Ғылыми-техникалық үдеріс адамзат қоғамын өзгерте алмады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ғылыми-техникалық үдеріс адамзат қоғамын өзгерте алмады

19-шы ғысырдың соңы мен 20-шы ғасырдың басы ғылми-техникалық төңкеріс кезеңі болды. Электр қуаты, радио, телефон, автомабиль, әуеде қалқитын ұшақтар – не керек өткен ғасырларда тірлік кешкен ата-бабаларымыз үшін ертегі болған жайлардың бәрі де сол кезеңде ақиқат шындыққа айналып еді. Ғылми-техникалық төңкерістің шапшаңдығы сонша әні-міне әлемнің барлық құиялары түгел ашылып, адамзат үшін мына жұмыр жердің беті түгілі, шексіз-шетсіз ғарышта да құпия атаулы қалмастай сезінгеніміз рас.

«Адамға табын, жер енді» деп асқақтата жырлады сол тұста бір шалқыған ақынымыз. Қапшағай сияқты қолдан жасанды теңіз жасап, Қызылқұм мен Қарақұмның шөліне су тартып, егін өсірдік. 20-шы ғасыр материалистік түсініктің, сол түсінікке негізделген ғылымның ең шарықтап дамыған кезеңі болып тарихта қалары анық.

Сондай-ақ, бұл кезең материалистік ұғымға негізделген ғылыми тәжірибелер мен жаңалықтардың, оны өмірге қолданудың, осылайша адамдарды затқа табындырып, санаға ықпал ететін әуелгі бастау – жан туралы, бар әлемнің иесі Жаратушы туралы түсініктен мүлде аулақтатып алып кеткен адасу, алжасу кезеңі де болып тарихта қалатын шығар мүмкін?!

Сондай-ақ, бұл дәуір қоршаған ортаны ластап, теңіздер мен көлдердің тартылу, түрлі аңдар мен құстардың жер бетінен мүлде жоғалу, затқа табыну арқылы Жаратқанның алдындағы жауапкершілікті толайым ұмытқан пенделердің арұяттан жұрдай болып, нәпсінің құлақ кесті құлына айналу, маскүнемдік пеннашақорлық, жезөкшелік, гомосексуалдық сияқты арсыздықтардың әбден етек алу, бір сөзбен айтқанда, адамзаттың азғындаған кезеңі болып тарихта қара жазумен жазылып қалатын шығар мүмкін?!

3-ші мың жылдық, 21-ші ғасыр адамзат баласының алдынан жаңа асулар мен өзгеше міндеттер, ғылыми түсініктер, басқаша даму жолдарын ұсынып тұрған сияқты сезіледі. Өйткені, адамзат санасының қазіргі даму барысы осыны анық аңғартып отырғандай. Дүниенің бар құпиясын ашып тастап, адамзатты ұшпаққа шығарады, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын жерұйық қоғам орнатады деген арманның сағымға айналып, көкжиекке сіңіп жоғалғаны қашан.

Адамдарды алжастырып, миллиондаған жандардың қанын су етіп ағызған, адамдардың қаны мен сүйегінің үстіне коммунизм атты қоғам орнатпақ болған, миллиондаған, тіпті, миллиардтаған жандарды Жаратқаннан безіндіріп, атеистік түсінікті саналарына сіңірген, сөйтіп, тәндерін тастап, о дүниеге аттанғанда тамұқтың от азабын тартуларына айқара жол ашқан материалистік түсініктің шыңы – маркстік-лениндік философия күйреп тынды ақыры. Осы идеяға тірек болған әлемнің алтыдан бірін алып жатқан алып империя – Кеңестер Одағы тарих талқысына шыдамай іріп-шіріп шаңырағы ортасына түсіп қирап қалды.

Сонау орта ғасырларда басталған, ақырындап адамдардың саналарына сыналай еніп, дүмшелер бұрмалаған діннен халықты бездірген, сөйтіп үстем қоғамдық санаға айналған материалистік ғылым, материалистік түсінік сол Кеңестер Одағымен, сағымға айналған коммунизм идеясымен бірге келмеске кетті.

Жаңа мыңжылдық, жаңа ғасыр басталды. Адамзат баласы қазір өткен ғасырлардағы заттық ұғымның сырты жылтыр алдамшы сағым елесіне  елікпейді. Өйткені, заттық ұғымның адамды ешқандай да жақсылыққа жеткізе аламйтындығын олар тәжірибе жүзінде көзбен көріп, көкірекпен сезінді. Қанша шарықтап дамығанымен материалистік ғылым адамзатты ұшпаққа шығара алмады.

Адам үшін ешқашан жеңе алмайтын ауру мен кәрілік және ажал сияқты қатерлерді былай қойғанда, сонау атам заманнан келе жатқан кедейшілік пен қылмысты, соғыс пен қарақшылықты, әділетсіздік пен парақорлықты және басқа да толып жатқан кесапаттарды тыюға да материалистік ғылымның қауқары жетпеді. Керісінше, ғылым сондай сұмдықтардың барынша өсіп-өркен жаюына ықпалын тигізіп, адамзатты үрей мен қорқынышқа, аштық пен кедейшілікке ұшыратты, ертеңгі күнге, өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамдарға деген сенімнен айырып, азапты тірліктің құрдымына құлатуда.

Материалистік ғылым тылсым дүниенің құпияларын толайым ашпақ түгілі, шексіз-шетсіз құпиялардың құрдымына құлап, шыңырауда шырматылып қалды қазір. Бүгінде ғылым сырын түсіндіріп бере алмайтын құпиялар қатары күн санап көбейе түсуде. Өткен ғасырда дүниенің кілтін ұстап тұрғандай өздерін мығым сезінетін ғалымдар қазір кейбір ақылға симайтын тылсымдар жөнінде не айтарларын білмей дал болуда.

Бұрынғы екпіннің ықпалымен кейбір саналары қасаңданған материалист ғалымдар ондай тылсымдар туралы былдырықтап әлденелер айтқан болады. Дегенмен, ондай бәлдір-батпаққа қазір көпшілікті сендіре қою да қиын. Осыны түсінген кейбір көкірек көздері ашық ғалымдар ашықтан-ашық материалистік лагерді тастап шығып, идеядан бастау алатын түсінікке келуде, яғни, Жаратқанның барлығына сенетіндердің қатарына қосылуда.

Ғылми-техникалық прогресс бүгінде шарықтап дамыды. Бірақ, мұның өзі табиғаттың күнделікті алдымызға үздіксіз тартып келе жатқан тылсым құпияларын ашуға еш көмегін тигізе алмай отыр. Материалистік ғалымдар бір құпияны ұзақ жылғы тауқыметпен аштық дей бергенде табиғат олардың алдынан жүздеген-мыңдаған құпияны ұсына қояды. Бұл ғалымдар үшін орыстың жалпақ тілімен айтқанда «мартышкин труд» болып отырған жайы бар.

Ғалымдардың әлі күнге дейін тыртыңдап аша алмай келе жатқан жер бетіндегі әлсін-әлсін көрініп қалып жүретін ұшқыш табақшалар, қар адамы, Лох-Несс құбыжығы сияқты бүгінде қоғамда әртүрлі алып-қашты қарама-қайшы пікірлер туғызып отырған ұсақ-түйек құпиялары олардың шама-шарықтарын анық айқындап берді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика