Өзге әлеммен байланысқан Коршунов

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ютубте өзге әлеммен ұзақ жылдардан бері байланысып келе жатқан Виктор Коршунов туралы біршама видеолар бар. Олардың біразы кеңес заманында түсірілсе, басқалары кейінгі кезеңдерде жасалған. Коршуновтың айтуынша, ол ұзақ жылдардан бері өзге әлемнен келген келімсектермен байланыс жасайды. Келімсектердің жерде ұшатын базасы да бар көрінеді.

Пермь аномалиялық аймағы

1980-ші жылдардың соңында жариялылық лебі есе бастаған тұста ұшқыш тарелкалар, бөгде планеткалықтар, аномалиялық әртүрлі аймақтар жайында баспасөзде жазылып, телехабарлар беріле бастады.  Тіпті, өздерін жат планеталықтардың ұшқыш табақшаларына отырғызып алып кеткендігін айтып, бастан кешкендерін баянадаған адамдар да табылды. Солардың бірі – Виктор Коршунов.

Ол кезде Латвияда тұратын Виктор Коршунов бірнеше жолдастарымен бірге түрлі ұшқыш табақшалары жиі көрінетін аномалиялық аймақтардың бірі – Пермь облысына жол тартады. Еңбек демалысын алған олар аномалиялық аймақты зерттеп, жұрт арасында айтылып жүрген әңгімелердің рас-өтіріктігін анықтамақ болады. Енді оның өзіне сөз берейік.

-Аномалиялық аймаққа кіретін орман арасында палатка құрып, өзісмізше зерттеуді бастадық. Күнде кешкісін кезектесіп түнгі күзетшілікке тұрамыз. Сол күні менің кезегім болатын. Жанған отқа қарап қысқан ұйқыға бой алдырмауға тырысып отырғанмын. Кенет орман арасынан шығып, ақырын қалқып келе жатқан жарық шарды көрдім. Әлгі ұшып келіп, оттың үстінде қалқып тұрды. Шар сияқты найзағайлар болады екен дегенді бір жерден оқыған мен тиіп кетсе ток соғып, сеспей қатырарын сезіп, зәрем ұшып қимылсыз қатып қалдым. Қанша тұрғаны белгісіз, бәлкім бес-он минут болар, шар қалықтап  қараңғыға сіңіп жоғалды.

Бұл туралы мен жолдастарыма ештеңе айтқаным жоқ, -деп есіне алады Коршунов. Оның не нәрсе екендігін білмегендіктен, үрей туғызбайын деген ол аңысын аңдып, арты не боларын күтеді. Ол көп күтпейді, жарық шар болып келген жат планеталықпен  келесі күні түнде кездеседі.

Дыбыссыз тілдесу

Түнде палаткамда көзім ілінбей ұйықтай алмай жаттым, -деп есіне алады ол. –Бір кезде кенет санамда бөтен біреудің пайда болғанын сездім. Әлгі бөтен жан санама еніп, түрлі сұрақтар қоя бастады. Бұның өзі ұйқысыраудан немесе ойға берілуден туған нәрсе емес еді. Менің ойыммен қабаттасқан бөтен ой иесінің кім екенін білмей бойымды үрей биледі. Содан  қорқынышымды басып, «сен кімсің» деп сауал қойдым. Бірақ сауалым жауапсыз қалды, керісінше ол төпелеп сұрақтар қоюда. Еріксіз соның ыңғайына көшіп, сұрақтарына жауап бере бастадым. Әрине, дауыстап емес, бәрі ойша. Яғни, екеуміздің тілдесуіміз ой деңгейінде жүрді.

Белгісіз жан Коршуновтан өзі тіршілік етіп жатқан орта, қоғам, мемлекеттік құрылым туралы жан-жақты сұрақтар қойып, жауап алыпты. Өз кезегінде Коршунов та оған бірнеше сауал қояды. Сонда білгені: ол өте алыстағы – 17 миллион жарық жыл қашықтықтан ұшып келген жатпланеталық екен. Олардың планеталары, тіпті басқа галактикада болып шығыпты. Көзіне көрінбей, ой арқылы сөйлескен келімсекке Коршунов оны көзбен көрігіс келетінін айтады. Сонда ол денеңді бос ұстап, жәйбарақат тұр дейді. Сәлден соң Коршунов тәнінен бөлініп шығып, астральдық денесімен көкке көтеріледі.

Біз орнатқан палаткаларға жақын жерде табақша сияқты дөңгелек ұшқыш аппаратты, оның жанында жүрген ұзын бойлы скафандр киген бірнеше сұлбаны көрдім. Олар әлдене жасап жатты, -деп есіне алады Коршунов. Жатпланеталықтардың бұлардың көзіне көрінбейтіні, олар нәзік тәнмен жүреді екен және қажет болғанда материаланып, көзге көрінетін дәрежеге көтеріледі.

Коршуновтың матрицасы

Бұл оқиға жайлы Коршунов достарына ештеңе айтпайды. Өйткені, өзі де дұрыс түсінбеген жайды оларға не деп айтарын білмейді. Бір жетіден астам уақыт орманда болған олар туған жерлеріне қайтады. Үйіне келген соң бірнеше күн өткенде Коршунов орманда өзімен сөйлескен жатпланеталықпен тағы кездеседі. Осыдан кейін олардың арасында тығыз байланыс орнайды.

Келімсек Коршуновты ұшатын табақшаларына отырғызып, өз планеталарына да алып барыпты. Біздегідей бай-кедей деп бөлінбейтін, ғылымы қарыштап дамыған  олардың орташа жастары 700-800 жыл екен. Және Коршунов олардың арасынан шаштары ағарып, беттерін әжім басқар қарттарды кездестірмепті. Яғни, қартаймай, ауырмай сонша жыл өмір кешеді екен. Оның бөгде планетада көргендері өз алдына үлкен бір әңгіме, сондықтан оған көп уақыт өткізу артық болар. Ең бастысы, жатпланеталықтардың Коршуновқа сыйлаған тосын сыйы – матрицасы туралы әңгіме етпекпіз.

Матрица – бұл белгісіз материадан жасалған адамның көшірмесі. Коршуновқа жатпланеталықтар сондай матрица жасап береді. Енді ол түн болса сол матрицаға еніп, қас қағымда қалаған жеріне бара алады. Коршунов Айда, Күнде, Марста, басқа да планеталарда болыпты.

Айда үлкен жартаста жер бетінде түрлі дәуірде өмір кешкен атақты адамдардың тізімі бар екен. Сол тізімнен ол Архимед, Ньютон, Эйнштейндермен бірге мұздай суға шомылып, денсаулықты нығайту тәсілінің авторы Порфирий Ивановты да көрген.

Коршуновтың матрицасы туралы кезінде баспасөзде жазылып, телехабарлар да ұйымдастырылған. Бірде оны КСРО-ның ең қуатты мекемесі – КГБ генералы шақырып, отан үшін барлау қызметін жасауды ұсынады. Полковник шенін де бермек болады. Бірақ Коршунов бұндай ұсыныстан бас тартқан. Оған кейінірек үлкен компаниялардың басшылары  қап-қап ақша береміз, бізге қызмет ет деп қолқа салған. Солардан қашқан Коршунов ұзақ жылдар томаға тұйық тірлік кешеді. Қазір ол Ресейде тұрады. Жат планеталықтар туралы сұрағандарға  бүкпесіз жауап береді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика