Қарумен келген, қарудан қаза табады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Тарих өткеннен болашаққа қарай бей-берекет жылжитын кездейсоқ оқиғалардың тізбесі емес, оның үнемі қайталанып отыратын заңдылықтары, ереже-шарттары бар кәдімгі жанды құбылыс. Тарихтан өте көп нәрсені үйренуге болады, өткендегілердің жасаған қателіктерінен сабақ алып, ондай қателіктерден сақтануға болады. Өкініштісі сол, мұндай игілік екінің бірінің маңдайына жазылмаған, оны тек зерделі жандар ғана ұғынып, пайдалана алады. Ал ақылсыз пенделер тарихтың тағлымынан сабақ алмай, өткен заманның адамдары жасаған қателіктерін айна қатесіз қайталап, өкініштен бармақ тістеп жатады.

Ресей Украинаға басып кірді

1941 жылдың маусымында Германия КСРО еліне төтеннен шабуыл жасап, баса көктеп кірген еді. Тұтқиылдан жасаған шабуылдың есебінен фашистер бірнеше айда көп елді мекендерді басып алып, жеңіске жететін кез келді деп масайраған. Бірақ та, қарумен келген басқыншының қарудан қаза табатыны туралы тарих сабағын ескермеген фашистер жеңілістің ащы дәмін татып, миллиондаған жауынгерлері белорусь пен украйнаның батпақтары мен ормандарында көмусіз қалды.

Қазіргі ресейдің Украйнаға баса көктеп кіруі көп жағынан 1941 жылғы фашистердің КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасауына ұқсайды. Орыс солдаттары елдің көп елді мекендерінде танктері мен бронды техникаларын жүйткітіп, есіріп жүр. Күні кеше ютубта бронды техника мінген есірік солдаттар жеңіл автокөлікті мыжып өткені туралы видео салынды. Ішінде бір немесе бірнеше адамы бар автокөлікті мыжып, жапсырып таптаған кезде ол адамдардың мерт болғаны анық. Жап-жас жауынгерлердің соншама қатыгездіктері адамды шошытады. Бұлардың әрекеті сол 1941 жылғы фашистерге егіз қозыдай ұқсайды.

Ютубта тағы да орыс солдаттарының бұрынғы жоғалған КСРО-ның қызыл туын желбіретіп, өлген мемлекетті қайта қалпына келтіреміз деп есіргендері де жарияланды. Бұл да өткен ғасырдың 40-шы жылдарындағы барша әлемді жаулап алып, құл етеміз деп есірген фашистердің сандырағынан айнымайды.

Соғыс басталған бірнеше күнде Украинаның көптеген бейбіт халқы қаза тауып, баспаналарынан айрылды, тіпті Киевтегі көп қабатты үйге тиген ракета снаряды терезелерін шағып, үйдің ойранын шығарған. Соғыс осылай жалғасса, мыңдаған адамның өмірін жалмайтыны анық.

Путиннің көздегені не?

Путиннің мәлімдемелерін тыңдай отырып, оның көздеген басты мақсаты бұрынғы КСРО-ны қалпына келтіріп, бүгінде тәуелсіздік алған елдерді бодандыққа қайта салу, кең байтақ ресейді еркін қанаған тойымсыз жемқорлардың табанына өзге елдерді де салып беру екені анық аңғарылды.   

Мынаған назар аударып қараңызшы: алақандай жапон елі жер асты байлығынсыз-ақ 170 миллион халықты асырап, елін әлемнің ең бақуатты, қуатты мемлекеттерінің санатына қосып отыр. Мұнайымен ғана Сауд Арабиясы, Біріккен араб әмірлігі мен Норвегия әлемдегі ең бай елдерге айналды. Ал әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан алып аумағы бар, жер асты толған байлық ресей 140 млн. адамын асырай алмай, қайыршылыққа түсірді.

«Тентек шоқпар жинайды» демекші, Путин билікке келгелі ресей соғыстан көз ашпады. Алдымен шешен соғысы, одан кейін грузиндермен соғыс, кейін айдаладағы сириядағы соғысқа қатысты. Өз жері аздай орыс ұлтшылдары әлсін-әлсін іргелес елдердің аумақтарына көз сүзіп, ашықтан ашық теріс пікірлерін айтып қояды. Қазақстанның солтүстік өңірдегі бес облысын да олар әлдеқашан ресейге қосып қойған.

Өткен ғысырдың 30-40-шы жылдарында Гитлер де Путин сияқты өзге елдерге соқтығысып, олардың жер байлығына көз сүзумен болған. 1939 жылғы Польшадағы немістер көбірек қоныстанған аумақтағы неміс ұлтын қорғаймыз деген желеумен басып алған кезде екінші дүние соғысы басталғаны белгілі. Бұл соғысты өзі бастаған германия ақырсында «тоқал ешкі Құдайдан мүйіз сұраймын деп, құлағынан айрылыпты» дегендей, басып алған жерлерінен ғана емес, мыңдаған жыл немістерге ата қоныс болған Кенигсберге облысан түбегейлі айрылды. Қазір Калининград облысы деп аталатын бұл аумақ ресейдің қол астында.

Соғыстың салдары қандай болмақ?

Тарихтың қайталанып отыратынын жоғарыда айтып кеттік, яғни қазір ресей өткен ғасырдағы германия сияқты өз жерлерін місе тұтпай, өзгенің жеріне көз алартуда. Орыстар неміс фашистерінің жасаған әрекеттерін айна қатесіз қайталап отыр. Бұның соңы Ресей Федерациясының ыдырап, алып империяның жойылуымен аяқталады деп болжамдауға болады. Қазіргі жағдайларға қарап, бұны түсіну онша қиын емес.

Ең алдымен, ресейге қарсы барша әлем елдері наразылық танытуда. Ресейге қарсы санкциялар күшейтілуде. Украйнада орыс жауынгерлерінің жасап жатқан шектен тыс қатыгездіктері жергілікті халықтың зығырданын қайнатып, ақырсында ұзаққа созылған ауыр соғысқа ұрындыруы мүмкін. Бұл жағдайда ашынған украйндықтар өз жеріне келген басқыншы орыс солдаттарын аяусыз атып, қырып жояды. Өткен ғасырдағы партизандардың фашистерді қырып-жойғаны сияқты.

Көпке созылған ұрыс пен санкциялар ресейді титықтатып, экономикасы құлдырап құлайды. Ашыққан халық ашынып, көшеге шығады, жәй бейбіт шеруді қойып, ұрыс-жанжалға, оның ақыры егер полиция мен армия күш қолданса азамат соғысына ұрындыруы бек мүмкін. Ал бұндай соғыс көптеген ұлттар мен автономиялардан құралған ресейдің ыдырауына жеткізетіні дау туғызбас шындық.

Сонымен, тарих тағылымы мынадай: қарумен келген қарудан мерт болады. Украина жеріне қарумен баса көктеп кірген орыс солдаттарының мүрделері жат жерде қалып, ресей игілік әкелмейтін соғыстан ауыр зардап шегеді деуге толық негіз бар. Өткен замандардың тарихи оқиғалары осындай тұжырымға жетелейді.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика