Өзіндік даму

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ажал1Бүгінде мектептерде оқытылатын өзіндік даму пәні шын мәнінде адамның физикалық, интелектуалдық және рухани жағынан жетілуіне игі ықпалын тигізетін маңызды пән деңгейінде емес. Онда аннан бір, мұннан бір алған жас баланы дамытуға оншалықты әсері жоқ жайлар баяндалады. Ал, шынайы өзіндік даму немесе өзін өзі жетілдіру – бұл адам өмірінде зор маңызы бар тек пән ретінде ғана оқып қоя салмай, өле-өлгенше айналысуды қажет ететін ой және дене әрекеті.

Өзіндік дамудың қажеттілігі

Өмірдің өзі барша тіршілік иелерін үнемі жетілуге, тірлік соқпағымен үнемі биіктерге ұмтылуға мәжбүрлейді. Тарихқа назар аударып қарасаңыз, адамзат қоғамының бір орнында тұрмай үнемі алға қарай дамып отырғанын бағамдауға болады. Осыдан жүз жыл бұрынғы заманмен қазіргі күнді салыстыруға бола ма? Жоқ. Біз бала кезімізде телевизорсыз, компьютерсіз, ұялы телефонсыз өмір сүрдік. Ал бүгінгі күні бұл аталған заттардың бәрі адам үшін ауадай қажеттілік болып алды.

Адам өзін өзі жетілдірмесе, дамытпаса замана көшіне ілесе алмай шаң қауып далада қалады. Ондай жандарды біз күнделікті өмірден үнемі кездестіріп, көріп, тіпті араласып жүреміз. Заман ағымын түсінбей, соған бейімделудің орнына өткенді аңсап, баяғыда бәрі жақсы болатын дегенді айтумен өзін-өзі жұбатып жүретін жандар аз емес. Ондайлар әдетте, өмірде ешқандай нәтижеге жете алмай, бұған үнемі айналасындағыларды, қоғамды, басшыларды кіналап жатады.

Өзін өзі жетілдіруге жете мән беретіндер керісінше, әрдайым биіктерден көрініп, ойларына алған мақсаттарын орындап, қоғамға да, өздеріне де, айналасындағыларға да жақсылығын тигізеді. Сондықтан, өзіндік дамуға өзін сыйлайтын әрбір адам жете көңіл бөлуі, жәй көңіл бөліп қоймай, сонымен нақты айналысуы қажет.

Өзіндік дамудың түрлері

Өзіндік дамудың түрлері көп, бірақ әрбір адам алдына қойған мақсатына сай өзін өзі жетілдірудің белгілі түрін игеруге күш салуы тиіс. Сонда ғана нақты нәтиже болмақ. Ол бәлкім, физикалық жағынан жетілу ме немесе интелектуалдық даму, болмаса психолгиялық тұрғыдан төзімді болу ма, әйтпесе рухани даму ма – қайссы болмасын адам өзінің алдына қойған мақсатына сай дамудың бір түріне баса назар аударғаны жөн. Дегенмен, өзін өзі жетілдірудің негізгі түрлерін, яғни физикалық, психологиялық, интулектуалдық және рухани дамуды кешенді түрде қолға алған адам біржақты емес, өзін барлық қырынан дамытып, өмірде жақсы нәтижелерге жетуіне болады.

Спортпен айналысып, сол салада биік нәтижелерге жетуді мақсат еткен адам физикалық жағынан өзін дамытуға, таңдап алған спорт түрі бойынша үнемі жаттығып, биік нәтижелерге жетуге ұмтылатыны айтпаса да түсінікті. Дегенмен, жақсы нәтижеге жету үшін тек физикалық жағынан даму жеткіліксіз болады, психологиялық жағынан өзін дайындағанда нәтиже биік бола түспек.

Сол сияқты, бизнеспен айналысатын адамға сол саланы жетік білумен қатар табандылық, батылдық, сабырлылық сияқты қасиеттерді бойына жинақтау қажет болады. Ал бұндай қсиеттердің өздігінен келе салмайтыны белгілі, яғни оған ақыл-ой жаттығуы арқылы қол жеткізіледі.

Адам қандай іспен айналыспасын, қандай мамандықты таңдамасын, жақсы нәтижеге өзін өзі жетілдіру арқылы ғана жетуге болады. Жолым болып, кездейсоқ бақ құсы басыма қонса, бәрі жақсы болады деген шынайылықтан аулақ ұстаным адамды нәтижеге жеткізе алмайды.

Өзін өзі жетілдіру әліппесі

Өзіндік даму жолына түскен адам оны қандай әрекеттен бастауы қажет? Американдық өзіндік даму ғылымының білгірі Брайан Трейси ең әуелі кітап оқудан бастаған жөн дегенді айтады. Жәй кітап емес, өзін өзі жетілдіруге арналған кітаптарды оқу қажет. Бұндай кітаптар сізді өзіндік даму жолына түсуге, өзіңізді жетілдірудің маңыздылығын ұғынып, сонымен іс жүзінде айналысуға ынталандырады.

Брайан Трейси аптасына бір кітап, айына 4, жылына 50 кітап оқитынын айтады. Жылына өзін өзі жетілдіруге арналған 50 кітап оқыған адамның бірнеше жылдың ішінде бұл саланың білгірі болатыны күмәнсіз. Сіздің назарыңызға өзіндік дамуға арналған бірқатар кітаптарды ұсынғым келеді:

Напалеон Хилл – Думай и богатей (бұл кітаптың ықшамдалған қазақша аудармасын алғыңыз келсе 87013001474 телефонымен хабарласып, тапсырыс бере аласыз, кітап электронды нұсқада)

М.Норбеков – Опыт дурака;

Э.Роббинс – Исполин;

Р.Киоскаки – Богатый папа, бедный папа;

Д.Карнеги – Как приобретать друзей;

Д.Аллан – Как человек мыслит;

С.Кови – 7 навыков высокоэффективных людей;

Д.Кехо – Подсознание может все;

Д.Витале – Ждите чудеса.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика