Өміріңізді өзгерту өз қолыңызда

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

су құйынуӨмір жолын енді бастаған жастар үшін өмір құпияға толы жұмбақ дүние сияқтанып, алдағы күндерден белгісіз бақыт күтумен күндерін өткізеді. Ал орта деңгейлі, онан кейінгі егде тартқан адамдардың тірлігі көбіне бірсарынды ішпыстырарлық  қалыпқа түсіп, көңілді селт еткізер жағымды жаңалықсыз сұрғыл өмірге айналады. Егер сіздің күндеріңіз бірсарынды ішпыстырарлық болып өтіп жатса, өзіңіздің жағдайыңызға көңіліңіз толмаса, онда өміріңізді өзгерту жайында ойлағаныңыз жөн.

Өміріңізді өзгерткіңіз келсе, алдымен ойыңызды өзгертіңіз

Қайыршыдан миллионерге айналған америакандық өзін өзі жетілдіру тақырыбында көп еңбектер жазған Брайан Треисидің айтуынша, өмір жолын өзгерту үшін ең алдымен өз ойыңызды өзгерту қажет. Оның пайымдауынша, адамдар өз ойлары арқылы айналасындағы ортаны жасайды.

Егер сіздің басшыңыз жаман болса, жұмыс істейтін ұжымыңызда ауызбірлік болмаса, ұрыс-керіс көп болса – бұның бәрі өзіңіздің ақыл-ойыңыз арқылы жасаған әрекетіңіздің жемісі деп санайды Треиси. Бұл жағдайды өзгерту үшін ең алдымен өз ақыл-ойыңызды өзгерту қажет екен.

Өмірде кездесетін, бізді қоршаған адамдардың көбі жағымсыз нәрселер туралы ойлап, сол жайында көп айтуға бейім. Теледидарды ашып қалсаңыз,қылмыс, апат, кісі өлімі жайындағы жағымсыз жаңалықтарды көресіз. Кездесе кеткен жерде адамдардың көбі «жалақы жетіспейді, бәрі қымбаттап барады, биліктегілердің бәрі жемқор» деген сияқты жағымсыз жайларды айта бастайды.

Сіз үнемі сондай жағымсыз жайлар туралы ойлап, сондай ақпараттар алсаңыз және сондай көңіл күйдегі адамдармен араласып, өзіңіз де жағымсыз нәрселер туралы айтатын болсаңыз, осы әрекетіңіз арқылы өзіңізге жағымсыз нәрселерді тартатыныңызды сезбейсіз дейді Брайан Треиси.

Бұдан құтылудың жолы ойыңызды өзгерту. Ол үшін жағымсыз жаңалықтарды тыңдамаңыз, жағымсыз нәрселерді айтатын адамдардан іргеңізді аулақтау салып, өзіңіз жақсы жайлар жайында көбірек ойлаңыз. Осылай жасасаңыз, көп ұзамай сізді қоршаған адамдар өзгеріп, жағымды нәрселер жайында айтатын адамдармен араласа бастамақсыз.

Әдетке айналмаған нәрсенің бәрі қалады

Өміріңізді өзгерткіңіз келсе, жақсы әрекеттерді әдетке айналдыруға тырысыңыз. Бұл әрине, бірден келе салмас, дегенмен, ақырындап бір айда бір әрекетті әдетке айналдырсаңыз, келесі айда екіншісін, сөйтіп, біртіндеп бірқатар пайдалы шаруаларды жасауды берік әдетіңізге айналдырсаңыз, өміріңіз әп-сәтте өзгеріп сала бермек.

Треиси осы орайда, ерте тұруды берік әдетке айналдырудың мынадай пайдаларына тоқталады. Таңертеңгі сағат 5-6 аралығында ояну қажет деп санайды ол. Содан кейін жуынып-шайынып алғасын аздап жұмысыңызды пысықтаған жөн. Ұйқыдан тұрған тынық мимен алдағы жұмысыңызды жоспарлау да жеңіл болмақ. Бүгін не істеймін, қандай шаруаларға баса назар аудару қажет деген жайларды ой елегінен өткізіп пысықтап алған соң сіз жұмысқа толық дайын боласыз. Осылай басталған жұмыс нәтижелі болмақ.

Ал кеш тұрған адам тамағын асығыс-үсігіс іше сала жұмысына жүгіреді. Мұндай жағдайда әрине, бүгінгі атқаратын жұмыс жайын ойлап, пысықтап алу туралы айтуға да болмайды. Жұмысқа осылай дайындықсыз келген адамның ісі де өнбейтіні белгілі.

Жағымды тағы бір әдет күнде таңертең кем дегенде 20-30 минут дене жаттығуын жасау. Егер сіз бұны берік әдетіңізге айналдырып алсаңыз, өзіңізді күнұзақ сергек сезінетініңіз өз алдына, денсаулығыңыз жақсарып, ондай-мұндай арулардан аулақ болмақсыз. Ал, дені сау, сергек адамның ісі де өнімді болатыны белгілі.

Ерте тұру үшін ертерек ұйқыға жату қажеттігі түсінікті. Трейси кешкі сағат 10-нан қалмай ұйқыға жатқан жөн деп санайды. Ересек адамға 6-7 сағат ұйқы жеткілікті болып саналады. Сонымен бірге, жағымсыз жаңалықтар, қорқынышты фильмдер көруден аулақ болып, өсек-аяңға үйір болмаңыз. Күн сайын бірер сағат таза ауада серуендеу, ұйықтау, тамақтану режимін сақтап, салауатты өмір салтын ұстану – бұлардың бәрі денсаулығыңызды нығайтып, өмірге құштарлығыңызды арттырмақ. Міне, осындай жақсы әдеттерді бойыңызға берік сіңірсеңіз өміріңіздің өзгеріп сала берері анық.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика