Өмір дегеніміз – мектеп

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өмірдің мәні неде, не үшін өмір сүреміз? – деген мәні зор сауалдарды ойлап, ешқашан басын ауыртпай ойсыз, мағынасыз тірлік кешетін пенделер көп. Бірақ та, сіз өмірдің мәнін ұққыңыз келе ме, жоқ па – одан өмірдің талабы өзгермейді. Өмір дегеніміз – бұл мектеп. Иә, кәдімгі бала жасымыздан бастап оқып, жан-жақты білім алатын жалпы білім беретін мектеп сияқты.

Жалпы білім беретін мектептен ерекшелігі сол – бұл мектепте талап өте қатаң және талап деңгейінен шыға алмағандарға кеңпейілдікпен кешірім жасала салмайды, олар не мектеп талабын дұрыс орындап жақсы білім алып жоғары сыныптарға көтеріледі, болмаса кері кетіп, төмен құлдырайды. Үшінші жол жоқ, яғни жоғары дамып, биіктерге көтерілесіз, немесе төмен құлдырап, құрдымға құлайсыз, екінің бірі.

Өмір-мектептің талабы мен шарттары барлық жандарға ортақ және міндетті. Ол діндар үшін де, құдайсыз дінсіз атеис үшін де, болмаса түрлі ойдан шығарылған діндерге сенетіндер үшін де  бірдей. Егер өзіміз тірлік кешіп жатқан дүниеге ақыл көзімен байыптап назар аударатын болсақ, өмір-мектептің шарттары мен талаптарын, заңдылықтарын түгел көріп, түсіне аламыз.

Ведалық қоғамда варнашрама дхарма аталатын төрт сатылы жүйе бар. Бұл жүйені екі аяқты адам атты пенделер немесе періштелер ойлап таппаған, бұл жүйені жасаушы – Жаратқанның Өзі. Сондықтан, ол жүйе ешқашан ескірмейді, мәнін жоғалтпайды және мәңгі өмір сүреді. Енді осы жүйеге кеңірек тоқтала кетелік.

Варнашрама дхарма жүйесін жан-жақты талқылаудың бізге қажеттігі жоқ, біз өзімізге керекті шарттарды ғана қарастырамыз. Сонымен, аталмыш жүйе бойынша адамзат өмірі 4 кезеңді қамтиды. 1-ші кезең: балалық шақ (брахмачари деп аталады) – ол 15-17 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды; 2-ші кезең – 17-50 жастың аралығы (грихастха кезеңі); 3-ші кезең – 50-60 жастың аралығы (ванапрастха кезеңі); 4-ші кезең – 60 жастан жоғары (санняса кезеңі).

Ғалымдардың пікірінше, адам баласы өмір бойы алатын ақпараттарының немесе білімінің 70 пайызын 17 жасқа дейін алады екен. Бұл кезеңде адамның жады (есте сақтау қабілеті) өте жоғары  және ілім-білім үйренуге деген ынтасы да мол болады. Сондықтан, адам дәл осы кезеңде, яғни балалық шағы мен жасөспірім кезінде оқып білім алуы тиіс. Бұның өзі былай алып қарағанда, адамның табиғи ерекшелігіне сай келетін құбылыс. Варнашрама дхарма жүйесі бойынша бұл кезең – брахмачари деп аталып, бала оқып білім алады.

15-17 жаста ер және қыз балалар жыныстық жағынан жетіледі. Варнашрама жүйесі бойынша дәл осы кезеңде қыздар күйеуге шығып, ер балалар отбасы құруы тиіс. Бұл да табиғи қажеттілікке сай келеді.

50 жастан асқан соң адам ақырындап кәрілікке бой алдыра бастайды, күш-қуаты азайып, еңбекке деген қабілеті кемиді. Варнашрама жүйесі бойынша 50-ден асқан соң адам ақырындап белсенді еңбектен қол үзуі тиіс. Бұл кезде балалары өсіп жетіліп, өз күндерін көретін болады. Сондықтан, енді адамның белсенді еңбектен қол үзуіне мүмкіндік ашылады.

60 жастан асқан соң пенде егде жасқа аяқ басып, денсаулығы да сыр бере бастайды. Енді ол үшін мына өмірде қызық та, болашақ та қалмайды. Ендігі қалғаны Аллаға жүзін бұрып, бақи дүниеге көшуге дайындала бастау. Варнашрама жүйесі бойынша бұл бар дүниені тәркі ететін – санняса кезеңі.

Осы баяндалғандардан көріп отырғанымыздай, өмірдің өзі адамды ақырындап Жаратқан белгілеген төрт сатылы варнашрама жүйесіне бағыттайды екен. Дегенмен де, Жаратқаннан да, табиғаттан да қол үзіп, аулақтап кеткен пенделер Алла белгілеген варнашрама жйүесін мойындамағаны өз алдына, оған қайшы келетін әрекеттер жасайды. Соның салдарынан адам өле өлгенше теріс әрекеттер жасап, өзіне де, айналасындағыларға да залалын тигізумен болады.

Балалары ержетіп, өз күндерін көріп кеткендеріне қарамастан, жұмыс істейтін адамдар бар. Бұндайлар әсіресе, лауазымды қызмет атқаратындар арасында көп кездеседі. Олар креслоларынан айрылғысы келмей, ұстай қатып, тістей жабысып өлгенше отыра береді. Сондай-ақ, жастары 60-70-тен асқан қариялардың жас тоқал алып немесе зейнетақыларын беріп жезөкшелермен қыдыратын жайлары да кездесіп жатады. Нәпсінің жетегінде кеткен қариялар ар ұялар істерге барып, немересімен, тіпті шөбересімен жасты қыз-келіншектерге қырындап масқара болады.

Жалпы, адам өз міндетін дұрыс орындап, рухани дамуға жете көңіл бөлетін болса, жоғарыда айтқандай жас ерекшеліктеріне орай 4 сатының бәріне тән өзгерістер бойынан табылады. Жас кезінде оқып білім алады, содан соң отбасы құрып, отбасылық өмірді бастан кешеді, жасы ұлғая бастаған кезде еңбектен қол үзеді, ал қартайған шағында, оның бойында нәпсі атаулы табиғи түрде жойылып, қыз-келіншектерге қызығуды мүлдем қояды. Бұның бәрі жас өзгерген сайын табиғи түрде өздігінен болады. Ал қартайып, 70, тіпті 80-ге келсе де нәпсісі қайтпай, еркектік қуаты жоғалмайтын жандарды бақытты деп айтуға болмайды. Олар табиғи даму шегінен шыққан, яғни ауытқушылыққа бой алдырғандар. Мәселен, жыл мезгілдері көктем, жаз, күз және қыс бірінің соңынан бірі кезектесіп келіп отырады. Ал жаз айында қар жауса немесе қаңтар айында жаңбыр жауса, бұл табиғаттың ауытқушылығынан туған өзгеріс. Оның еш пайдасы жоқ, керісінше залалы көп болады. Сол сияқты қартайған адамның бойында нәпсі сақталса, ол табиғи заңдылықтың ауытқушылығы және бұл ешқандай пайда әкелмейді, керісінше залалын тигізеді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика