Ғылым, білімнің атасы – дін

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

«Философия – ғылымдардың ғылымы» деген сөз бар. Шындығында, философия барлық ғылымдарды қарастырып, соларға іргетас болады. Дегенмен, барлық ғылым, білімге негіз болған басқа нәрсе де бар, ол – дін. Дін дегеніміз қазіргі түсініктегідей, қатып қалған идеологиялық құрал емес, ол  өзінің құрамына барлық ғылым, білімді кіргізген барша ғылымның атасы, түп негізі.

Дінді ғылымнан бөлектеудің қандай залалы бар?

Бүгінде барша адамзат қоғамы ұстанып отырған бес дәстүрлі дін болса, солардың түпкі тарихына назар аударып қарасақ, діннің о баста ғылыммен біте қайнасқан бірлігін, тұтастығын бағамдауға болар еді. Бірақ та, уақыт өте келе дін бұрмаланып, оны әлдекімдер ғылымнан бөлектеп, оқшаулап, жәй идеологиялық құралға айналдырып жіберді.

Мәселен, осыдан бес мың жыл бұрын пайда болған индуизм дініне назар аударып қаралық. Ежелгі үнді өркениеті қалдырған қазіргі күнге дейін ғалымдардың басын қатырып келген тарихи ескерткіштер аз емес. Соның бірі – Индиядағы таза темірден тұрғызылған ұстын. Мұндай тот баспайтын темірді қазіргі күні ғылым тек лабараториялық жолмен және өте аз мөлшерде ғана ала алады екен. Ал бес мың жылдай бұрын қазіргідей құрал-жабдықтары жоқ адамдар таза темірді қайдан және қалай алған? Ол әлі күнге дейін шешілмеген жұмбақ.

Буддизм діні өкілдері тұрғызған алып Будданың тас мүсіндері әлемнің әр түкпірінде кездеседі. Ал тастан қашап салынған мыңдаған ою-өрнегі бар мінажатханаларды қалай, қайтіп жасағаны таңғаларлық нәрсе. Христиан діні өркен жайған 14-17 ғасырлардағы тарихта «Қайта өрлеу» деген атпен белгілі сәулет, сурет, музыка өнерінің шарықтап дамыған тұстарында туған өнер шығармалары әлі күнге дейін адамзатты тамсандырып, таңғалдырып  келеді.

Біздің дәуіріміздің 7-ші ғасырында пайда болған ислам діні алғашқы кезеңде Испаниядан Қытайға дейінгі аралықты алып жатқан үлкен халифат болды. Сол кезде Әбунасыр Әл Фараби сияқты ұлы ғұламалар шықты, көптеген мәңгілік өнер туындылары дүниеге келді. Әл Фарабидің шығармаларын оқығанда оның ең алдымен Аллаға, Оның қасиетті кітабы Құранға сүйенетіндігі қайран қалдырады.

Міне, осылайша, алғаш пайда болған таза кезінде дәстүрлі діндердің бәрі де ғылыммен біте қайнасқандай тұтас бір болды және ғылым-білімнің дамуына дін өте күшті серпін берді. Бірақ кейін келе кертартпа күштердің немесе дінбұзар надандардың кесірінен дін ғылымнан бөлектеніп, жәй идеологиялық құралға айналды. Осыдан кейін-ақ, діннің халық арасындағы қадір-қасиеті кеміп, ақырсында ол кертартпа құбылыс ретінде қабылданатын деңгейге дейін түсті.

Ислам діні арабтар ойлап тапқан ертегі ме?

Күні кеше әлеуметтік желіде бір қазақ әйелінің ислам дініне қара күйені аямай жаққан аудиомәлімдемесі таралды. Тыңдаған адамның әлгі әйелмен келісетіндігі анық. Өйткені, оның айтып отырған сөздерінің бәрі де ақылға қонымды және шындыққа жанасымды.  Неге десеңіз, ол қазіргі ислам дінінің бетбейнесін анық көрсетеді.

Әлгі әйел ислам діні арабтар ойлап шығарған ертегі деп түсіндіреді және қазақтың ер адамдарын мешіттерге барып имам-молдалар айтқан сондай араб ертегісін тыңдайды деп айыптайды. Бұл енді шындық. Қазіргі имам-молдалардың уағыздары таза аңыз әңгімелерге негізделген «Пайғамбарымыз айтқан екен, бір сахаба немесе әулие былай деген екен» деген сияқты болып келеді. Оны тыңдаған адам күна шақыратын жаман әрекеттер жасауға болмайтынын түсінер, бірақ ол уағыздардың әлгі адамдарды өмірде бетпе-бет кездесетін түрлі қиындықтардан құтқаруға, басқа да өмірлік қажетті шаруаларын бітіруге ешқандай да көмегін тигізбейтіні анық.

Мынаған назар аударып қараңыз: Пайғамбарымыздың заманында бытырап жүрген араб тайпалары ислам дінінің арқасында бірігіп, жұдырықтай жұмылған біртұтас мемлекетке айналды және сол мемлекет Испаниядан бастап Қытайға дейінгі аумақтағы жарты әлемді жаулап алып, ислам халифатын құрды. Ислам халифаты алғашқы кезде ғылым мен білімді, өнерді дамытуға үлкен серпін берді және сол кезден қалған тарихи мұралар аз емес. Тіпті, әлем араб цифрларын әлі күнге дейін пайдаланады. Ал математиканың түп негізі болып саналатын алгебраны ойлап тапқан да ислам оқымыстысы – Әл Жәбр еді. Медицинаның негізін қалаушы атанған Ибн Сина ислам өркениетінің  ұлы тұлғаларының бірі. Жердің диаметрін алғаш рет есептеп шығарған ұлы ғалым Әбурайхан Бируни, екінші ұстаз атанған грек ойшылдарының еңбектерін араб тіліне аударып, түсінік жазған Әл Фараби сияқты ғұламалар өте көп болды.

Қазақ «дүмше молда дін бұзар» дейді. Білімсіз надан дүмшелер кейін келе ислам дінінің бейнесін өзгертіп, оны бұрмалап, ақырсында  арабтардың аңыз-ертегілерінен құралған идеологиялық құралға айналдырды. Осыдан кейін-ақ, ислам діні ғылым мен білімді дамытуға серпін беретін прогресшіл күштен, кертартпа құралған айнала бастады.  Сөйтіп, бір кезде бытырап жүрген араб тайпаларын біріктіріп, біртұтас мемлекетке айналдырған ислам дүмшелердің кесірінен бұрмаланып, өзінің мәнін жойған соң ұлты бір арабтардың қайтадан баяғы замандағыдай қырық руға бөлініп, бастары піспей, қырықпышақ күн кешулеріне жеткізді.

Қазіргі ислам дінін басты идеология етіп ұстанатын елдердің бәрі ғылым мен прогрестен артта қалған кедей елдер болып отыр. Рас, мұнайдың арқасында шылқыған байлыққа жеткен Сауд Арабиясы сияқты бірқатар араб елдері бар. Бірақ олардың бәрі өздері ештеңе жасап шығарып жатқан жоқ, тек әлемнің дамыған елдері жасаған жетістіктерді пайдаланушы ғана. Жалпы мұсылман елдері бүгінгі адамзат баласының дамуына бір тиын үлес қосып жатқан жоқ, керісінше экстремизм, лаңкестік деп аталатын кесапаттар арқылы өркениетке кері әсерін тигізуде.

Бұдан не түйіндеуге болады? Дін мен ғылым біртұтас болған кезде ғылым да, дін де қатар дамып, адамзатқа үлкен игілік әкеледі. Ал дінді ғылымнан бөлген кезден бастап, ғылым адамзатты жауыздық пен арсыздыққа  итермелейтін құралға, ал дін адам санасын фанатизм деген дертке ұрындыратын, кертартпа күшке айналады. Оны біз қазіргі жағдайдан анық көріп отырмыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика