Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемдік көшбасшы университеттер қатарында

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ҚазҰУ еліміздегі  маңызды ғылыми-зерттеу институттарының бірі. Білім   ордасы  кез-келген сала бойынша білім мен оқуды жоғары деңгейде ілгерілетуді және  бүкіл әлемдік стандартқа сай болатын нәтижелерге жетуді мақсат ете отырып жұмыс атқарады.

        Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кем дегенде 2 қазақстандық ЖОО-ның кіруі міндеті ойдағыдай жүзеге асты. Осылайша  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, таңғаларлық нәтижеге қол жеткізді. 

Сонымен қатар әлемнің «QS World University Ranking by Subject 2021» пәндік рейтингінің нәтижелері бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің көрсеткіштерін жақсартып, позициясын нығайта түсті. ҚазҰУ өткен жылмен салыстырғанда «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәні бойынша өз көрсеткіштерін 277-ден 156-шы орынға, «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» пәні бойынша 351-ден 257-ші орынға көтеріп, оң нәтижеге қол жеткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны болып отырғандығын атап өткен жөн.

         Қазақтың қара ашңырағы аталып жүрген аталмыш білім ордасында  лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әрбір студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған. Жоғарыда айтылған  халықаралық рейтингтердегі жетістіктер ҚазҰУ-дің ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін анық дәлелдейді. 

Нұрлан Мадәлі,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 4-курс студенті

Ғылыми жетекші: PhD докторы, экономика кафедрасының аға оқытушысы                        Д.Ж. Рахматуллаева

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика