Қайрымдылық

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақиқатМұқтаж жандарға қол ұшын беру – дін тілімен айтқанда үлкен сауап, пендешілік тілмен айтқанда жұртшылықты ризашылыққа бөлейтін өте жақсы іс. Өкініштісі сол, бүгінде адамдардың бойындағы қайрымдылық сезімі азайып кетті, керісінше қатыгездік, іштарлық, тәкаппарлық сияқты өзгелерді кеудеден итеретін, жүрекке қайғы салатын жаман әдеттер белең алып барады.

Қанаттың қайрымдылығы

Ақмола облысының өкіл имамы Қанат Қыдырмин таяуда Астананың бас мешіті Әзірет Сұлтан мешітіне найб имам болып кетті. Біраз жыл облыс мұсалмандарына жетекшілік еткен жас та болса, бас болған азаматты шығарып салуға ел көп жиналды. Жергілікті кәсіпкер облыстың бұрынғы өкіл имамына жаңа шет елдік автокөлікты сыйға тартты.

Мұндай сый алуға Қанат Қыдырмин әбден лайықты еді. Содан болар, жұрт бұны осылай болуға тиіс деп қабылдады. Осы арада күтпеген жай болды. Қанат бауырымыз өзіне көрсетілген осындай сыяпатқа алғысын айтып, әлгі автокөлікті мешітте еден жуушы болып жұмыс істеп жүрген, күйеуі қайтыс болып, 7 баламен жесір қалған әйелге сыйлайтынын айтты.

Үйі жоқ, пәтер жалдап тұрып жатқан және үй алуға еш мүмкіндігі де жоқ жесір әйелге бұл аспаннан түскендей керемет сый еді. Қымбат көлікті үйге айырбастауға да немесе сатып, ақшасына баспана алуға да әбден болатын. Яғни, осы ісімен Қанат имам мұсылман баласының қандай болуы керектігін жұртшылыққа  айтпай-ақ көрсетіп бергендей болды.

Қайрымдылық неге азайып барады?

Ақша билеген қазіргі заманда «адам адамға дос, бауыр» деген қағидат кейін шегініп, әр пенде қарақан басы үшін ештеңеден тайынбайтын, ар-ұятты жиып қойып, ақша қуатын  болып барады. Таяуда редакцияға келген бір кейуана  ішкі істер органына арыз жазып беруді сұрады. Оның туған жиені, яғни қызының қызы үйінің құжаттарын ұрлап алып, енді қуып шықпақшы екен.

Туған немересі кейуананы сотқа беріп, үйін тартып алмақ болып біраз әурелепті. Сотта дәлелдей алмай, керісінше өзінің алаяқтығы ашылған соң да тоқтамай, қуғынды жалғастыра берген. Әбден мезі болған кейуана ішкі істер органына шағымданып, немересінің үстінен қылмыстық іс қозғатпақ екен. Міне, бүгінгі күннің шындығы осындай.

Адамдар неге қатыгезденіп барады? Деген сауалға жалғы ауыз сөзбен – имандылықтың жоқтығынан деп жауап беруге болар еді. Иә, адамдардың азғындауы иманның аздығынан, Аллаға деген сенімнің жоқтығынан болып отырғаны анық. Жоғарыда аталған Ақмола облысының мұсылмандарына жас та болса бас болып, біраз жыл өкіл имам болған Қанат Қыдырминнің ісі осыны айғақтайды. Жергілікті журналист Бақыт Смағұл Қанаттың осыдан тоғыз жыл бұрын, алғаш имам болған жылдары бір кәсіпкердің  сыйлаған машинасын мұқтаж біреуге бергені туралы жазды. Дүние, байлыққа қызықпайтын, Аллаға деген сенімді жүрегіне берік орнатқан адам ғана осылай жасай алады.

Бүгінде миллионер, тіпті миллиардерлер де баршылық. Бірақ солардың қайсысы шын мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайрымдылық жасап жатыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір алпауыт байдың баласы үйленіп, соның тойына 150 миллион доллар жұмсады деп жазды интернетте. Ау, сонша ақшаны желге шашқанша, үйсі-күйсіз қиындық көріп жүргендерге баспана алып берсе, қанша сауап алар еді, одан қалды елдің алғысын алар еді.

Бірақ, байлар ақшаларын кедей-кепшікке көмек беруге жұмсауға қимайды, керісінше түкке тұрғысыз нәрселерді сатып алуға немесе атақтарын шығару үшін той жасап, шашуға жұмсауға ықыласты. Құранда ондайлар туралы байлығын қарақан басы үшін жұмсағандарға о дүниеде аузы-мұрнынан ерітілген күміс құйып, азаптайтыны айтылған аят бар. Бірақ, бүгінгісін ғана ойлайтын көрсоқыр пенделер о дүниенің азабын қаперге алмай, ақшаларын желге шашып, сауаптан да, жұрттың алғысынан да құр қалып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика