Ақша жасау өнері

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бай, бақуатты болудың жолы күндіз-түні бел шешпей тынымсыз тер төгіп жұмыс істеу деген түбірімен қате пікір. Егер көп жұмыс істейтін адам көп ақша табатын болса, онда Астана, Алматы сияқты ірі қалалардың құрылыстарында тәулігіне 12 сағаттан демалыссыз жұмыс істейтін құрылысшылардан бай адам болмас еді. Өкінішке орай, қысы-жазы тынным таппай тер төгетін құрылысшылардың алатыны ауыз жарығысыз тиын-тебен ғана. «Есектің арқалағаны алтын, жегені сабан» дегендей, күндіз-түні тынным таппай тер төгетін қарапайым еңбекшілердің табатыны тамағы мен киімінен артылмайды.

Байлыққа жетудің сенімді жолы — инвестиция.

Байлыққа бастайтын сенімді және жұрттың бәріне қолжетімді қарапайым жол – инвестиция. Егер сіз айына 70 мың теңге табатын болсаңыз, сол ақшаңыздың бір бөлігін, мысалы ай сайын 10 мың теңгені инвестициялап отырсаңыз, белгілі уақыт өткенде қомақты қаржы жиналады. Әрине, ақшаңызды жастыққа тығып сақтау дұрыс емес. Ондай ақша уақыт өткен сайын құнсызданып, азая береді. Бұдан сізге келер еш пайда болмайды. Сондықтан, ақшаңызды ең алдымен жыл сайын болып жатқан инфляциядан асып түсетін мөлшерге жеткізетін жобаларға салғаныңыз жөн.

Мен интернет арқылы инвестиция дегенмен біраз айналысып көрдім. Өкінішке орай, біраз ақшамды жоғалтқаннан басқа еш пайда таба алғаным жоқ. Мұнда сізге алтыннан тау тұрғызып беретіндей уәдені үйіп-төгетін жобалар жетіп артылады. Олардың бәрі қаржы пирамидасы сияқты алаяқтықтың амалынан басқа ештеңе емес. Сондықтан, ақылыңыз болса, ондай жобалардан ат шаптырым аулақ жүру қажет. Осыған орай, ақшаңызды өзіңіз жақсы білетін, өзіңізге етене таныс жобаларға салғаныңыз жөн. Сондай жобалар ретінде мен екі жобаны: банктік депозит пен құнды қағаз сатып алуды ұсынар едім.

Депозит — тәуекелсіз инвестиция.

Бүгінде банктен депозит ашудан оңай шаруа жоқ. Барлық банктер бір-бірімен жарысып, бізге кел деп шақырып жатады. Өзіңізге ұнайтын, жылдық өсімі инфляция деңгейінен асып түсетін банкті таңдап алыңыз. Алғашында 20-30 мың теңге салып, содан кейін ай сайын, белгілі мөлшерде ақша салып отырыңыз. Егер сіз ай сайын 10 мың теңгені инвестициялаймын дейтін болсаңыз, соның жартсын, яғни 5 мың теңгені депозитке салып отырғаныңыз дұрыс. Тек теңгемен ғана есеп ашпай, оған қоса АҚШ долларымен және еуромен де депозит ашқаныңыз жөн. Ақшаның құнсыздану деңгейіне байланысты теңгеден ұтылсаңыз, керісінше доллар немесе еуромен сол ұтылған олқылығыңызды жаба аласыз.

Айына инвестициялайтын 10 мың теңгенің жартсын, яғни 5 мың теңгесін акция сатып алуға жұмсаңыз. Құнды қағаз алғанда интернетте үйіп-төгіп уәде беретін шетелдік компаниялардың акцияларын емес, кәдімгі отандық өзіміздің компаниялардың акцияларын сатып алғаныңыз дұрыс. Өйткені, шетелдік компаниялардың акцияларының құны сәт сайын құбылып отырады және онда банкрот болып, акцияларының құнсызданып жататын жағдайлары да өте жиі болып тұрады.

Керісінше, отандық құнды қағаз рыногында біршама тұрақтылық бар. Баға көп болмаса да, ақырындап өсіп отырады. Егер сіз бағасы тұрақты өсіп келе жатқан 10 компанияның акциясын сатып алып отырсаңыз, жылдық табысыңыз инфляцияны жауып қана қоймай, біраз пайда табуға да мүмкіндік берері анық.

Құнды қағаз рыногына қалай кіру керек, акцияларды қалай сатып алуға болады деген мәселеге келесі мақаламызда толығырақ тоқталатын боламыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика