санаңызда орнығады. Сіз үшін ендігі міндет – дайын болу. Ақша табу жөніндегі идея жарық еткен жарық сәуледей, ынта түрінде өзі келеді. Сөйтіп сіз ынталаныңыз да, іске білек сыбанып кірісіңіз.

Ұсынылған алты ұсыныстың төртіншісін орындауға кіріскен кезіңізде (Тілегіңізді орындауға арналған нақты жоспар жасап, оны орындауға бірден кірісіңіз), Құдай үшін, салқынқанды ақылға сенім артпаңыз. Салқынқанды ақыл  жалқау ғана емес, егер оған толық иек артсаңыз, табиғатына сай сізге қызмет етуге емес, керісінше көңіліңізді қалдыруға бейім тұрады. Көзіңізді жұмып отырып ақшаны елестеткен кезіңізде, оны қайда, қандай мақсат үшін жұмсайтыныңызды да жоспарлап алыңыз. Міне, сонда ақша сізге келеді. Бұл өте маңызды.

Түйсік жұмысқа кірісті

Енді міне, өзін өзі сендірудің осы және өткен тарауларда сөз болған «алты ұстаныммен байланыса әрекет ету тәсілін баяндайтын уақыт жетті:

1 Оңаша орын тауып (ең дұрысы ұйықтар алдында төсекте жатып), көзіңізді жұмыңыз да ойыңызға алған мақсаттарыңызды дауыстап қайталаңыз. Егер сіз енді бес жылдан кейін 50 мың доллар жинап, онымен сауда бизнесін бастауды жоспарласаңыз онда бұны былайша баяндауға болады: «1 қаңтарда бес жылдан кейін менде 50 мың доллар ақша болады. Сол ақшаны тиімді сауда бизнесіне салып, жақсы табыс таба бастаймын». Бұл арада сіз қандай тауармен сауда жасайтыныңызды да нақты айтқаныңыз жөн. Бұл жаттығу сіздің сеніміңізді арттырып, көп ұзамай оған кәміл сенетін боласыз. Көзіңізді жұмған сәтіңізде ақша көз алдыңызға анық келіп тұра қалады. Ойыңызда жасалған ақша енді сізді нақты өмірде күтіп тұрады. Қалғаны – сол ақшаны алу ғана.

2 Бұл жаттығуды таңертең, кешке күнде қайталап отырыңыз, қашан ақша көз алдыңызға анық елестегенге дейін.

3 Жаттығу жасаған кезіңізде арман-тілегіңізді жазған қағазды көзге көрінетін жерге жақын қойыңыз. Мынаны есіңізден шығармаңыз: түйсігіңізді өзіңізді сендіру арқылы ғана басқаруға болады. Түйсік нық сенімге негізделген бұйрықты ғана орындайды. Осы орайда, сенім ең мықты және қуатты сезім органы екендігін айтқан артық болмас. Сондықтан, кітабымыздың «Сенім» тарауында айтылған жайларды әрдайым назарда ұстаңыз.

Алғашқы кездерде бұл ұсыныстар абстрактылы, ойдан шығарылған сияқты сезілуі мүмкін. Дегенмен, бұл сізді мазаламасын. Осы ұстанымды ұстанып, алға баса беріңіз. Уақыты келгенде алдыңыздан жаңа Әлем ашылады. Ол – Қуат Әлемі.

Біз өз тағдырымыздың қожасымыз

Жаңа идеяларға әрдайым сенімсіздікпен қарау адам баласының қанына сіңген қасиеті. Дегенмен, сіз осы кітапта айтылған идеяларды ұстанып, ереже-шарттарды іске асыруды тоқтатпаңыз. Сонда уақыт өте келе сенімсіздік нық сенімге айналады.

Көптеген философтар адам баласы өз тағдырының қожасы деп айтқанымен, неліктен бұлай екендігін дәлелдей алмады. Ал осы тарау бұл сауалдың нақты жауабын беріп тұрған жоқ па? Адам өз тағдырына, қоршаған ортаға ықпал ете алады, өйткені ол түйсігіне әсер ету қабілетіне ие.

Арман-тілекті нақыт ақшаға айналдыру өзін өзі сендіруді іске қоспай мүмкін болмайды. Өзін сендіру бұл түйсікті іске қосатын реле тәрізді.

Кітапта ұсынылған ұстанымдар мен ережелерді қабылдап, оны түйсігіңізге әсер ететін құрал ретінде пайдаланып  жұмыс жасаңыз. Мынаны есіңізге ұстаңыз: ақша жинап, оны пайдалануға құлшынуда түйсіктің өте маңызды қызмет атқаратынын ұмыытпаңыз.

Кітапты оқып болған соң осы тарауға қайта оралып, оны ойыңызға алған арманыңызды жүзеге асыратындығыңызға кәміл сенгенге дейін қайталап дауыстап оқып отырыңыз. Әр қайталаған кезде өзіңізге әсер еткен сөздің астын сыза назар аударыңыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика