Ақылды және ақылсыз адамның баяны

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тамұқ«Ақылды адам ажалды күн сайын ойлайды, ақылы аз адам айына-жылына бір рет ойлайды, ал ақылсыз пенде ажалды жаны иегіне келгенде бір-ақ ойлайды» деген сөз бар. «Өзекті жанға бір өлім» демекші, ажалдан қашып құтылушы жоқ.

Ажалды ойлау адамға не береді?

Әулиелер, тіпті пайғамбарлар да ажал қармағынан құтылмаған.
Ажалды ойлау адамға не береді? Ең алдымен пенде мына фәни жалғанның өткіншілігін түйсінеді. Бұл ақиқатты ұғынған адам ешқашан, ешкімге қиянат жасамайды, бес күнгі тірлікте нәпсінің құлына айналып, осы фәниде мәңгі қалатындай дүние-мүлік жинап, баю, мансапқа қол жеткізу үшін жалғандыққа бармайды.

Екіншіден, одай адам уақыттың қадірін жақсы түсінеді. Бес күндей болмай қас қаққанша зулап өте шығар тірлікте әр сәтті тиімді пайдаланып, қолдан келгенше жақсы амалдар жасауға тырысады.

Мәртебелі мырзалар мен ханымдар,
Санаулы күн, өлшеулі тұз, дәмің бар.
Тылсым тағдыр, жазылған сор, бағың бар,
Осылардың түсіне алмай мәнін бар,
Менің мына тіршілікке таңым бар…

Шынын айтқанда, мына фәни жалған біз үшін дүниеге шыр етіп келген кезде несібеміз бен көретін азап-тақуыметіміз, өміріміздің ұзақ-қысқалығы түріндегі талайымызға жазылған тағдырымыз болады. Біз қанша өз тағдырымыздың қожасы сияқты сезінгенімізбен, өмір соқпағы ұдайы белгісіз жақтарға бастап отырады.

Фәни жалғанның өткіншілігін, талайымызға жазылған тағдыр жолымыздың барлығын түсінген пенде бар күш-жігері мен уақытын мансап, шектен тыс байлық, атақ сияқты бес күндік қызықтарға жұмсап, нәпсінің жетегінде кетпейді. Ажалдың ар жағында бізді не күтіп тұрғаны беймәлім. Біз бұл фәниде көп болса 70-80, тіпті 100 жыл өмір сүрейік, мәңгілікпен салыстырғанда ол қас қағымдай ғана сәт. Ақылды адам ажалдың арғы жағындағы мәңгілік туралы ойлап, өмірін мән-мағналы өткізуге тырыспақ.

Үш балық туралы әңгіме

Үш балық туралы ертеден келе жатқан бір аңыз әңгіме бар. Үш балық бір көлшікте өмір сүріпті. Күзге қарай көлдің суы ақырындап тартыла бастайды. Судың осылай тартыла берсе, үлкен көлден бөлініп қалатынын ұққан ақылды балық үлкен су қоймайсымен жалғастыратын мойнақ арқылы жүзіп көлге барады.

Содан бір күні мойнақтың суы тартылып, көлмен қосылған жер қарайып қалады. Соны көрген ақылы аздау екінші балық «қап, егер ақылды балыққа ілесіп кеткенімде құтылар едім, енді өлетін болдым» деп уайымдайды. Бір күні тартылған судың жағасына екі жолаушы келеді. Олар тартылған суға қарап мұнда балық болуы мүмкін деп әңгімелесе бастайды. Сол кезде екінші балық өлген сияқтанып, қарнын жоғары қаратып су бетіне қалқып шығады. Әлгілер мұны көріп, «мына балықты қара, өліп қалыпты» дейді.

Олардың біреуі өлі балықты алып, аулаққа лақтырып жібереді. Сонда екінші балық шорши секіріп, көлдің суына түсіп кетеді. Ал ақылсыз балық адамдарды көргенде асып-сасып олай-бұлай жөңкіле жүзіп қашып құтылмақ болады. Бірақ тайыз суда қайда барсын, көп ұзамай қолға түсіпті.

Ажалды күн сайын есіне алатын ақылды адам өмірін босқа өткізбей, пайдалы іспен айналысып, бұл дүниеге де, ол дүниеге де қажетті амалдар жасамақ. Ақылсыз пенде нәпсінің құлы болып, қол жетпейтін сағым армандарды қуып, уақытын текке өткізбек және бұл дүниенің де, ол дүниенің де игілігін көре алмай, тауқымет тартпақ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика