ҚАЗІРГІ ӨМІР ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Денсаулығымыздың мықты болуы ұстанған өмір салтымызға байланысты болатынын екінің бірі ескере бермейді. Біз ойымызға алған шаруаларымызды ойдағыдай бітіріп, тірліктің ырғағынан қалып қоймауға үнемі тырысып жүреміз. Бұл жағдайда ескеретін ең бірінші мәселе – денсаулық. Өйткені, күнделікті өмір ұсынып отырған шаруалардың бәрін денсаулық арқылы ғана жасауға болады.
Темекі шегу, алкогольді ішімдіктерді ішу, тамақтану режимін сақтамау, жүйкеге үнемі салмақ түсіру, артық салмақ, қозғалыстың аз болуы — бұл факторлардың барлығы біздің денсаулығымызды ақырындап нашарлатып, түрлі аурулардың белең алуына ұшыратады. Егер біз әлі де тәніміздің ұзақ жылдар қалыпты жұмыс істеуін қалайтын болсақ, онда салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі шарттарын біліп, ескеруіміз маңызды.
Дұрыс тамақтану
Тамақтанудағы маңызды мәселе, артық тамақтануға жол бермеу, бірақ сонымен бірге тәннің қуат жұмсауына қажетті калориямен қамтамасыз ету керек. Ағзаның өмірлік маңызды қоректік заттарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын тағамдық тепе-теңдікті сақтау.
Төрт реттік тамақтану принципі әр уақытта аз мөлшерде тамақтануды қамтамасыз етеді. Ағзаға өмір сүруге қажетті биологиялық белсенді заттарды таңдауға мүмкіндік беретін нәрсе — тамақтанудың әртүрлілігі. Тамақтанудың биологиялық толықтығына да көңіл бөлген жөн. Мұнда бастысы-жаңа піскен, мүмкіндігінше шикі көкөністерді, жемістер мен шөптерді күнделікті, жүйелі тұтынуға назар аудару керек.
Қалыпты салмақты сақтау
Белгілі бір күндерде ашығу немесе арнайы диеталар салмағыңызды қалпына келтіріп, тұрақтандыруға үлкен ықпалын тигізеді. Бұл артық салмақ қосудан сақтап, көптеген аурулардың алдын алуға жағдай жасайды.
Дене шынықтыру жаттығулары
Дене шынықтырусыз қалыпты салмақты және жай өміршеңдікті сақтау өте қиын. Шынында да, жұмыста біз ұзақ уақыт қозғалыссыз отырамыз, рульде отырамыз, сондай-ақ, үйде үстелде, компьютермен жұмыс істегенде, кітап оқып, теледидар қарағанда жұмсақ диванда отырып, не болмаса жатқанды ұнатамыз. Осындай жағдайда, күн сайын таңертең 15-20 минуттық дене жаттығуын жасаудың пайдасы өте зор. Ол бойыңызға қуат беріп, күнұзақ сергек жүруге жағдай жасайды. Денені шынықтыру тәннің қорғаныс күштерінің белсенділігін арттыруға көмектеседі. Дене шынықтыру жаттығуларын тек тұрақты және үзбей қайталап жасау арқылы ғана нәтижеге жетуге болады. Бұл қазіргі өмірдегі адамға үнемі өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайларына бейімделуге мүмкіндік береді.
Тұрақты профилактикалық тексерулер.
Дәрігерге бару және одан денсаулығыңыздың жай-күйі туралы кеңес алып отыру қажет. Есіңізде болсын, кез — келген ауруды емдеудің ең жақсы әдісі – оның алдын-алу.
Стресстік жағдайларды жеңе білу
Психологиялық жағдай адамның физикалық денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Сіз стресстік жағдайлардан дұрыс шығуды, философиялық ойлауды, өзіңізбен және айналаңыздағы адамдармен үйлесімді өмір сүруді үйренуіңіз керек.
Дұрыс демалу
Бұл адамның маңызды қажеттілігі, оны елемеуге болмайды. Өзіңізге ұнайтын демалысты ойлап табыңыз: театрға баруға, сүйікті кітабыңызды оқуға немесе жақын саябақта серуендеуге болады. Ұйқының жеткілікті болуы да маңызды, өйткені дұрыс ұйқы адамды ауыр жұмыс күнінен кейін қалпына келтіруге көмектеседі. Таза ауа, су процедуралары, жаттығулар мен жағымды ойлар қалпына келтіруге және өмірлік қуатты толтыруға үлкен әсерін тигізеді.
Қазіргі өркениеттің барлық жетістіктеріне қарамастан, адамның өзінен басқа ешкім оның денсаулығын нығайтуға және тәнді жақсы күйде ұстауға тиісті деңгейде қамқорлық жасай алмайды. Есіңізде болсын, денсаулықты сақтау қалпына келтіруден әлдеқайда оңай.
Жоғарыда айтылған ережелерді сақтаңыз, ең бастысы, өмірден ләззат алыңыз және стресстік жағдайларға оңай төзуге тырысыңыз, шығармашылыққа ұмтылыңыз. Өз әдеттеріңізбен жұмыс істеп, пайдалы дағдыларды нығайтыңыз. Осылай жасау арқылы сіз белсенді өмірді көптеген жылдарға ұзарта аласыз.