56 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Мен ол кезде Ресейдің Сібір аймағындағы шағын деревняда тұрған едім. Қалаға қоныс аударғаныма біраз  жыл болып қалды. Бірақ көңіліме маза таптырмай жүрген тылсым жәйт туралы айтпасам болмайтын секілді, -дейді осы оқиғаның куәсі болған әйел.

Бұл сексенінші жылдардың орта тұсы болатын. Өзіммен көрші тұратын Анна Гавриловна есімді орта жастағы әйелмен өте сыйласып тұрдым. Анна шын мәнінде қайырымды, жұмыскер әрі табыскер жан еді.  Колхоздың жұмысын да, үй шаруашылығын да қатар атқарып, бәріне үлгеріп жүретін. Тіпті көршілеріне де қарайласып тұратын.  Оның басында бір ғана қайғысы бар еді, жалғыз қызы Лиза әбден ішкіліке саланып кетті. Мектепте оқып жүргенде-ақ күмәнді бір топпен байланысып, арақ ішіп, анаша шегіп, келе-келе үйіне қонбайтын әдет тапты. Аз уақытта  жиырмадан енді ғана асқан  бойжеткеннің  кескін-келбеті бұзылып, мыж-мыж болып, қырықтардағы әйелдерге ұқсап қалды. Лизаның сау жүрген күнін көрмейтін болдық, ұдайы мас боп келіп шатақ шығарып жүргені. Анасы байғұс  қызын бұл кесапаттан арашалап алғысы келіп, не істемеді десеңізші! Бұзақы топтың арасынан да алып шықты,   милицияға  түскен жерінен де (кейін білгеніміздей, Лиза ұсақ ұрлықтар жасап, бұзақылық әрекетттерге де барып жүреді екен) сан мәрте шығарып алды. Бірақ әбден теріс жолға түскен қызының түзелер түрі көрінбеді.

Анна Гавриловна осылайшы іштен тынып  жүріп жатты. Күйзеліске түскен көршіме мен де жәрдем беруге тырыстым. Бір есін жиған кезде Лизаға ақылымды да айтып көрдім, Анасын тыңдамаған ол  мені қайдан тыңдасын, өзімді келеке  етеді. Дегенмен, Анна қызының түзелетініне, бір ғажайыптың болатындығына сенімді еді. Бірақ ешқандай ғажайып болған жоқ.

Күндердің күнінде Лиза қайтыс болып кетті. Жүрегі шыдамады ма, әлде  бірдеңе  ішіп  уланып қалды ма, дәрігерлер мен милиция ол жағын тергеп, тексеріп жатпады.  Өлді ме, өлді,  молаға  апарып жерлей салды. Тек анасы ғана қара жамылып, қызын жоқтаумен болды.

Қызы қайтыс болған соң көп  ұзамай Аннаның көңілінде бір өзгерістің  бар  екендігін байқадым. Ақыл есі ауысып кеткен секілді, басы ауған жаққа жүріп кетіп, түсініксіз жайларды әңгімелейді. Көшеде кездескендердің барлығына айтатыны — түн баласында үйге өлген қызы келіп жүреді-міс. Келіп алып, өзінің теріс қылықтары, анасын ренжіткені, уайымға салғаны   үшін ұдайы кешірім сұрайтын көрінеді. Ауылдастары әрине, оның бұл сандырағына  сене қоймады. Жалғыз қызынан айрылған ана күйікті көтере алмай, есінен ауысып кеткен болар деп топшылады. Бірақ өз басым қатты ойланып қалдым, өйткені қызының қалай келіп, қалай кететіні  жайлы Анна маған тәптіштеп айтып беретін. Денем түршігіп, қорқып  тыңдасам да  байғұс әйелдің сөзінде бір шындықтың  бар екендігін сезетінмін.

…Сол түні қатты ұйықтап қалған екенмін, есіктің қатты қағылған дүрсілінен  шошып ояндым. Түн ортасында бұл кім болды екен деп есікке барып едім, аржағынан  қарлыққан әйел дауысы естілді: «Настя апай, бұл мен ғой Лиза,  тез барыңызшы,  анам қиналып жатыр…»

Түкке түсінбей сасқалақтаған мен есікті ашып қалдым, бірақ сыртта ешкім де жоқ  еді. «Лизамын деді ме? Бірақ ол өліп қалған жоқ па еді! Бұл не сонда, бейшара қыздың анасына келіп жүретіні шын болғаны ғой.  Санама енді ғана жеткен ойдан шошып кеттім. Әйтсе де бар батылдығымды бойыма жиып, жалаңаяқ, жалаңбас қалпыммен көршімнің үйіне қарай жүгіре жөнелдім. Үйдің сыртқы есігі ашық екен. Анна ас үйдің еденінде қимылсыз  жатыр. Бір жақсысы  әйтеуір  үйінде  телефон бар, дереу жедел жәрдемге қоңырау шалдым.  Абырой болғанда дәрігерлер тез жетіп, дер кезінде ем жасады. Әйелдің жүрек талмасы ұстап қалыпты. Анна Гавриловна  ауруханада біраз күн жатып емделіп шықты.

Осыдан соң оның жағдайы бірте-бірте жақсара бастады, жүзіне қан жүгіріп, қасірет-қайғыдан қартайып, кемпірдің кейпіне енген   Анна   аз уақытта гүл жайнаған әйелге айналды. Өзінің айтуынша, осыдан кейін оны қызының аруағы мазалауды біржолата қойыпты.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика