Ғаламтор адамның санасын ғана емес, қоғамды да өзгертуде

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақшаХХІ ғасырды жұртшылық бүгінде «ақпарат ғасыры» атап жүр. «Кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» деген сөз қазіргі заманның нақылына айналған. Ақпараттың барлық игіліктің алдына шығуына ғаламтордың тигізіп отырған ықпалы аз емес екені белгілі.
Ғаламтор жыл санап қарқынды дамып барады. Ол бүгінде пайдалы ақпарат алып, бос уақытты көңілді өткізуге арналған құрал болудан қалды. Миллиондаған адам бүгінде ғаламтор арқылы ақша тауып, соны күнкөрістік кәсіпке айналдырған.

Ғаламтор ашқан жаңа мүмкіндіктер.

Интернет-бизнес деген кәсіптің жаңа түрі бүгінде алдыңғы қатарлы елдерде қоғамға елеулі әсер ететін ықпалды топқа айналды. Ғаламтор арқылы күректеп табыс тауып, миллионер, миллиардер болып жатқандар аз емес.

Блогымызда ғаламтор арқылы ақша табудың бірнеше түрі туралы айтқан болатынбыз. Бүгін ресселинг, яғни өзгелердің ақпарат тауарларын сату құқығын алу арқылы табыс табу туралы әңгіме етпекпіз.

Интернет кәсіпкерліктің ішінде ақпарат бизнесі ерекше орын алады. Ақпаратты тауарларға деген сұраныс жыл санап еселеп артып келеді. Соған орай, осы салада жұмыс жасап, қомақты табыс тауып жүргендер қатары да өсуде.

Ақпарат бизнес саласында бағыңызды сынау үшін ең алдымен ақпарат тауарыңыз болуы шарт. Егер сіз өз ақпарат тауарыңызды жасай алмасаңыз не істейсіз? Міне, осы арада сізге ресселинг көмекке келеді.

Ғаламтор арқылы ақша табудың бір түрі – ресселинг.

Жаратқан әрбір адамға әртүрлі қарым-қабылет берген. Біреу шығармашылықпен айналысып кітап жазады, енді біруеу сурет салады, тағы біреу сауда жасап, олар жасаған дүниелерді сатады. Ақпарат тауарларын жасайтын кәсіпкерлердің бәрі бірдей өз тауарларын сатуға қабілетті емес.

Осы орайда, олар ақпарат тауарларының сату құқығын белгілі бір сомаға сату арқылы бұл қиындықтан шығып, табыс табуға мүмкіндік алады. Ал оның ақпарат тауарын сату құқығын алған адам тауардың құнын өзі белгілеп, өз тауарындай сата алады. Бұл екі жақ үшін де тиімді.

Мұндай тауарды сатып алғанда сіз әдетте ақпарат тауарымен қоса сатуға арналған шағын сайт, есеп айырысу құралын, тіпті сатып алушыға арналған дайын хаттар желісін де аласыз. Бірер сағат уақытыңызды кетіріп, оны іске қосқаннан кейін кешен бірден жұмыс жасап кетеді. Сізге қалғаны, ғаламтор арқылы жарнама беріп, сатып алушыларды тарту ғана.

Ресселинг тауарларын қайдан табуға болады?

Ғаламторда сату құқығы қоса сатылатын ақпарат тауарлар өте көп. Олар электронды кітап, бейне-дыбыс курстары болуы мүмкін. Бағасы онша қымбат емес.
Мәселен, сіз http://inforesell.ru/ сайтынан сату құқығы қоса сатылатын ақпарат тауарларының түр-түрін табасыз. Бағасы қолжетімді. Сатып алыңыз да, бірден іске кірісіңіз. Яғни, жарнамалап, тауарды қалаған бағаңызға сатыңыз. Одан түскен ақша түгел сіздікі болады.

Ресселинг қазір ғаламтор арқылы ақша табудың сенімді көздерінің бірі болып табылады. Әрине, ғаламтор арқылы табыс табудың қай түрін таңдау сіздің өз еркіңізде. Бірақ ең алдымен қай салаға бейімділігіңіз бар, соны анықтап, содан кейін ғана іске кіріскеніңіз жөн.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика