Өзін-өзі жетілдіру – өмірлік қажеттілік

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Мектептерде бүгінде өзіндік даму деген пән оқытылады, ал интернетте өзін-өзі жетілдіру тақырыбындағы бейне-дыбыстық сабақтар жетіп артылады. Соңғы кезде бұл адамдар үшін аса маңызды тақырыпқа айналды. Десе де, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің халқы үшін аса маңызды болып табылатын бұл мәселе қазақтар үшін оншалықты үлкен қажеттілік саналмай отырғанға ұқсайды. Өйткені, өзін-өзі жетілдіруге құлшынып, ұмтылып жүргендер аз.

Өзіндік даму адамға не береді?

Бұл сауалға нақты жауап қайтару үшін оны дәлелдеп қызылкеңірдек болудың еш қажеті жоқ. Өзіндік дамумен айналысып және соны кәсіби мамандығына айналдырған бүгінде әлемге танымал американдық Брайан Трейси, германиялық Бодо Шефер, ресейлік Алекс Яновский сияқты жандардың нақты өмірде қол жеткен жетістіктеріне назар аударсақ, бұл сауалға толыққанды жауап сол болады.

Мәселен, американдық Брайан Трейсиді алайық. Кедей отбасында туған, байлық адамдарды қанау арқылы, қылмыстық жолмен келеді деген түсінікті санасына сіңіріп өскен ол өзін-өзі жетілдіру ғылымына ден қойған сәттен бастап өмірі күрт өзгереді. Көп ұзамай тасы өрге домалап, мол байлыққа кенеледі және өзіндік даму ілімін насихаттау арқылы әлемге танылады.

Қазір ол шалқыған бай миллионер. Оның кітаптары ондаған тілге аударылып, миллиондаған дана болып таралуда. Ол әлемнің көп елдеріне арнайы шақырту арқылы барып, кең аудиторияларда лекциялар оқиды және сол үшін күректеп табыс табады. Брайаннан Батыстың миллиардер компанияларының басшылары ақыл-кеңес сұрайды.

Ісі алға баспай, қарызға белшеден батқан Бодо Шефер қиын жағдайдан құтылу үшін өзіндік даму ілімінің сарапшысына барып ақыл-кеңес сұрайды. Сонда әлгі сарапшы: жинаған ақшаңмен қанша уақыт өмір сүре аласың деп сұрапты. «Ау, менің жиған ақшам болса, осылай сізге келіп, ақыл сұрар ма едім» -дейді күйінген Шефер. Бірақ бұл сауалдың мәнін ол кейінірек ұғынады. Тәлімгерден сабақ алған ол көп ұзамай өзіндік даму ілімінің қағидаларын өмірде қолдану арқылы, байлыққа қол жеткізеді. Оның өзіндік даму туралы жазған кітаптары мен бейнесабақтары бүгінде миллиондарды жігерлендіріп, бауқатты болуға құлшындыруда.

АҚШ-қа барып, мейрамханада даяшы болған Алекс Яновский қайыршылықтан өзін-өзі жетілдіру ілімін игеру арқылы құтылып, бүгінде миллинерге айналды. Ол осы кезге дейін өзін-өзі жетілдіру туралы кітаптар мен аудио-видеосабақтарды сатып алуға 1 миллион доллардан астам қаржы жұмсаған екен. Ал оның қайтарымы ондаған, тіпті жүздеген есе асып түскен.

Өзіңді дамыту үшін не қажет?

Үйдің 4 қабырғасы болатыны сияқты, өзіндік дамудың да 4 тірегі болады. Ол: 1-интелектуалдық даму; 2-физикалық даму; 3-психологиялық даму; 4-рухани даму. Осы 4 негізді түгел игерген адам ғана шынайы бақытқа кенеле алады. Өкінішке орай, өзіндік дамумен айналысатындардың көбі 1 немесе 2 негізді ғана қамтып, қалғандарын назардан тыс қалдырып жатады.

Егер сіз интелектуалдық жағынан дамып, дүнияу ғылымдарды жан-жақты меңгеретін болсаңыз, онда сіздің алдыан кең мүмкіндіктер ашылатыны анық. Мәселен, таяуда әлемдік бір жарыста жүлдегер болған Кңыздөкшетау жоғары колледжінде IT технология саласында оқып жүрген жасөспірімді ірі компаниялар үй, қымбат автокөлік әпереміз, жоғары жалақы қоямыз бізге кел деп қолқа салғанын естідік. Осындай аса білікті және білімді маманға қай жерде де сұраныс өте жоғары. Ал білім мен біліктілік интелектуалдық дамудың жемісі екендігі даусыз.

Физикалық жағынан өзін-өзі жетілдірген Шварцнеггер сияқты бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнаған, күш-қуаты бойына сыймайтын жігіттер де жерде қалып жатқан жоқ. Дене қуатының арқасында Головкин миллионер болды. Өздерін физикалық жағынан үнемі жетілдіретін ондайлардың денсаулықтары да темірдей мықты болады.

Психологиялық жағынан даму дегеніміз, негізінен ақыл-ойыңызды, сезімдеріңізді бақылап, басқаруды меңгеру деген сөз. Қазақ «ашу – дұшпан, ақыл – дос» дейді. Ашуға ілесіп, сезімге беріліп, түрлі қателіктер жасауға бейім тұратын адамның өмірде қырсықтан көз ашпайтынын көріп жүреміз. Таяуда пәтер ақысын сұрай келген қожайын әйелді ашуға шыдамай пышақтап өлтірген келіншектің соты өтті. Ол ұзақ мерзімге сотталды. Бұндай жайлар өкінішке орай, қай жерден де жиі кездесіп жатады. Ашуы мен сезімін тізгіндеп ұстайтын адам ешқашанда мұндай ақымақтыққа бармайды.

Ал рухани даму деген – бұл бойыңызға имандылық ұялататын діни парыздарды орындау, адамдарға қайыр жасау, дін ілімін меңгеру  деген сөз. Мұндай адамдар әдетте, айналасына сыйлы, жүрген ортасына қадірлі болмақ. Үнемі жақсы, сауапты істер істейтіндіктен, олардың жолы болып, тірлікте де ойларына алған мақсаттарына жетіп, бақыт ауылының тұрақты тұрғыны болады.

Түйін: осы жазылған жайлардан бағамдайтынымыздай, бақытты, денсаулығыңыз жақсы болып, айналаңыздағылармен жылы қарым-қатынас жасап, игілікке жеткіңіз келсе, өзіндік дамудың осы төрт бағытын түгел ұстанып, өзіңізді дамытуға ұдайы көңіл бөлгеніңіз жөн.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика