0 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Атам заманнан адамдар табиғаттан тыс бір құдыретті күштің барлығын түйсініп, Құдайға табынып келген. Бүгінде адамзат ұстанатын 5 дәстүрлі діннің бәрінде Құдай бар және Оған құлшылық ету сол діндердің басты ұстанымы болып саналады. Дейтұрғанмен де, соның бәріне қарамастан адамдар Құдай туралы жарытып ештеңе білмейді. Өйткені аталмыш дәстүрлі діндерде Құдайға қатысты жалпылама айтылғанымен, Жаратқан туралы нақты мәліметтер жоқ. Содан болар, адамдардың Құдай жайындағы түсінігі мардымсыз, көпшілігі пенделердің қиялынан туған өзге түгілі өздері де онша сене қоймайтын аңыз әңгімелер түрінде болып келеді.

Христиан дінінде Құдай әке, Құдай ұл және Киелі рух деп бір Құдайды үшке бөлсе, иудей дінінде Мұса пайғамбар Синай тауында жүздескен Құдай көз шағылыстырар нұр түрінде көрінеді. Ал ислам дініндегілердің Жаратқан жайынадағы түсінігі  бейнесіз, тұрпатсыз, мекенсіз деген сияқты ақылға сиымсыз кейіпте бейнеленеді. Осылардың бәрін ақыл таразысына салар болсақ, Құдай туралы нақты бірдеңе деп айту қиынға түседі.

Осы жайлардың бәрі Құдай жайындағы адамзаттың түсінігін тұмандандырып, көп пенделердің Құдайдың барлығына күмән танытуларына ықпал етеді.  Өздерін атеис атайтын Жаратқанға мүлдем сенбейтін жандар көп.

Қазақта “жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды” деген сөз бар. Атам заманнан адамдар Жаратқанның барлығына сеніп келген екен, онда барша әлемді Жаратушы Құдайдың барлығының рас болғаны ғой деп тұжырымдауға болады. Дегенмен де, Құдай туралы толымды және нақты ілімді қайдан алуға болады? Осы жайына тоқтала кетейін.

Мен ислам, христиан және буддизм діндерін ұстанып, нақты рухани тәжірибемен айналысып көрген адаммын. Бұл діндердің қасиетті кітаптарын да әлденеше реттен қайталап оқыдым. Осыған орай, аталмыш діндер жайында біршама жақсы білемін деп айта аламын. Құранда, Інжіл мен Тәуратта Құдай жайында нақты ештеңе айтылмайды. Ал буддизм дінінде нирвана деңгейіне жаткен барша жан Буддаға, яғни Құдайға айналады деп түсіндіреді. Осындай жағдайда Құдай туралы толымды мәліметті қайдан алуға болады?

Құдай туралы нақты және толымды мәліметті  ежелгі санскрит тілінде жазылған Бхагавад Гита мен Шримад Бхагаватам кітаптарынан алуға болады. Бхагавад Гита — бұл бастан аяқ Тәңірі Кришна, яғни Құдайдың Өз аузынан айтылған әңгімеге құрылған кітап. Ал Шримад Бхагаватам Құдай туралы, Оның әлемді жаратуы, түрлі дәуірлерде фәни әлемге келіп Өзіне құлшылық етуге арналған тура жолды көрсетуі, адамдар бұрмалаған ақиқат дінді қалпына келтіруі, адал қызметшілерін қорғап, күнәкарларды жазалуы сияқты әрекеттерінің тарихын баяндайды. Аталмыш кітаптардың мән-мазмұны осындай болғанымен, өлең формасында санскрит тілінде жазылған жазбаны өз беттерінше бұрмалап түсінідіретіндер әр заманда аз болмаған. Сондай бұрмалаушылардың кітаптарын оқыған жандар теріс жолға түсіп адасып, Құдай туралы жаңсақ түсінікті саналарына сіңірген. Сондықтан, егер де Құдайды толық танып, Жаратқан жайында шынайы ақпарат алғыңыз келсе, бұл кітаптардың ваишнавтар, яғни әулие тақуа адамдар  аударып, түсініктеме жазған нұсқаларын оқу қажет болады.

Ваишнав мектебінің көрнекті өкілі өткен ғасырда өмір кешкен Бхактиведанта Свами Прапхупада аударып, түсінік жазған Бхагавад Гита мен Шримад Бхагаватамды  әлденеше рет қайталап оқып шыққан соң Құдай туралы жалпы түсінік алғанымды атап өткім келеді. Бұл кітаптардың көлеміне нақты тоқтала кетейін. Бхагавад Гита санскрит тілінде жазылған негізгі мәтіні мен түсініктерін қосқанда қалың бір кітап. Ал Шримад Бхагаватам қалың 26 кітаптан тұрады. Бұл 27 кітап түгел ағылшын тілінен орысшаға аударылған. Оны бұрыңғы КСРО аумағындағы елдердің азаматтары Халықаралық Кришна санасы қоғамының жергілікті өкілдіктері арқылы сатып алып оқи алады.

Сонымен, Құдайдың негізгі сипаттарына тоқталатын кез келгендей. Бхагавад Гита және Шримад Бхагаватам кітаптарының негізінде бұл жайында мынаны айтуға болады. Құдай дегеніміз — бұл қуат, яғни энергия. Ол екі түрлі энергиядан тұрады: 1- рухани қуат, 2 — материалдық қуат. Енді осы екі түрлі энергияның сипаты мен көлеміне тоқталайық.

Рухани қуат Құдайдың барлық қуатының 4/3 бөлігін қамтыса, материалдық, яғни фәни қуат 4/1-ін құрайды. Құдайдың барша қуатының 4/1 құрайтын фәни қуатының көлемін  білу үшін мынаған назар аударып қараңыз. Мәселен, біз өмір кешіп жатқан әлемнің көлемі қандай?  Жер планетасы орналасқан Құс жолы аталатын галактика, яғни жұлдыздар шоғырында 3 млрд-тан астам жұлдыздар мен планеталар, аспан денелері бар екен. Ал кеңістікте қалқып жүрген мұндай галактикалар сансыз көп. Бір астрофизик ғалымдар осындай галактикалардың саны бірнеше милиардқа жетеді дейді. Өзіңіз ойлап қараңыз, 3 млрд аспан денесінен тұратын Құс жолы сияқты милиардтаған галактикалар бар, ал оларда қанша аспан денелері бар? Оған сан жетпейді.

Шримад Бхагаватамның айтуынша, сансыз көп аспан денелерінен тұратын біздің әлем сырты 7 қабат түрлі фәни элементтермен қоршалған элипс, яғни жұмыртқа формалы алып шар. Шримад Бхагаватамда оны жүзіп жүрген дельфинге теңейді. Дельфин де элипс формалы. Осы әлемнің ана шеті мен мына шетіне жырықтың жылдамдығындай (секундына 300 мың шақырым) жылдамдықпен милиардтаған жылдар ұшып жетуге болады дейді. Міне, сондай алып әлем 7 қабаттан тұратын шардың ішіндегі қуыс іспетті. Ал ол қуысты қоршаған жер элементінің көлемі одан 10 есе артық. Жердің сыртында ауа элементінен жасалған қоршау бар. Оның қалыңдығы жерден 10 есе артық. Осылайша әрбір элемент алдыңғысынан 10 есе артық болып өсе береді. Енді осы элипс формалы алып шардың көлемін осыларға қарап есептеп көріңіз. Оған біз өте сирек қолданатын трилион деген сан да жетпей қалады. Одан да жоғары билион, сексилион деген цифрларды қолдануға тура келеді.

Міне, біз өмір кешіп жатқан бір әлемнің көлемі осындай. Ал Шримад Бхагаватамда осындай сансыз көп әлемдер фәни кеңістікте қалқып жүретіндігі айтылады. Олардың санын ешкім білмейді. Міне, сондай материалдық әлем Жаратқанның барлық қуатының небары 4/1 бөлігін ғана құрайды. Ал рухани әлемнің бір планетасының көлемі біздің әлемнен жүздеген, мыңдаған есе үлкен. Рухани әлемде сондай сансыз көп планеталар қалқып тұр. Олардың санын есептеуге біздің қолданыстағы цифрларымыз жетпейді. Оның көптігін бір ғана сөзбен “сансыз көп” деген сөзбен жеткізуге болады.

Рухани әлемде Құдаймен негізінен 5 түрлі қарым-қатынаста болатын тіршілік иелері өмір сүреді. Құдай біреу ғана болса да, ол Өзін сансыз көп таралымдарға таратады. Рухани әлемдегі әрбір тірі жан өзін Құдаймен тікелей байланыста жүргендей сезінеді.

Материалдық әлемде кеудесінде жаны бар барлық тіршілік иелері аралық қуат деп аталады. Өйткені олардың бойында рух және фәни қуат бар. Адамдар да аралық қуатқа жатады.

Осы арада “Құдай дегеніміз кім?” -деген сұраққа — барша әлемге таралған энергия деп жауап беруге болады. Айналамыздағы жанды-жансыз заттардың бәрі Жаратқанның қуаты. Барша әлемде Құдайдың қуатынан басқа ештеңе жоқ. Аспан да, жер де, ай мен күн, жұлдыздар, өсімдік, жан-жануарлар мен көзге көрінбейтін бактерия, вирустар — түгел Құдайдың қуаттары.

Егер барша әлем Құдайдың қуаттары, яғни тәні болса, онда Құдай сол әлемнің бір бөлшегі ме? — деген сауал туындайды. 15-ші ғасырда ғұмыр кешкен Тәңірдің аватары Чайтаниа “бір мезгілдегі бірлік пен бөлектік” деген ұғым арқылы Құдайдың табиғатын дәл нақтылап берді. Барша әлем Құдайдың қуаты, яғни тәні болып саналғанымен, Құдайдың Өзі сол әлемнің бір бөлшегі емес, Ол әлемнен бөлек тұрады. Яғни бір мезгілде барша әлемге таралған қуатымен бір, бірақ сонымен бірге одан бөлек өмір кешеді.

Осы жайлардан не түйіндеуге болады?  Құдайға сенбейтін атеистердің мынадай сүйікті сұрақтары бар: “Құдай болса қане, көзіме көрсетші, сонда сенемін”. Бхагавад Гитада Тәңірі Кришна Өзінің жахани кейпін көрсеткенде патшазада Арджунаға “сен мына фәни көзіңмен Менің кейпімді көре алмайсың, сондықтан саған рухани көз беремін” дейді. Осылайша Тәңірі тылсым қуатымен патшазада Арджунаның рухани көзін ашады. Міне, сол сәтте патшазада барша әлемді қамтып тұрған Құдайдың жахани кейпін көреді. Атейс айтқандай Құдайды кім көрінген өзінің жетімсіз фәни көзімен көре алмайды, ол үшін адамның рухани көзі ашылуы тиіс. Рухани практикамен ұзақ жылдар айналысқан әулие тақуа жандардың рухани көздері ашылады. Сол кезде олар айналамызды қоршаған жанды-жансыз заттардың бәрі Құдайдың ажырамас бөлшегі немесе қуаты екендігін түсінеді.

Аспан да, жер де, өсімдік пен аң-құс, теңіз бен таулар, ормандар — түгел Құдайдың қуаттары, екінші сөзбен айтқанда жахани тәні. Осылайша, барша әлемде Құдайдың қуатынан басқа ештеңе жоқ. Қасиетті Құранда айтылғандай, пенде қандай жағдайда да Құдайдың патшалығында болады, оның шеңберінен шығып кету мүмкін емес, өйткені барша әлемде Құдайдың патшалығынан басқа ештеңе жоқ.

Фәни түсінікті санасына сіңірген біздер үшін әрбір заттың, тіршілік иесінің басталуы мен аяқталуы бар. Ал Құдайдың басталу шегі жоқ. Оның рухани қуатының басталуы, жаратылу мерзімі мен аяқталу уақыты жоқ. Ол әу бастан бар, жаратылмаған және ешқашан жоғалмайды, яғни мәңгілік. Бұл ақиқатты дегенмен, біз тар шеңберлі шектеулі санамызға сыйғыза алмаймыз.  Құдай туралы пікірлердің әртүрлілігі, тіпті Құдайдың барлығын жоққа шығару сияқты  ұстанымдардың болуы —  бұлардың бәрі адамдардың санасының жетімсіз болуына байланысты туындаған жайлар. Рухани көзі ашылып, өмірді қаз-қалпында көре алатын толымды білім иесі деңгейіне жеткен тақуа жандар үшін Құдайдың барлығы мен бірлігі еш күмән туғызбайтын АҚИҚАТ.

Шримад Бхагаватамда мына фәни әлемді жаратқанда Құдай Өзінің жахани кейпін жаратқанын жазады. Жахани кейіп әлемдегі көзге көрінетін, көрінбейтін, жанды және жансыз заттардың бәрін қамтиды. Біздер табиғат деп атап жүрген айнала қоршаған орта — Құдайдың жахани кейпі. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамдар Құдайды күн сайын көреді, Оның қуаттарымен түрлі қатынаста болады. Бхагавад Гитада Тәңірі Кришна “Мен судың дәмімін, аймын, күнмін, ауамын” дейді. Яғни, қоршаған ортадағы барлық элементтер Құдайдың қуаттары.

Егер де барша жанды-жансыз зат түгел Құдайдың қуаты болса, онда дәстүрлі діндерде неге Құдайға белгілі бір шарттар бойынша ғана құлшылық етуді парыз етіп енгізген? Мысалы, христиан дінін ұстанушылар шіркеулерде Иса мәсіх пен Құдай ана, Құдай әкенің суреттеріне құлшылық етеді. Ал индустар  храмдарда Құдайдың тастан, ағаштан, темірден жасалған мүсіндеріне табынады. Ислам дінін ұстанушылар жүздерін қасиетті қала саналатын Мекке тұрған бағыт — құбылаға қаратып құлшылық етеді.

Бұл жайдың астарында үлкен тылсым сыр бар. Құдайдың қуаты барша әлемге таралып жатыр десе де, Жаратқан пенделерінің құлшылығын Өзінің рухани қуаты арқылы белгілі бір орындарда қабылдайды. Адам кез-келген жаққа қарап, Құдайдың қуаты деп кез-келген затқа табына алмайды. Дәстүрлі діндерде құлшылық етудің арнайы шарттары белгіленген. Соны қатаң сақтап құлшылық еткенде ғана пенденің құлшылығы қабыл болады.

Ваишнав индустардың мурти аталатын Құдайдың ағаштан, тастан, темірден жасалған мүсіні — бұл пұтқа табынушылық емес. Брахмандар, дін қызметкерлері сондай мүсінді храмдардағы арнайы орынға орнатудың діни рәсімдерін жасайды. Ол бірнеше күнге созылады. Брахмандар Құдайға құлшылық етіп, Одан жалбарынып мүсінге рухымен енуін сұрайды. Міне, осындай діни рәсімнен кейін Құдайдың рухы мүсінге енеді. Сөйтіп, Құдай адамдардың құлшылығын сол орынға орнатылған мурти аталатын мүсіні арқылы қабылдайды.

Христиандардың иконы да осыған ұқсас. Яғни, иконда Құдайдың рухы бар. Иконға табынып, құлшылық ету — бұл Құдайға құлшылық ету деген сөз. Ал ислам дінін ұстанушылардың қасиетті Меккедегі қағба аталатын қара тасқа табынуының астарында үлкен тылсым сыр бар. Ваишнав брахмандарда  ежелден шалаграм шила аталатын тасқа табыну дәстүрі қалыптасқан. Шалаграм шила — бұл жәй тас емес. Ол тасқа Құдайдың рухы енген. Ондай тастарды тақуа әулие жандар табады, жәй адамға оның тылсым сыры ашылмайды. Міне, сөйтіп, брахмандар әлгіндей Құдайдың рухы енген тастарды үйлеріне немесе храмдарға орнатып, соған құлшылық етеді.

Қасиетті Құранда Меккедегі қағба тасын Ібрахым пайғамбардың орнатқанын жазған аят бар. Ібірахым пайғамбар бойында тылсым қасиеті бар пайғамбар болған. Ол таста Құдайдың рухының барлығын біліп, оны сол орынға әкеліп орнатады. Осыдан кейін өле өлгенше  қағба тасына табынып өтеді. Құлшылықты кейін оның ұрпақтары жалғастырады. Дегенмен де, уақыт өте келе адамдар шилаграмға табынудың рәсімдерін ұмытып, ол бұрмаланады. Мұхаммед пайғамбар өмірге келген заманда қағбаға құлшылық ету қол шапалақтап, ысқыру түрінде өтетін болған. Онда ежелгі санскрит тіліндегі айтылатын дұғалар оқылмайды, басқа да құлшылық түрлері жасалмайды. Осыған орай, қағбаға құлшылық бұрмаланып, ол  Құдайға құлшылық ету міндетін орындайтын орын болудан қалады. Тек ислам діні орныққаннан кейін ғана, қағба тасы өзінің қасиетті міндетін қайта орындауға мүмкіндік алады. Сөйтіп, барша мұсылмандар өздерінің оқыған намаздарының, жасаған құлшылықтарының нәтижесін қағба тасына енген Құдайдың рухына бағыштайды. Осылайша қағба тасына енген Құдайдың рухы  барша мұсылмандардың оқыған намаздарын қабылдап, қасиетті тас адамдар мен Құдайдың арасын жалғастыратын буынға айналған.

Құдайдың шексіздігі

Дәстүрлі діндердің бәрінің түсінігі бойынша Құдай шексіз. Бірақ та, солай дегенмен Тәңірдің шексіздігі ислам, христиан, иудей діндерінде нақты көрінбейді. Керісінше, бұл діндердің жаратылыс туралы түсінігіне назар аударсаңыз, Құдай шектеулі сияқты көрінеді. Рейнкарнация, яғни өлген адамның қайта туылуы туралы түсінік Ібірахымдық аталатын ислам, христиан және иудей діндерінде жоқ. Осыған орай, бұл діндердің ұғымынша, адам бір-ақ рет жаратылады да, өлген соң қияметте қайта тіріліп, күнәсінің аз-көптігіне байланысты не мәңгі тозаққа, не мәңгі жұмаққа енгізіледі. Жаратылыс сонымен бітеді. Бұндай түсінік Құдайды, оның жаратылысын шектеп тұр.

Бхагавад Гита мен Шримад Бхагаватам кітаптарындағы Құдай мен жаратылыс туралы түсінікке назар аударсаңыз, Оның мәңгілік және шектеусіз екендігін ұғынасыз. Енді осы түсінікке назар аударып көрелік. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Құдайдың 2 түрлі негізгі қуаты бар, олар: рухани және фәни, яғни материалдық. Рухани қуат Жаратқанның бар қуатының 4/3 бөлігі болса, материалдық қуаттың еншісіне 4/1 бөлігі тиеді. Құдайдың барша қуатының 4/1 бөлігі болып саналатын материалдық әлемдер туралы жоғарыда айтып кеттік. Оны қайталаудың  қажеті болмас. Дегенмен де, Құдайдың шексіздігін ұғыну үшін осы арада мына жайға назар аударғым келеді.

Веда түсінігі бойынша біз өмір кешіп жатқан жер бетінде параллел 365 әлем бар. Ол әлемдер уақыт өлшемімен ара жігі ажыратылған, яғни арасына перде ұсталған кеңістік сияқты. Пердемен ара жігі ажыратылғандықтан, әр бөлікте өмір кешетін жандар бірін-бірі көрмейді. Оның не екендігін түсіну үшін мына жайға назар аударыңыз. Қазақтардың арасында ежелден бізбен қатар өмір сүретін сайтан, жын-пері деген тіршілік иелерінің барлығы туралы аңыздар мен ертегілер кең таралған. “Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды” дегендей, бізбен қатар өмір сүретін көзге көрінбейтін тіршілік иелерінің барлығы туралы әңгіме бар екен, онда сондай тіршілік иелерінің шынымен болғандығы ғой деп тұжырым жасауға негіз бар. Жалпы, паралел әлем туралы әңгіме тек қазақта ғана емес, әлемнің көптеген халықтарында бар.

Ол аңыз әңгіме ғана емес, өмірде сондай паралел өлшемдерді көзімен көрген куәгер адамдардың болуы жайында ақпараттар да көп кездеседі. Жын-пері дегенді көзімен көрген адамдардың әңгімелері ақпарат құралдарында жиі жарияланып, айтылып жүр. Яғни, бұның астарында үлкен шындық жатқаны анық.

Осыдан түйеріміз: біз өмір сүріп жатқан әлем жалғыз емес, паралел өлшемдер де бар және олардың санын ешкім нақты айта алмайды. Білетініміз, ондай өлшемдер өте көп. Бұны көп пәтерлі үймен салыстыруға болады. Пәтерлер бір-бірімен қабырға арқылы бөлінген, қабырғаның арғы жағында кімдер бар, олар не істеп жатыр — ол жайында көрші бөлмедегі адамдар ештеңе білмейді. Жер бетіндегі паралел өлшемдер де сондай.

Әлем тек паралел өлшемдермен ғана шектелмейді. Ол сондай-ақ, перпиндикуляр бағытта да шексіздікке созылып жатыр. Өткен ғасырда өмір сүрген орыстың ақыны Брюсовтың мынадай өлеңі бар:

Кім біледі негіз жоқ дәлел қылар,

Әрбір атом жүздеген планеталы,

Өз берінше бүтін бір әлем шығар.

Білмеген соң әрине жұмбағы көп,

Онда бәлкім бар шығар мұндағы жоқ.

Көлем кіші болғанмен шексіз түбі,

Біздің әлем тәрізді олардың да,

Болар бәлкім өзіндік шексіздігі.

Бұл өлеңнен түсінеріміз, егер де заттың ең кіші бөлігі саналатын атомды милиардтаған есе үлкейтіп көрсететін микроскоппен қарайтын болсақ, онда ол мыңдаған планеталы бүтін әлемге айналады. Альберт Эйнштейннің салыстырмалы теориясы бойынша, секундына 300 мың шақырым жылдамдықпен ұшқан кезде біз өмір сүріп жатқан 3 млрд аспан денелерінен тұратын Құс жолы галактикасы доптың үлкендігіндей ғана болып қалады екен. Ал милиондаған шақырым жылдамдықпен ұшқанда ол кішкентай атомға айналады. Сөйтіп біздер макроәлем аталатын өзге әлемге енеміз. Осылайша, әлемдер макроәлем болып шексіздікке ұлғайса, микроәлем болып шексіздікке кішірейе береді. Оның шет-шегінің қайда екенін ешкім білмейді.

Осылайша, біз өмір кешіп жатқан әлем горизонталь бағытпен паралел әлемдерге жіктелсе, перпиндиуляр бағытпен макро және микро әлемдерге бөлініп, шексіздікке созылып жатыр. Бұны цифрмен салыстыруға болады. Нольмен шектелетін плюсь 1-ден басталатын оң сандар шексіз көбейе берсе, минус 1-ден басталатын теріс сандар шексіздікке кішірейе береді. Ол сандардың шеті де, шегі де жоқ.

Өзіміз өмір кешіп жатқан әлем де сондай алгебралық сандар сияқты. Паралел әлемдер мен микро-макроәлемдер болып шексіздіке созылып жатыр. Құдайдың шексіздігінің нақты дәлелі осы болса керек.

Ал әлемнің бастауы бар ма? -деген сұраққа келетін болсақ, Бхагавад Гитада жан туралы оның әу бастан болғандығын, ешқашан жаралмағандығын, жаралмайтынын айтады.  Құдайдың негізгі қуатын құрайтын рух-жан ешқашан жаратылмаса, әу бастан болса және ешқашан жойылмайтын болса, онда бұл Тәңірдің шексіздігін нақты айқындайды. Біз өмір кешіп жатқан материалдық әлем белгілі бір уақытта жаратылып, біршама уақыт өмір сүрген соң жойылады. Содан кейін біршама уақыт өткенде фәни әлемдер қайта жаратылады. Осылайша, жаратылып, содан кейін жойылып отыратын фәни әлемнің өзі шын мәнінде шектеусіз. Неге десеңіз, материалдық әлем қай уақыттан бастап жатарыла бастағанын ешкім білмейді және ол қай уақытта толайым жойылып, одан кейін қайта жаратылмайтыны туралы  да ешкім ештеңе айта алмайды. Яғни, уақытша сипат алғанымен, материалдық әлемнің де басы мен аяғы жоқ, немесе шектеусіз.

Құдайды танудың үш сатысы

Әлем халықтары ұстанатын дәстүрлі 5 діннің 4-уінде Құдай туралы толымды ақпарат жоқ. Буддизм діні, тіпті Құдайдың барылғын теріске шығарады. Христиан дінінде Құдай үш сипатта — Құдай Әке, Құдай Ұл және Киелі рух түрінде беріледі. Иудей дінінде Мұса пайғамбар Синай тауында Құдайды от түрінде көрген.деген түсінік бар. Ал ислам дінін ұстанатын мұсылмандар үшін Құдай тұрпатсыз, мекенсіз нұр іспетті.

Құдай жайында толымды және нақты ақпаратты біз санскрит тілінде жазылған Бхагавад Гита мен Шримад Бхагаватам кітаптарынан ғана табамыз. Ведалық түсінік бойынша Құдайды танудың 3 сатысы бар: 1-ші — Тұлғасыз Брахман; 2-ші — Барша әлемге таралатын Параматма; 3-ші — Шри Бхагаван немесе Құдайдың Жоғарғы Түптұлғасы. Енді осы үш сипатына толығырақ тоқтала кетейік.

Құдайдың бұл 3 сипатын түсіну үшін мына мысалға назар аударсақ болады. Мысалы, Күнді алайық. Күн бізден милиардтаған шақырым қашықтықта орналасқан, бірақ соған қарамастан оның сәулесі жерге жетіп тұр. Күннің сәулесінің Күннің өзінен еш айырмасы жоқ. Күннің өзі белгілі бір аумақты алып тұрса, оның сәулесі өте үлкен аумаққа таралады. Құдайды танудың алғашқы сатысы саналатын Тұлғасыз Брахманды күн сәулесімен салыстыруға болады.

Күннің сәулесімен бірге, оның от шашқан шар түріндегі ғарыш денесі бар. Бұны Құдайды танудың екінші сатысы — барша әлемге таралатын Параматмамен салыстыруға болады. Ақырсында Күннің негізін құрайтын отты шардың ішіндегі ядросы бар. Оны Құдайды танудың үшінші сатысы — Шри Бхагаван сатысымен салыстыруға болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика