28 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Қазіргі технология  шарықтап дамыған заманда әлем елдері бұрынғыдай оқшау өмір сүре алмайтын  болды. Жаһандану деген құбылыс адамзатты  миша араластырып жіберді. Ендігі уақытта ешбір мемлекет басқа елдердегі болып жатқан түрлі құбылыстардың бізге қатысы жоқ деп айта алмайды. Барша адамзатқа тән түрлі проблемалар соңғы жылдарда көбейіп барады. Оны шешу бір ғана елдің шаруасы емес, енді әлем халықтарының бірлесе жұмыс істеуі ғана бұндай мәселені шешуге жағдай жасамақ.

Жұқпалы дертке қатысты кереғар пікірлер

Өткен жылдың басында пайда болған короновирус атты жұқпалы дерт алғаш шыққан кезден-ақ, бір-біріне қарама-қайшы екі түрлі пікір ел арасында айтылып жүрді.  Мемлекеттік ақпарат құралдары мен мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін осы саланың мамандарының айтуынша, бұл аса қатерлі дерт және одан сақтанудың ең сенімді жолы – адамдарды оқшаулау, карантин шараларын енгізу, ал вакцина шығарылған кезде жұртшылыққа жаппай екпе жасау.

Ал енді интернет арқылы кезіп жүрген екінші бір тараптың пікіріне назар салсақ, бұл дерт ойдан шығарылған және еш қатері жоқ. Оқшаулау, карантин шараларын енгізу – бұның бәрі әлдебір алпауыттардың ақша табу үшін жасаған айла-шарғылары. Оны айтасыз, бұның астарында бүгінде шамадан тыс көбейіп кеткен жер бетіндегі халықты азайтудың ойлап шығарылған амалы дейтіндер де бар.

Олардың пайымынша, жұқпаға қарсы екпе жасаймыз деп, адамдардың иммундық қорғаныш жүйесін зақымдап, содан кейін екпе алғандардың бәрін құртатын жаңа тез тарағыш вирус таратып, халық санын азайту жоспары жасалған. Қазіргі күні жер бетінде 8 миллиардқа жуық адам болса, аталмыш жоспар жүзеге асқан соң 1 миллиардтай ғана адам қалады және қалған адамдардың еті мен терісінің арасына арнайы чип тігіліп, олар күндіз-түні бақылауға алынбақ. Осылайша, жұқпалы дертті ойлап тауып, өз жоспарларын жүзеге асырып жатқан алпауыттар адамдарды құлақ кесті құлға айналдырмақ дейді бұлар.

Шынын айтқанда қазіргі күні осы екі көзқарасты ұстанушылар арасындағы текетірес күрес өршіп барады. Қолдарында билік, ақша және ақпараттық құралдар ресурсы бар алғашқы топ күшке салып, өз дегендерін жүргізуде. Олар неғұрлым қатты күшке салған сайын, қарсыластары қатары көбейіп, қарсылық та өршіп бара жатқан жайы бар.

Текетірестің соңы не болмақ?

АҚШ-тан бастап Батыс елдерінде жұқпалы дертке байланысты жарияланған шектеу шараларына наразылық танытқандар қатары өсе түсуде. Жаппай сақтандырғыш тұмылдырықты өртеу, тұмылдырық тағудан ашық бас тарту сияқты әрекеттер көбейді. Интернетте жұқпалы дерттің ойдан шығарылғандығы, оның астарындағы адамдарды құлдыққа салуға байланысты алпауыттардың зомбылық әрекеттері жайындағы ақпараттар көп.

Әлемнің бір бөлшегі іспетті Қазақстанда да соған ұқсас жайлар орын алуда. Үкімет алғашында екпе салу ерікті түрде жүргізіледі десе, енді 20 адамнан көп адам істейтін ұжымдарда екпе алмағандарды жұмысқа кіргізбеу туралы заң күші бар шешім шығарылды. Егер жұмысқа кіргің келсе, онда не екпе ал немесе әр апта сайын бағасы 7 мың теңге тұратын пцр тест тапсырып отыр. Яғни, бұның астарында «қаласаң да, қаламасаң да, көнсең де, көнбесең де екпе аласың» деген ұстаным жатқаны кім кімге де белгілі.

Осылайша, уақыт өткен сайын биліктегілер тарапынан интернетте айтылып жүрген алпауыттардың әлемге билік жүргізу жоспарын орындауға байланысты әрекеттері деп аталып жүрген әрекеттер күшейіп барады. Бұз өз кезегінде қарапайым халық тарапынан наразылық пен сенімсіздікті күшейте түсуде.

Халық көп, буырқанса ат төбеліндей аз алпауытты таптап жоқ қылып жіберері анық. Дегенмен, олардың ең үлкен олқылығы:  ұйымшылдығының жоқтығында және халықты ортақ мақсатқа жұмылдыратын көшбасшы-көсемнің болмауында. Осыған орай, халық қанша ашынып, қарсыласса да, түптің түбінде ұйымдасқан және бар қуатты тетіктерді қолында ұстаған алпауыттардың жеңіске жететіні белгілі бола түсуде. Әрине, текетірес мәңгілікке созылмасы, әйтеуір бір бітері анық. Дегенмен, ол қашан бітеді, кімнің пайдасына шешіледі, оны уақыт көрсетеді деген ойдамыз.  

Интернеттен ақша табу, инвестиция, халық емі, қашықтан жұмыс істеу, т.б. тақырыптарға байланысты барлық пайдалы ақпараттарды түгел бір сайттан - PAIDALY AQPARAT сайтынан таба аласыз. Сайтқа мына сілтеме арқылы кіріңіз: https://seixun.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика