Өткінші, жалған дүние

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ажалМына фәни жалғанда бәрі өткінші екенін білу, түйсіну үшін данышпан болудың еш қажеті жоқ. Біз мына дүниеде бес күнгі қонақ сияқтымыз. Қонақ аунап-қунап бірнеше күн туыстарының, достарының үйінде жатады, содан кейін қош айтысып, өз үйіне қайтады. Сол сияқты мына дүниеде барлық адамдар уақытша тірлік кешіп жатыр. Олардың қол жеткен жетістіктері, жиған-терген дүниесі мен бала-шағасы, ақырсында өмірі — бәрі де УАҚЫТША.

Кешегі премьер-министр, бүгін…

Кеше бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың соты басталды. Күні кеше оққағарлары жан-жақтан қорғап, әкім-қаралар жалбалақтап құрақ ұша қарсы алатын лауазым иесі бүгін ешкімнің қошемет-қолдауынсыз сот залына келіп, көпшіліктің арасында отырды. Жемқорлық жасап, ірі көлемде пара алды деген айып тағылған экс премьердің қазіргі ахуалы мына жалғанның өткінші екендігін көзге шыққан сүйелдей анық дәлелдеп тұрғандай.

Адамдардың көбі жанталасып дүние жинайды, үй салса мәңгі тұратындай етіп сәулетті сарай салады, ішін дүние-мүлікке толтырады, малына киініп, ішіп-жеп, туған туыстарымен араласып, ойын-тойларға барып, әйтеуір өмірдің қызығын белшеден бата көргілері келеді. Олар жандарын жалдап, имандарын алдап жүріп тапқан дүниелері мен қол жеткен атақ-мансаптары УАҚЫТША екендігін мүлдем қаперге алмайды.
Күні кеше премьер-министр болып, түкірігі жерге түспей тұрған адамның бүгінгі ахуалынан неге сабақ алмаймыз? Ахметов сияқтылар аз ба? Генерал шенін алып, байлық пен мансаптың шыңына шыққан Рахат Әлиев деген адам өзіне қол салып, бақилық болды. Өмір өткінші, жалған болмаса – бұл не?
Бүгін көздеріне шел бітіп, қолдары жеткен байлық пен мансапқа, атаққа малданып, мәңгі солай бола беретіндей сезініп жүрген ПЕНДЕЛЕР – сендерге бұл САБАҚ емес пе?

Шыңғыс ханның моласы жайлы

О дүниеге өзімен бірге сабақты ине әкеткен кім бар? Адам өлгенде ол жинаған байлық пен мансабы, атағы, бала-шағасы – бәрінен ЖҰРДАЙ БОЛЫП АЙРЫЛАДЫ. Бірақ пенделер осы ақиқатты мүлдем түсінбейді және түсінгілері келмейді. НАДАНДЫҚТЫҢ ең үлкені де осы.
Жарты әлемді жаулап алған Шыңғыс хан өлгенде өзімен бірге көріне мол қазынасын, аттары мен құл-күңдерін ала кетіпті деседі. Ол көмілген жердің үстін соқамен жыртып, мал айдап таптатып тастапты деседі. Әлі күнге дейін Шыңғыс ханның моласын ешкім таппады.
Бірақ, егер сіз жихангер патшаның моласын таптыңыз делік. Одан сіз не көрер едіңіз? Шіріп кеткен сүйектер мен (ханның сүйегі де әлдеқашан шіріп кеткен) тот басқан алтын-күміс, басқа да бағалы заттар – сіз көрер құндылықтар осы ғана. Яғни, ешқандай пенде о дүниеге ештеңе әкете алмайды. Бәрі жалған дүниеде қалады.

Мәңгілік мекен

Ақылы бар адам бес күнгі қонақта болған күндегісін емес, өзінің өле-өлгенше тұрып, күн кешер тұрақты мекен-жайын ойлап, сол үшін қам жемек. Егер болашақ бақытыңызды қамтамасыз етемін десеңіз, фәни жалғанның қызықтарына бар күш-қуатыңыз бен өміріңізді жұмсап, арамтер болмаңыз, Алланың бұйырғанын қанағат тұтып, МӘҢГІЛІК МЕКЕН жайын ойлаңыз.
Құранда «Бұл дүние бес күнгі ойыншық ермек қана, шын өмір ақыретте» деген аят бар. Шын өміріміз, МӘҢГІЛІК МЕКЕНІМІЗ ақыретте, яғни бақи дүниеде. Сондықтан жалған дүниенің емес, БАҚИ ДҮНИНІҢ жайын ойлап, сол үшін әрекет етуіміз ақылдылық болады. Ал жалған дүниеге алданғандар — НАДАНДЫҚ құрсауындағы шерменделер. Бұл – АҚИҚАТ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика