Өзгенің ақылымен жақсы іс істегенше, өз ақылыңмен жаман жұмыс жаса

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақылАдамдардың көбі өз бетінше шешім қабылдап, өз ақылымен шаруа жасауға құлықсыз. Ондайлар әдетте қандай істі қолға алмасын біреулерден ақыл сұрап, солардың айтқанын жасап жатады. Бұндай  қадамға олар көбіне жауапкершілікті мойнына алудан қорыққандықтан барады. Егер ісі оңға басса, абырой өзінікі, ал сәтсіздікке ұрынса, ақыл айтқан адамға бар кінәні аудара салуға болады.

Жалтақтық жарға жығады

Әр адамға Алла ақыл-ой, сана, ми берді. Дегенмен, соны пайдаланып, өз бетінше іс жасаудың орнына, еш ойсыз өмір кешетіндер бар. Олар бірлі-жарым болса, жә деп қоя салуға болар еді, өкініштісі сол, ондайлар өте көп.

Мен бір мекемені басқаратын елуді еңсерген жігітті білемін. Әлгі ешқашан өз ақылымен шаруа жасамайды. Ол  бар істерін өзі қорғаныш көретін үлкен кісінің ақылымен жасайды. Білдей мекемені басқарып отырған азаматтың  жалтақтығы, жауапкершілікті мойнына алудан қорқатындығы, қандай істе де «ағаймен ақылдасып алайын» деп өзі құдайдай табынатын үлкен кісіге жалтақтайтыны нәтижесінде өзіне де, айналасындағыларға да залалын тигізіп жатады.

Ол ағайының ақылымен жүріп өзі басқаратын ұжым мүшелерін түгел өзіне қарсы қойып алды. Ол аз десеңіз, жұмыстың берекесі кетіп, қаржылық жағынан қиындықтарға тап болды. Оған қоса, өзі тікелей бағынатын басшыларының да қырына ілікті. Оның бар сенері де, табынары да әлгі «ағайы». Әзірге «ағайы» оны қолдап, лауазымын сақтап отыр. Ал «ағайы» кеткен күні мұның да жағдайы қиындайтынын ол түсінбейді. «Ағайының» үлкен қызметпен қош айтысатын кезі жақын, өйткені көп ұзамай зейнетке шығады. Одан кейінгі әлгінің жағдайы қалай болмақ?

Өз ақылымен іс қылмау адамды жалтақ, әлжуаз етеді

Өткенде моншада екі орта жастан асқан азаматтың сөйлесіп тұрғынының куәсі болдым. Біреуі танысын туған ауылына барып қайтуға шақырды. Сонда екіншісі «әйеліммен ақылдасайын» деп жауап берді. «Ау, балалық шағымыз өткен ауылға барып қайтуға, әке-шешеміздің басына барып бата оқытуға да әйеліңнің рұқсаты керек пе?» дейді  танысы. «Жоқ, мен әйелімсіз бір қадам да баса алмаймын» дейді екіншісі.

Адам өз бетінше шешім қабылдамай, әрдайым өзгелердің ақылымен жүрсе, ол ақырындап топастана бастамақ. Өйткені, ондай пенде ойланып, тоғанудан, өз бетінше шаруа жасаудан қалады. Әрдайым жалтақ, әлжуаз болады.

Ұлы Абай «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» деп текке айтпаған. Жұрттың бәрі солай жасап жатыр деп ондай істің өзіне пайдасы бар ма, залалы бар ма оған қарамай жұрттан қалмайын деп сондай істі жасау надандық  дейді данышпан Абай.

Қазір жұрттан қалмайын деп кредит алып қызын ұзатып, ұлын үйлендіріп, дүрілдетіп той жасайтындар көп. Сондай тойдан кейін біраз жыл бойы бар ақшасын кредитке беріп, ашқұрсақ тірлік кешуіне тура келеді. Егер адам өз бетінше шешім қабылдайтын, ақылына сүйенген жан болса, жұрттан қалмайын деп қарызға батпай, баласына да, өзіне де пайдалы іс жасар еді.

Адамның жұмыс істемеген мүшесі әлсізденіп, ақырсында семіп немесе өліп қалады. Егер ақылмен жұмыс жасаудан қалып, өзгелердің ақылымен жүретін болса, ондай адамның ақылы да өшіп жоғалмақ. Яғни, ақылсыз топасқа айналмақ. Бұл – АҚИҚАТ.

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика