Құдайды тану

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақиқатФейсбукте біреу «Мен құдайды тану жолына түстім, түрлі еңбектерді оқып, зерттей жүріп Оны танитын боламын» деп жазыпты. Құдайды ғылыми зерттеулер, түрлі еңбектерді оқу арқылы тануға, түсінуге бола ма? Жалпы, Құдай туралы не білеміз және Оның сыйпаты қандай?

Алланы ақылмен тану мүмкін бе?

Әлеуметтік желіде дін туралы жиі жазып жүретін бір кісімен ақыл жайында пікірталастырып қалдық. Ол кісінің айтуынша, ақыл адамды Аллаға жеткізетін күш. Бұндай сенімді немесе түсінікті оның қайдан алғаны белгісіз. Өйткені, Құранда, не Інжіл, Тәуратта ақыл жайында ештеңе айтылмаған және ақыл туралы ғылыми зерттеулер де жоқ. Ендеше ақыл туралы осылай үзілді-кесілді пікір айтуға бола ма?

Ақыл туралы тек Бһагавад Гитадан ғана толымды жауап таба аласыз. «Жансыз заттан сезім мүшелері, сезімнен ақыл, ақылдан зерде жоғары, ал ол (жан) зердеден де жоғары тұр» (Б.Г. 42 өлең) –дейді қасиетті кітапта. Бұдан ұғарымыз сезім де, ақыл мен зерде (разум) да материалдық, тек жан ғана рухани.

Ал, Алла материалдық емес, рухани, ендеше Алланы материалдық қуат саналатын ақылмен тану мүмкін бе? Жоқ. Ақылмен біз айналамыздағы көзге көрінетін немесе микроскоп, телескоп сияқты құралдар арқылы байқай алатын заттарды ғана танып, түйсіне аламыз. Ал, рухтың табиғаты сондай: ол көзге көрінбейді және оның бар-жоқтығын ешқандай материалдық құрал арқылы анықтау мүмкін емес. Ендеше табиғаты рухани – Алланы материалдық ақылмен және микроскоп, телескоп сияқты құрылғылармен тануға бола ма? Бұл қисынға келмейтін жай.

Алланы қалай тануға болады?

Тағы да Бһагавад Гитаға жүгінейік. Құдай Өзінің сыйпаттары туралы Бһагавад Гитада жан-жақты және толымды баяндайды. Солардың бәрінен ұғарымыз: мына фәни дүниедегі көзге көрінетін, көрінбейтін барлық заттар мен тіршілік иелері түгел  Құдайдың мәңгі ажырамас бөлшектері, яки қуаты екен. Жан-жағымызды қоршаған әлемде Құдайдан басқа ештеңе жоқ, яғни бәрі Құдайдың қуаттары.

Барша әлем екі түрлі қуаттан тұрады: материалдық немесе фәни және рухани немесе бақи қуат. Фәни қуаттың табиғаты өткінші, ал бақи қуат керісінше мәңгілік. Мына фәни жалғанда бәрі жаратылады, сосын белгілі бір уақыт өмір сүреді, ақырсында өшіп жоғалады. Бұл адам, жан-жануар сияқты тіршілік иелеріне де, орман, өзен, тау сияқты жансыз табиғат бөлшектеріне де қатысты. Тіпті, уақыты келгенде Жер, Ай, жұлдыздар мен Күн, аспан да түгел жойылады. Бұл туралы да Бһагавад Гитада анық айтылған.

Алла фәни дүниені адам, жан-жануарлар мен жын-пері сияқты тіршілік иелері үшін белгілі бір мерзімге жаратқан, уақыты келген соң бәрі жойылады, содан кейін қайта жаратылады. Осылай үнемі қайталанып отырады. Бұны ауысып отыратын күн мен түнге немесе қыс пен жазға теңгеуге болады.

Ал, рух немесе жан керісінше мәңгі. Фәни әлемнен бөлек рухани әлем бар. Онда ештеңе жаратылмайды және жойылмайды. Онда тіршілік болған, бар және бола береді. Адам шын мәнінде ет пен сүйектен жаратылған тән емес, мәңгілік рух немесе жан. Ол фәни дүниеге келген соң фәни қуаттардың ықпалына түсіп, өзін мәңгілік жанмын деп санамай, керісінше өткінші тәнмін деп ойлайды. Пенденің ең үлкен қателігі де дәл осында, яғни өзін ауыратын, қартаятын және өлетін тәнмін деп санауында.

Алланы тану үшін жоғарыда фейсбукке жазған адам сияқты кітаптарды оқып немесе өзіңше ой жору арқылы ақиқатқа жетуге болмайды. Алланы тек Жаратқанның мейір шапағатымен ғана тануға болады, яғни Алла Өзін кімге танытқысы келсе, сол тани алады. Алланың бұндай шапағатына бөлену үшін Жаратқанға құлшылық етіп, күнадан аулақ болып, шариғат жолымен жүру қажет. Ақиқатты танудың жалғыз жолы – осы. Басқа жол жоқ.

Алланың сыйпаты

Жақында ютубтен біреудің «Құдай жерді жаратты, ал Құдайды кім жаратты?» деген видеосын көрдім. Оның пайымынша, жер мен жердегі барша тіршілікті Құдай жаратқан да, Құдайдың өзін санасыз табиғат жаратыпты-мыс. Бұл енді қисынға симайтын дөрекі ой жорудан басқа ештеңе емес.

Бһагавад Гитада жан туралы «Жан еш уақытта тумайды, өлмейді, өткенде жаратылмаған, қазір де, болашақта да жаратылмайды, ешкімнен тумайды, мәңгі бақи тіршілік етуші, әуел бастан бар және тән өлген кезде өлмейді» (Бһагавад Гита, 2-тарау, 20 өлең) деп айтылған.

Осыдан ұғарымыз: жан ешқашанда жаратылмаған, әуел бастан бар және мәңгі өлмейді. Ал, Алланың сыйпаты – рухани, яғни жан. Ендеше Алла ешқашан жаратылмаған, әуел бастан бар және мәңгі. Алланы белгісіз күш, табиғат жаратты деген ақылға сиымсыз есуастықтан басқа ештеңе емес.

Бһагавад Гитада адам сапасы жағынан Алламен тең, яғни ол да рух, бірақ сандық өлшем жағынан Алланың мәңгі ажырамас бөлшегі, яғни мәңгі қызметшісі деп айтылған. Мәселен, қол менің мәңгі ажырамас бөлшегім, яғни ол маған өле өлгенше бағынышты болып, қызмет етуі тиіс. Барша тіршілік иелері де Алланың мәңгі ажырамас бөлшектері және мәңгі қызметшілері. АҚИҚАТЫ осы.

Бұл АҚИҚАТҚА сіз сенесіз бе, жоқ па, қабылдайсыз ба, қабылдамайсыз ба – бәрібір, оған қарамастан АҚИҚАТ сол АҚИҚАТ күйінде қалады және оны ешкім, ешқашан өзгерте алмайды.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика