Ақылменен ақша тап

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруНапалеон Хилдің осы аттас кітабын аударуды онан әрі жалғастырудамын. Кітаптан сіз ойыңызға алған арман-мақсаттарыңызға жетудің нақты амал-әдістері туралы оқып үйрене аласыз. Кітаптың құндылығы мынада: ол жәй бос сөзге, болжамға құрылған дүние емес, нақты өмірде тәжірибе жүзінде қолданып, нәтижеге жеткен адамдардың әрекеттеріне негізделген.

Байлыққа бастар үшінші қадам: өзіңізді сендіру

Санаңызға тереңдей еніп, оны өзңіздің мүддеңіз үшін жұмыс істеуге мәжбүрлеңіз, сонда таңғажайып жетістіктер сіз үшін қолжетімді болады. Иә, түйсігіңізге сезім арқылы көмектесіңіз. Түйсік пен сезімнің бірлесе әрекет етуі таңғажайып жетістіктердің кепілі болмақ.

«Өзін сендіру» түсінігі сендірудің барлық амал-тәсілі мен сезім арқылы сананы оятуды басқаруды толық қамтиды. Анығырақ айтқанда, бұл саналы және түйсік арқылы ойлауды басқару орталығы десе болады.

Өзін өзі сендіру арқылы үстем ойлар сананың тереңіне еніп, оған әсер ете бастайды. Табиғат адам құрылысын осылайша жасаған, яғни, бес сезім органы арқылы түйсікке енген ойлардың бәрі басқарылады. Дегенмен, бұл барша адамзат өз түйсігіне толық басқару жасай алады дегенді білдірмейді, адамдардың көбі ақыл-ойларын басқара алмайтындықтан да, қайыршылықта күн кешуге мәжбүр.

Егер тұқым барлық қатарларға себілмесе де, тұқым түскен жерлерден өнген өнімнің жапырағы қатарларды түгел жауып кететіні іспетті, басым идеялар арқылы түйсікке енген ойлар адам санасын түгел билеп алады. Өзін өзі сендіру – бұл басқару орталығы, сол орталық арқылы адам түйсігін түгел қажет идеялармен толтыра алады.

Металдың жүрек тербер ызыңы

Тілек туралы тарауда айтылған алты түрлі ұсынысты есіңізге түсіріңіз. Сол ұсыныстарға сай, сіз ақша табуды армандайтыныңызды және өзіңізді сол ақшаның иесі екеніңізді нақты сезінетініңіз туралы жазғаныңызды күніне екі рет дауыстап оқып отыруыңыз шарт. Осы ережені басшылыққа ала отырып, сіз түйсігіңізді тілек нысанымен байланыстырасыз. Күн сайын қайталау арқылы сіз тілегіңіздегі ақшаны нақты ақшаға айналдыруға қажетті ой деңгейіндегі түйсікті қалыптастырасыз.

Алға қарай жылжу үшін тілек туралы тарауды тағы бір қайталап оқып шығыңыз. Одан әрі жоспарлау туралы бөлімдегі «сананы басқаруды» ұйымдастыруға көмектесетін төрт ұсынысқа назар аударыңыз. Оған назар аудара отырып, сіз бұның бәрі өзін өзі сендіруге қажетті элементтер екенін түсінесіз.

Бұл арада мынаны есіңізде ұстаңыз: сезіммен бекітілмеген ой-армандарыңызды дауыстап қайталау амалы нақты нәтиже әкелмейді. Өйткені, сіздің түйсігіңіз тек сезіммен бекітілген арман-тілектерді ғана қабылдайды.

Қайталау – оқу анасы деп текке айтпаған. Кітабымыздың әр тарауында ұсынылған жаттығулар мен кеңестерді қайталау қажеттігі үнемі ескеріліп отырылады. Өйткені, нәтижеге жете алмаудың ең негізгі себебі қайталамаудан, яғни мәселеге терең мән бермеуден болады.

Сезіммен бектілміген сөздер түйсігіңізге әсер ете қоймайды. Соған орай, сіз өзіңіз күткендегідей нақты нәтижеге жете алмайсыз. Ең бастысы, нық сенімге негізделген сезім арқылы түйсікке әсер ету. Нәтиженің кілті де осында.

Егер алғашқы кезде өз сезіміңізді басқарып, бақылай алмасаңыз, оған бола қатты күйінбеңіз. Түйсігіңізге әсер етудің ақысы – ол тұрақтылық пен табандылық. Түйсікті, тіпті жаныңызды өртеген үлкен арман-тілектеріңізбен де алдай алмайсыз, ең бастысы кітапта ұсынылған ережелер мен кеңестерді тұрақты және табанды түрде жүзеге асыруға күш салыңыз. Ойға алған мақсатыңыз соншалықты күш-қуатыңызды жұмсауға лайықты ма, жоқ па, оны шешетін де сіз болуыңыз керек.

Ақша таба бастадым деп сеніп байқаңыз

Өткен тарауда ұсынылған ережелерді жақсы орындау үшін сізге ең алдымен назарыңызды бір бағытқа шоғырлау қажет болады. Алты принципті есіңізге түсіріңіз. Оның біріншісі: ақыл-ойыңызды сізге қанша ақша қажет, соған шоғырлаңыз. Ол үшін не істеу қажет? Көзіңізді жұмыңыз. Сөйтіңіз де, өзіңізге қажет мөлшердегі ақшаны көз алдыңызға елестетуге тырысыңыз. Бұл жаттығуды қашан сонша ақша көз алдыңызға келгенше жалғастырыңыз және оны күніне кем дегенде бір рет жасаңыз.

Сенім феноменінің құдыретін айтып жеткізу қиын. Түйсік өзіне берілген бұйрықты ол нақты сенімге негізделген кезде ғана қабылдайды. Сондықтан, түйсігіңізді мынадай «амалға» сенуге мәжбүрлеңіз: сіз соншама ақшаны алуға міндеттісіз, өйткені ақша сіздің меншігіңізде бар, оны түйсігіңіз есеп-шоттан алған секілді сізге беруге тиіс. Егер түйсігіңізге осыны сендіріп, орындатуға мәжбүрлей алсаңыз, көп ұзамай ой-арманыңыздың өмірде нақты жүзеге асқанының куәсі боласыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика