Қандай ақпаратты пайдаланасыз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

интуиция21-ші ғасырды «ақпарат ғасыры» деп атап жүр. Қазір ақпарат көздері өте көп және ол қолжетімді болып алды. Бүгінгі техниканың жетістіктері ара қашықтықты, тілдік өзгешеліктерді түгел жойып, кез-келген ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Содан болар, ақпаратты тұтынушылар қатары еселеп өсуде. Біздің қандай ақпаратты тұтынатынымызға қарай, сана деңгейіміз соған сәйкес болады екен.

Адамдар неге ақымақтық жасайды?

Кеше бір телеарнадан банктің күзетшісі араққа тойып алып, қызмет бабын пайдаланып сейфті ашып, 300 мың доллардай ақшаны алып кеткені жайлы хабар көрсетілді. Өлердей мас ол ақшаны алып жұмысын тастап үйіне барып ұйқыға бас қойыпты. Оны ертеңіне құқық қорғаушылар бұлтарпас айғақпен, ұрлаған қомақты ақшамен қолға түсіреді. Арақ ішкен шерменде сөйтсе өзінің не істеп, не қойғанын білмепті. Бірақ оның «мас болып қалыппын» дегені дәлел емес, үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу абақтысына қамалған.

Мұндай есуастықты адамдар арақ ішіп те, ішпей сау жүріп те жасап жатады. Неге? Оның жалғыз себебі бар – адамның әрекеті сана деңгейіне байланысты. Сана деңгейі төмен пенде соған сай ақымақтық әрекеттер жасайды. Тіпті, ол жасағысы келмесе де, еріксіз сондай есуастықтар жасауға мәжбүр.

Сана деңгейін көтеруге бола ма?

Болады. Оның түрлі тәсілдері бар. Ең қарапайым және қолжетімді тәсілі туралы айтар болсақ, ол – алатын ақпаратымыздың сапасын жақсарту арқылы сана деңгейімізді көтере аламыз. Бұған мысал ретінде ара мен шыбынды алуға болады.

Ара да, шыбын да ұшады, сыртқы тұрпаты да бір-біріне біраз ұқсайды. Бірақ ара тек гүлге қонып, бал жинайды, ал шыбын нәжіс жағалап, сол нәжісте өмір сүретін өзі сияқты шыбындарды мыңдап дүниеге әкеледі және көрінген жерге қонып, ауру жұқтырғыш микробтарды таратуға ықпал етеді. Араның балы жесең тағам және мың дертке дауа. Ал шыбыннан көк тиын пайда жоқ, залалы шаш етектен.

Сол шыбын мен ара сияқты адамдар болады. Жақсылықты, имандылықты жүрегіне жинаған жандар айналасына жақсылық ұрығын сепсе, жамандықты бойына сіңірген пенде өзіне де, өзгелерге де залалын тигізумен болады.
Жақсы болу үшін адам жақсы ақпараттарды санасына сіңіруі қажет. Яғни, ара сияқты тек жақсы, пайдалы ақпараттарды оқып, санаңа тоқы. Ал жаман ақпараттарға үйір пенденің санасы да ластанып, жамандыққа бейім тұрады.

Жақсы ақпарат жан сергітеді

Қазір ғаламтор арқылы кез-келген ақпаратты алуға болады. Өкінішке орай, адамдардың көбі ғаламтордан өсек-аяң, арсыздықтарды насихаттайтын парносайт дегендерді, теріс жолға бастайтын қатерлі діни ағымдардың ақпараттарын іздейді. Соған орай, нарық заңы бойынша сұраныс болса, ұсыныс болатыны сияқты адам санасын ластайтын жаман ақпарат тарататын сайттар қатары көбейіп барады.
Егер сіз өзіңізге де, өзгелерге де залалыңызды тигізіп, жоғарыда аталған пенделер сияқты ақымақтықпен күн кешкіңіз келсе, онда жамандықты насихаттайтын ақпараттарды тұтыныңыз. Ал өзіңізге, айналаңыздағыларға пайдаңызды тигізіп, бақытты, бейбіт тірлік кешемін десеңіз, пайдалы, жақсы ақпараттарға ден қойыңыз. Сананы көтерудің сенімді және қарапайым жолы — осы.
«Ақиқат» блогынан сіз тек санаңызды көтеріп, жан дүниеңізді тазартатын жақсы және пайдалы ақпараттар ғана табасыз. Блогқа күнде кіріп, жаңа материалдарды оқу арқылы санаңыз тазарып, көзқарасыңыз өзгереді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика