Ақиқат пен жалғандықты ажырата біліңіз

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ақиқат дегеніміз — бұлтартпас шындық. Мәселен, өлімді алып қарайық. Біз өзімізді ешқашан өлмейтіндей, мәңгі жасайтындай сезінеміз, бірақ соған қарамастан өлім дегеннің бар екендігін іштей түйсінеміз. Өйткені күн сайын бір танысымыз, туысымыз дүниеден өтіп жатады. Яғни, өлмейтін пенде жоқ, сонықтан түптің түбінде ажалдың бізге де келетіні анық.

Адамдардың көпшілігі көзге көрініп тұрған шындықты мойындағысы келмейді және олар бір сәттік аздаған пайдасы үшін ғана жалғандыққа бой алдырып жатады. Шындығында жалғандық бізге пайдалы сияқты сезілгенмен, түптің түбінде үлкен залалын тиізеді. Жалғандықты серік еткен адам екі дүниеде де игіліктен құралақан қалмақ.

Адамдар ақиқаттан неге жалтарады?

Бұрын қызмет еткен ұжыммен бірге жаңа жылды қарсы алдық. Сонда бір жігіт ұжым басшысына қарап «сіздің салған сара жолыңызбен, дана басшылығыңызбен ұжымымыз биіктен биіктерге көтеріліп келеді» деді. Ұжым ешқандай биікке көтерілмегендігін, басшының бойында жаңашыл басшыларға тән талант пен қарым-қабылет атаулыңын жоқтығын бәріміз жақсы білетінбіз.

Бір танысым елуге толып, мейрамханада үлкен той жасады. Сонда сөйлеген жұрттың бәрі әлгіні жер-көкке сыйғызбай жарыса мақтады. Солардың 95 пайызының өтірік мақтағанын жақсы білетінбіз. Қолында азын-аулақ билігі бар оны сырттай өсектеп, ит терісін басына қаптап жүретін адамдар көзіне көпірте мақтасып жатты.

Бүгінде осындай жалғандықтардың бәрін біз ақиқат деп санап, ақиқатқа балайтын болып алдық. Осылайша ақиқаты қайсы, жалғаны қайсы, білуден қалып бара жатқандаймыз.

Адамдар ақиқаттан неге жалтарады? Қолында билігі немесе байлығы бар адамдарды жалған мақтау арқылы одан бірдеңе түсіп қала ма деген жалған үмітке бой алдырады. Сондай-ақ, өзін өзгелерге сыйлы етіп көрсету үшін жалған сөйлеп, жоқты бар деп айтатындар көп. Ең соңында, біреулердің көңіліне тиіп кетпейін, нем кетіп барады дейсің, иығынан қағып, өтірік мақтап қоя салайын, болмаса бассыздығын көрсем де «үндемеген үйдей бәледен құтылады» демекші, көрмегенсіп жүре берейін деген жымысқы ниеттен туған қадам бұл.

Ақиқатпен өмір сүру қиын, бірақ игілікті.

Қазақта «өтірікшінің құйрығы бір-ақ тұтам» деген сөз бар. Өтірік өрге баспайды дейді. Жалғандықты серік еткен, өтірік сөйлеуге дағдыланған адам қысқа мерзімдік пайда тапқандай болғанымен, негізінен үлкен залалға ұшырап жатады. Бірақ, ақыл-санасын шел басқан ондайлар қателіктерін түсінуге қабылетсіз.

Осыдан бірер жыл бұрын Көкшетауда қазақтың екі жас келіншегі алдымен өзара көмек кассасы деп құрып, содан кейін оны қаржы пирамидасына айналдырып, талай адамдардың ақшасын алдап алды. Бірақ олар ақырсында құқық қорғаушыларыдң құрығына ілініп, сотталды. Бар мүліктері тәркіленіп, өздері түрмеге қамалды. Олардың жалғандық арқылы пайда таппақ болған амалдары осылайша жойылып кетті.

Біраз жыл бірге қызмет істеген бес уақыт намазын қаза жібермейтін жігіт болды. Ол әділетсіздкке батыл қарсы шығып, шындықты бетке айтатын. Осы мінезімен талайларға жақпай, көп қиындықтарға тап болып жүрді. Бірде ол бастықтың көре көзге жасаған әділетсіздігін бетіне айтамын деп оның қырына ілікті.

Бастық қыр соңына түсіп алды. Қолында билігі бар оның Алладан басқа сенері жоқ жігітті құрдымға құлататыны анық еді. Соны түсініп, оған «қайтесің ұстасып, сенікі жөн деп қоя салмайсың ба» дегенімде, жоқ, аяғына дейін ұстасамын, әділдік үшін ештеңеден тайынбаймын деді ол. Ақырсында ол шынында да кеудесіне нан піскен бастықты жеңіп шықты.

Ақиқат жолын ұстану адамға не береді?

Шындықпен өмір сүру қиын сияқты сезілгенмен, ол түбінде сізге игілік әкеледі. Өйткені, ақиқатты Алла жақтайды. Ал бар нәрсенің негізі Алла екендігі белгілі. Егер құдай ақиқатты жақтайтын болса, онда ақиқат жолын ұстанған пенденің екі дүниеде де игілікке кенелері даусыз.

«Жалғандық деген жанған от, жандырады арыңды, жалған айтып жалынсаң, жан тыңдамас зарыңды» -деп ақын айтқандай, жалғандықты серік етсеңіз ақырсында үлкен өкініште қалып, ар-ұятыңызға сызат түспек. Жалғандықты серік еткен жан жалтақ, әрі әлсіз болып келеді. Ондай жан адамдардың бетіне тура қарай  алмайды. Жалғандықты серік еткен жалтақ, әлжуаз пенделердің о дүниені былай қойып, осы дүниеде жолы болып, биіктерге жетуі екіталай. Сондықтан әрдайым ақиқатты ұстаныңыз және ақиқат жолымен жүруге тырысыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика