Байлыққа жетудің басты қадамы – инвестиция

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ақша билеген қазіргі нарық заманында абй-бақуатты болсам деп армандамайтын адам кемде-кем. Бірақ та, сол адамдардың 90 пайызының арманы орындалмайтын қиял ғана болып қалып жатады. Неге? Өйткені, ол адамдар инвестициямен айналысып, бақуатты болсақ, шіркін деп қиялдаумен бар шаруаны бітіреді, яғни нақты іспен айналыспайды.

3,5 жылда 14 есе өскен депозит

Осыдан үш жарым жыл бұрын, атап айтқанда 2018 жылдың сәуір айында Астанада тұратын бір таныс жігіттің үгіттеуімен 1000 евро салып, шетелдік Виста депозитін ашқан едім. Мың евроның ол кездегі бағамы 440 мыңдай болатын. Сол тұста еңбек демалысына шығып, екі айлық көлеміндегі сыйақы алып, шала байып қалған тұсым еді. Алдында жинаған азын-аулақ ақшам да болатын.

Осылайша, көптен бері аталмыш депозитке ақша сал деп үгіттеп жүрген танысымның айтуымен, Астанаға барып, Виста депозитін аштым. 100 евро комиссиясы бар екен. Сөйтіп, барлығы 1100 евро салдым. Жалпы сомасы 500 мыңдай болды.

Содан кейін де аздап ақша салып көбейтіп отырдым. Сөйтіп, арада 3,5 жыл уақыт өткенде, биылғы жылдың қазіргі қыркүйек айында менің депозиттегі ақша салымым 14 мың евроға жетіпті. Осылайша үш жарым жылда 14 есеге өсіпті. Бұл аз ба, көп пе? Оны әркім өзі бағамдай жатар. Мен үшін бұның ең үлкен жетістігі мынада: егер ынта-ықылас болса, кез-келген адам инвестициямен айналысып, белгілі өзіндік даму ғылымының сарапшысы  миллионер Сайдмұрад Давлотов айтқандай, 5-7 жылдың ішінде қаржылық бостандыққа жете алады екен. Менің осыған көзім анық  жетті.

Инвестор болу үшін не қажет?

Үш жарым жыл бұрын 1000 евромен ашқан депозитім қазір  банктен алған заимды қосқанда 43 мың евро болып, ай сайын маған 500 евроның көлемінде табыс түсіреді. Бұл – теңгеге шаққанда 250 мыңның шамасында.  Оған қоса, теңгемен салған да депозиттерім бар. Ай сайын депозиттерімнің өсім пайызы 300 мың теңге шамасында болады. Қазіргі жағдайда бұл жақсы ортақол айлық жалақы екені  белгілі. Егер осы қалпыммен одан ары өсірсем, менің депозиттерім енді  екі-үш жылда айына кем дегенде  миллион теңгеге дейін түсіретін қомақты капиталға айналады екен.

Жалақымен ғана жан бағып жүрген менің осындай деңгейге жетуім ғажайыптың күшімен емес, қарапайым нақты әрекеттер арқылы жүзеге асты. Ең бастысы, ақшаны біршама үнемдеуге үйреніп, ай сайын белгілі соманы негізгі капиталыңызға қосып отырсаңыз жеткілікті. Мәселен, 100 мың теңге жалақы алсаңыз, айына 10 мыңын инвестицияға салып отырсаңыз, 5-7 жылда тек жинаған ақшаңыздың өсімімен күн көретін, бақуатты адамға айналатыныңызда дау жоқ.

Өкініштісі сол, байлыққа қол жеткізген инвесторлардың қақсап үнемі айтып жүретін осы бір қарапайым ақиқатқа ешкім селт етіп назар аудармайды. «Байлыққа жетсем жаман болмас еді-ау» деп армандаумен ғана бар шаруаны тындыратын жандар нақты іске келгенде ат-тондарын ала қашады. Олардың айтатын қырық түрлі сылтаулары дайын.

Ақшам жетпейді, айлығым аз, оған қоса кредитім бар, ай сайын жалақымның он пайызын салып отыру маған еш мүмкін емес. Бәлкім болашақта жалақым көбейіп жатса, сонда көрермін. Міне, осылай өзін өзі алдаусыратқан адамдар бәрін ертеңгі күнге ысырумен бар өмірлерін босқа өткізіп жатады.

Инвестор болу, инвестициямен айналысу қазіргі күні кез-келген адамның қолынан келетін және қолжетімді шаруа.  Және де, бүгінгі күні инвестиция туралы кітаптар мен видеокурстар интернетте өте көп, яғни үйренемін деген адамға жол ашық. Тек ынта-ықылас болсын де.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика