Ұсақ-түйекке назар аударма

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақшаЕлу жыл бұрын егде жастағы ауыл дәрігері қалаға келді. Атын бағанға байлаған дәрігер қосалқы есік арқылы дәріханаға кірді. Бір сағаттан астам уақыт бойы дәрігер мен дәріхана клеркі дауыстарын ақырын шығарып саудаласумен болды. Содан кейін дәрігер шығып кетіп, ескі тостаған  мен ағаш ілгішті алып кірді.

Клерк тостағандағы  нәрсемен жан-жақты танысқан соң 500 долларлық бір бума ақшаны дәрігердің қолына ұсынды. Бұл оның өмір бойы жинаған ақшасы еді. Ақшаны алған дәрігер ең маңызды нәрсені – құпия формула жазылған қағазды берді.

Қағазда жазылған формула үшін алпауыт байлар жарты байлығын беруге әзір еді. Бұл сыйқырлы сөздер тостағанды қайнатуға тиіс-тін. Бірақ та, дәрігер де, клерк те бұл тостағаннан қаншалықты байлық табуға болатынын білмейтін.

Егде дәрігер өзінің рецептін 500 долларға сатқанына дән риза болды. Клерк ешқашан өзінің бар жиғанын ескі тостаған алуға жұмсаймын деп ойламған-ды. Дегенмен бұл тостағаннан алатын ақшамен Алладиннің сыйқырлы шамы да бәсекелесе алмайды деп ойлады ол.

Клерк жаңа идея ойлап тапты. Бірақ та, тостағанның таңғажайыбы оның бұрынғы иесі білмеген жаңа нәрсені клерк іске қосқанда ғана көріне бастады. Бұл не екенін ойлап көріңізші?

Ал енді бұл идеяның қаншалықты зор байлық әкелгендігіне назар аударып көрелік. Ең алдымен, ескі тостағандағы нәрсені сатушылар ақшаға қарық болды.

Ескі тостаған бүгінде тәтті қамыс жинаушылар мен қант зауыты қызметкерлеріне жұмыс тауып беріп отырған  аса ірі қант тұтынушы кәсіпорынға айналды.

Ескі тостаған бүгінде әйнек жасайтын жүздеген кәсіпорындарда еңбек ететін адамдарды жұмыспен қамтушы миллиондаған шыны ыдыстарын тұтынушы.

Ескі тостаған – клерктер мен стенографистердің, сценаристердің, жарнама жөніндегі сарапшылардың орасан зор армиясын жұмыспен қамтып отыр. Ол жасалған өнімді жарнамалаған көптеген әртістерді байлыққа кенелтті.

Ескі тостаған оңтсүтіктегі шағын қалашықты оның астанасына, қазіргі күнге дейін бизнес пен өнеркәсіп орталығы болып отырған іргелі қалаға айналдырды.

Онымен сәл ғана жанасқан әрбір адамға ол үлкен пайда әкеліп, қоғамның дамуына да зор серпін беруде.

Ескі тостағандағы байлық оңтсүтіктегі мыңдаған жастарға білім беріп, өмірден орындарын табуға негіз жасап отырған іргелі колледжді дүниеге келтірді.

Егерде ескі мыс тостағанға тіл бітер болса, көптеген таңғажайып оқиғаларды әлемнің сан тілдерінде айтып берер еді. Бизнеске деген сүйіспеншілік пен күн сайын сергітетін мыңдаған әйелдер мен ерлердің ризашылықтары туралы.

Міне, осындай бір оқиғалардың бірімен осы кітаптың авторы да тоқайласқаны бар. Бұл оқиға егде дәрігердің клеркке ескі тостағанды сатқан жерінен онша алыс емес аумақта өткен болатын. Сол жерде автор осы оқиға туралы алғаш айтқан болашақ жарын  кездестірген еді. Олар сол арада болашақтарын байланыстырған сол сусында ішіп отырып әңгімелескен.

Сіз нендей іспен айналыспаңыз, қай жерде тірлік кешпеңіз, «кока-кола» деген сөзді естіген кезде осындай алып империяға негіз болған дәріхана клеркі Эза Кэндлердің егде дәрігерден сатып алған рецептіге өз болжамымен қосқан қоспасы туралы есіңізге алыңыз.

Ал енді бөгеліп, ақылға салып көріңіз. Ойланыңыз. Осы тарауда әңгімеге тиек болған принцип кока-кола сусынының әрбір деревняны, әрбір қалашық пен қаланы жаулап алуына себеп болғандығын еске алыңыз. Егер сіздің басыңызға да сондай таңғажайып идея келер болса, онда сіз әлемдік рекордты жаңғыртқан палуанша таңғажайыпты жасауыңызға мүмкіндігіңіз бар деп сеніңіз.

Бір аптада миллион доллар

Бұл айтылған әңгіме тарихының астарында «кімде ерік болса, оған байлық серік болады» деген халық даналығының растығы жатыр. Бұл әңгімені Чикагоның қасапханасынан жұмысын бастаған ағартушы, уағызшы марқұм Фрэенк У.Гансолэс айтып еді.

Колледжде оқып жүрген жылдарында Гонсолэс білім беру жүйесіндегі көптеген кемшіліктерді егер өзі оқу орнының басшысы болса түзер едім деп армандайтын. Ол өз идеяларын жүзеге асыру үшін оқытудың дәстүрлі тәсілдерімен қабыспайтын жаңа оқу орнын құруға пайдалануға бел байлады.

Бірақ та, бұл үшін миллион доллар қажет болды. Ақшаны қайдан алуға болады? Бұл ой жас священникке көп уақыт бойы  маза таптырмады. Таңертеңгі құлшылық ету үстінде, күндізгі жұмыстарында – барлық уақытта осы ой көлеңке сияқты қыр соңынан қалмай қойды.

Дегенмен, қанша бас қатырса да доктор Гонсалэес сонша ақшаны қайдан алуға болатынын білмеді. Оның орнында басқа адам болса: «Идеяң жақсы-ақ, дегенмен сонша ақшаны сен ешуақытта жинай алмайсың» деп күдер үзіп қояр еді.

Бірақ та, доктор Гонсалэс басқаша ойлады. Енді әңгімені оның өзіне беріп көрейік.

Бір сенбіде таңертең үйде отырып әдеттегідей ақшаны қайдан табамын деп ойға баттым. Мен екі жыл бойы үздіксіз ақша табу туралы ойлап келген екенмін. Өз жоспарымды жүзеге асыру үшін қажетті миллионды қалай табамын? Сол күні мен өзіме-өзім: «тек ойлай беруді доғар» дедім. Бір аптаның ішінде менде миллион доллар болады. Оны қалай, қайдан табарымды білген де жоқпын. Бірақ та, мен ең басты қадамды жасадым: ақша сомасы мен оны табу мерзімін белгіледім. Ішкі бір үн сол сәт маған: «Осыны бұрын неге жасамадың? Шындығында сені ақша баяғыдан күтіп тұрды емес пе» дегендей болды.

Одан кейінгі оқиғалар бас айналдырар шапшаңдықпен өрбіді. Мен журналистерді шақырып алып: келесі күні таңертең «Егер менде миллион доллар болса, оны қалай пайдаланар едім» деген тақырыпта уағыз айтамын дедім. Содан кейін дереу жоспар құруға кірістім. Шындығында, оны жасау көп қиындыққа түскен жоқ, өйткені бұл идея менің бсымда екі жылдан бері бар тұғын. Сол күні кешкілік мен өзіме-өзім нық сеніммен ұйқыға жаттым. Мен сол сәт миллион доллар қалтама түскендей сенімде болдым. Келесі күні таңертең ерте тұрып, тізерлеп отырып дұға оқыдым. Мен Құдайға маған миллион доллар беретін адамның уағызымды тыңдауын сұрап құлшылық жасадым. Сол сәт менде ақшаның өзіме келетініне деген нық сенім болған еді.

Мен қатты толқығаным сонша, үйден шыққанда уағыз мәтіні жазылған қағазды алуды есімнен шығарыппын. Ол тек мінберге шыққанда ғана есіме түсті.

Әрине, қағазымды алу үшін үйге қайта баруға тым кеш еді. Содан іштей тағы Құдайға құлшылық қылдым. Мен мінерге көтерілген кезімде іштей уағызды қайталап айтумен болдым және оны ойыммен емес, жүрегіммен айттым. Өзімнің арман-мақсаттарым туралы, білім берудің жаңа тәсілдері жайында. Мен тек жиналған қауымға ғана емес, Құдайға да арман-мұратым туралы айтып тұрдым. Мен егер қолымда миллион доллар болса онымен не істейтіндігімді нақтылап айтып шықтым. Сол арада ғажайып оқу орнының жоспарын, онда білім алатын жастарды, олардың оқу мен тәжірибені бірге ұштастыра отырып, сапалы білім алатындығын – бәрін-бәрін  баяндап бердім.

Мен сөзімді аяқтап, орныма отырғанымда үшінші қатардан бір ксі орнынан тұрып маған ақырын басып жақындады. Мен оның не оймен келе жатқанын білгенім жоқ. Әлгі мінберге көтеріліп, қолымды қысып: «Құрметті тақсыр, сіздің уағызыңыз маған қатты ұнады.  Егер сізде миллион болса, айтқаныңыздың бәрін жүзеге асыратыныңызға мен сенемін. Мен сіздің уағызыңызға, қолыңыздан мақсатыңызға жету келетініне сенетінімді дәлелдеу үшін миллион долларды сізге беремін. Ертең менің офисіме келңіз, менің есімім Филип Д.Армур, -деді.

Сөйтіп, мистер Армур Гонсалэске уәде еткен миллион долларды берді. Міне, сол ақшаға бүгінде Иллин технологиялық институты аталған Армур оқу орны ашылған еді.

Жалғыз идея жас священникке осындай қаржы әкелген болатын. Ол идеяны екі жыл бойы санасында пісірді.

Осы арада мына жайға назар аударыңыз: Доктор Гонсалэс шешім қабылдап, жоспар құрғаннан кейін небары 36 сағат ішінде миллион доллар тапты.

Священниктің миллион доллар тапсам деп армандауы ешкімді де таң қалдырмайды. Кім байлықты армандамайды дейсіз. Дегенмен, оның армандауының бір ерекшелігі жәй арманнан нақты шешім қабылдау түріндегі әрекетке көшуі еді. Екі жыл бойы тек армандумен шектелген священник кенет «Бір аптаның ішінде миллион долларды табатын боламын» деп шешті.

Доктор Гонсалэсті мақсатына жеткізген табиғат заңы бүгінгі күнде де толыққанды жұмыс жасайды және ол барша адамға қолжетімді.

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика