Өз капиталыңызды қалай жасауға болады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Инвестициямен айналысатын адамдардың арасында «қаржылық тәуелсіздік» және «қаржылық бостандық» деген сөз бар. Оның мәні мынада: егер сіздің жиған-терген ақшаңыз жұмыстан айрылып, күнкөрістік табыс көзін жоғалтқан жағдайда кем дегенде 1 жыл қиналмай өмір сүруге жететін болса, онда бұны – қаржылық тәуелсіздік дейді. Ал егер сіздің  жиған қаржыңыз жұмыстан, күнкөріс көзінен айрылып қалған жағдайда отбасыңызды 10 жыл бойы тарықтырмай асырауға жетсе, бұны – қаржылық бостандық дейді.

Инвестиция не үшін қажет?

Адамдардың көпшілігі, тіпті өте жоғары деңгейде жалақы алатын тұрмыс дәрежесі біршама жоғары мамандардың көпшілігі инвестиция дегенді білмейді және оны қажет те етпейді. Шындығында, бақуатты болып, қандай жағдайда да қысылмай еркін өмір сүру үшін көп жалақы табу немесе кәсіпкер болудың қажеті жоқ, ең алдымен, сізді тарықтырмайтын өз капиталыңыз болуы шарт.

Неге бұлай дейсіз ғой? Енді осыған назар аударып көрелік. 100 мың теңге жалақы адам мен айына 1 млн. теңге алатын адамның арасында ешқандай айырма болмайды, егер де олар тапқан ақшаларын түгел ай сайын түрлі шығындарға жаратып отырса. 100 мың теңге алатын адамның шығыны 100 мың, ал 1 млн. алатын адамның да шығыны 1 млн. тіпті, одан да көп болуы мүмкін. Осылайша, бұл екі адамның екеуі де тапқан ақшаларын ай сайын түгел жұмсап отырады да, үнемі ақша жетімсіздігін тартумен болады. Сондықтан ондай адамның ешқашан бақуатты болуы мүмкін емес.

Бақуаттылыққа бастайтын жол – капиталдың болуы. Капитал деген не? Ол сіздің күнкөрісіңізге қажетті ақшадан бөлек артық қаржыңыз. Айына 100 мың теңге табатын адам ақшасын үнемді пайдаланып, ай сайын 10 мың теңгені жинап отырса, бір жылда 120 мың теңгеге айналады. Міне, бұл – капитал. Инвестициялаудың міндеті сол жиналған артық  ақшаны сақтау және одан әрі көбейту.

Бұны мынадай формуламен беруге болар еді: Тапқан жалақы + үнемдеп жинау  = КАПИТАЛ.  Бақуаттылыққа жеткізетін басты жол – осы капиталдың болуы және оны оңтайлы инвестициялау арқылы жыл сайын 10, 15 және одан да жоғары пайызға үнемі көбейтіп отыру.

2021-2022 жылдары қайда және қалай инвестициялау қажет

Орда бұзар 30 жасында өз күшімен жинаған тиын-тебендерін тиімді инвестициялау арқылы долларлы миллионер болған Евгении Ходченковтың осы аттас кітабынан сіз жоғарыда айтылған жайларды ғана емес, инвестициялаудың қыр-сырын жетік меңгеруге жағдай жасайтын көп пайдалы ақпараттар табасыз.

Инвестиция десе, көбіміз қалталы бай бизнес өкілдерін көз алдымызға келтіріп жатамыз. Шындығында, қазір кез-келген адам инвестор бола алады және өз қаржысын барынша қауіпсіз жағдайда сақтап, көбейтуіне көмектесетін осы саладағы білімді алуына да мүмкіндік жетерлік.

Евгении Ходченковтың кітабынан сіз инвестициялау, инвестициялық портфель жасап, тәуекел мөлшерін барынша азайту, сол арқылы жыл сайын капиталыңызды 15-25 пайызға көбейтіп отыру туралы қажетті біраз ақпараттар табатыныңыз анық. Ал ары қарай білікті маман инвесторлардан оқып, инвестициямен шындап айналысқыңыз келсе, Ходченковтың арнайы екі апталық тренингіне қатыса аласыз.

Инвестициялау туралы тегін кітапты сіз мына сізлтеме арқылы жүктеп алуыңызға болады. Айта кетейін, кітап орыс тілінде, бірақ қарапайым тілмен жазылғандықтан түсіну оңай. Үнемі өміріңізді қиындататын тапшылықтан құтылып, қаржылық тәуелсіздікке, одан әрі қаржылық бостандыққа жетемін  десеңіз, бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Төмендегі сілтемені басып, кітапты жүктеп алыңыз: https://bit.ly/3zgDffG

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика