Ғаламторға тәуелділер қатары көбейіп барады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

вирус21-ші ғасырдың ең үлкен жаңалығы – интернет десе болады. Қазір интернет қалада да, ауылда да қолжетімді болып отыр. Содан ба, ғаламторды пайдаланушылар қатары жыл санап өсіп барады. Қалаған ақпаратыңды қас қағым сәтте табуыңа жағдай жасайтын ғаламтордың жақсылықтарымен бірге, жаман жақтары да аз болмай тұр.

Ғаламторға байланған балалар

Әлі санасы толық бекіп, қалыптаспаған балалардың арасында ғаламторға байланып, соған тәуелділікке түскендер қатары көбейіп барады. Күндіз-түні компьютердің алдында отыратын балалардың оған байланғаны сонша, тіпті тамақ ішуді де есінен шығарады екен. Әлемнің әр елдерінде соңғы жылдарда балалар мен жасөспірімдер арасында ғаламторды пайдаланушылар арасында аштан өлгендер қатары көбейіп келеді.

Күні кеше Италияда 17 жастағы бойжеткен анасының интернетте отыруына тиым салғаны үшін оны атып өлтіргені жайында хабар көрсетілді. Ал өткен жылы Ресейде бір жасөспірім интернетке кіруге тиым салған ата-анасын пышақтап өлтіргені туралы ақпарат таралған еді.
Ертедегі қазақтың «ата-анадан жан тәтті, алтынды ерден мал тәтті» дегені сияқты, бүгінде интернетті ата-анасынан артық көретін жастар аз емес сияқты.

Қай нәрсеге байлану да қауіпті

Бір нәрсеге қатты байлану қашанда адамға үлкен қатер әкелетінін өмірден үнемі көріп, куәсі болып жүреміз. Араққа байланған , арақ ішпесе жүре алмайтын адам маскүнем, ақырсында БОМЖ болады. Ал есірткіге елігіп, оған тәуелді болған адам жазылмайтын нашақорға айналады.

Бір қарағанда залалсыз болып көрінетін түрлі спорт ойындарына жанкүйер болу да шектен тыс байланған жағдайда адам үшін аса қауіпті болмақ. Өткен әлемдік фудбол біріншілігінде жанкүйер болған командасы жеңіліске ұшыраған кезде инфаркт алып, ауруханаға түскендер болды. Ал күйініштен арақ ішіп, басбұзарлық жасағандар да аз болмады. Мұндай басбұзарлықтың ақыры көп жағдайларда дене жарақатын алумен, тіпті кісі өлімімен бітіп жатады.

Әнші немесе әртісті жақсы көріп, соны өзіне кумир етіп алатындар өздері байланған әлгі «жұлдыздардың» басына түскен бақытсыздық үшін оның өзінен артық қайғыратын жайлары болады. Бір кезде Виктор Цои деген әнші қайтыс болғанда Алматының үйлерінің қабырғасы мен аялдамалар, жер асты жолдары «жұлдыз» туралы сөздерге толып кетті. Фанаттар осылайша өздерінің қайғы-шерлерін білдірді.

Ресейлік аюрвед дәрігер Торсунов мынадай жайды айтады. Ол автокөлігіне шексіз байланған ауруды емдепті. Әлгінің дертінің басты себебі де сол сатып алған шетелдік автокөлік болыпты. Өзін автокөілкпен бір деп санауға дейін жеткен әлгі машинасына бірдеңе бола қалса соған қайғырып, қан жұтады екен. Бірде емдеу сеансы кезінде ол кенет жүрегі қысылып, қатты қиналады. Кейін белгілі болғандай сол сәт оның машинасын бұзақылар терезесін ұрып сындырып кеткен екен.

Аллаға байлану ғана адамға бақыт әкеледі

Мына фәниде әркім әртүрлі сезім нысандарына байланып жатады. Біреу бала-шағасына, біреу үй-жайына, енді біреу мансабына, арақ-шарапқа, зинақорлыққа, әйтеуір әркім әрнәрсеге қатты байланады. Бірақ бұндай байланулар алғашында аздап рахат сезімін әкелгенмен, түптің түбінде қайғы-қасыретке ұрындырады. Өйткені, біз байланған фәни сезім нысандарының бәрі де уақытша және өткінші.

Егер ақылыңыз болса, ешқашан фәни сезім нысандарына шексіз байланбаңыз. Олардың бәрі уақытша өмір сүретінін, ертең айрылып қалған жағдайда сізге үлкен соққы әкелетінін есіңізден шығармаңыз.
Мына жалғанда тек Аллаға ғана шексіз байлануға болады. Өйткені, Алла ешқашан өлмейді, жоғалмайды, Ол мәңгі. Сондықтан Аллаға байлансаңыз сіз ешқашан, ештеңе жоғалтпайсыз. Керісінше, екі дүниенің де игілігіне кенелесіз. Өйткені, Аллаға байланған адам әрдайым Жаратқанды риза қылатын әрекет жасағысы келіп тұрады.

Ал Жаратқанды қалай риза етуге болады? Ол оңай. Ол үшін күнәлі істерден аулақ болып, жақсы иманды істер жасауыңыз шарт. Ұрлық істемеңіз, зина жасамаңыз, өтірік айтпаңыз, харам нәрседен аулақ болыңыз. Оған қоса, діни парыздарыңызды орындаңыз, адамдарға жақсылық жасаңыз, кішіпейіл, кешірімшіл, сабырлы болыңыз.

Көрдіңіз бе, Алланы риза қылатын істерді істеу арқылы сіз айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңызды жақсартасыз, өмірде жолыңыз ашылады, сауапты іс жағағандықтан, бақи дүниедегі жағдайыңыз да жақсы болмақ. Сондықтан ақылыңыз болса, тек Аллаға байланыңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика