Ақылыңмен ақша тап

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақшаАқша билеген нарық заманында ақшаның қадір-қасиеті арта түспек. Осыған орай, мол ақша тауып, бақуатты болсам дейтіндер де көбейеді. Бірақ та, байлық екінің біріне басына кездtйсоқ қона салатын бақ құсы емес. «Ойлан да байы» кітабынан сіз ақылмен ақша табудың ұзақ жылғы тәжірибеден өткен сенімді амал-тәсілдері жайында толымды ақпарат аласыз.

Бастадың ба – тастама

Табысқа жетуде ең көп кездесетін кедергінің бірі – ойға алған істе кездескен алғашқы сәтсіздіктен соң одан бас тарту. Мұндай қателікті әрқайсымыз да өмірімізде тым болмағанда бір рет жасап жатамыз.

…Кезінде мистер Дербидің атасы алтын безгегі «дертімен» ауырған еді. Жұрт сияқты ол да Батысқа барып алтын табуға сапар шекті. Бірақ оның басына алтын іздеушілердің әңгімесіне өзек болғандағыға қарағанда табиғатта алтын әлдеқайда аз болатыны жайында ой келмепті. Осылай атай жер телімін сатып алып, қолына күрек алып алтын іздеуге кірісті.

Бірнеше апта бойғы бел шешпей атқарған жұмыстың нәтижесі көрінетін кез келді. Бағалы алтын кеніші табылды. Бірақ та, алтынды өндіру үшін қымбат бағалы құрылғылар керек еді. Сондықтан атай кенішті қайта көміп, жасырды да, туған қаласы Мэрилендке оралды. Мұнда ол өзі тапқан кеніш жайында көршілерімен, туыстарымен сыр бөлісті. Мол байлыққа қызыққандар аз болмады. Сөйтіп атай көп ұзамай туыстары мен таныстарынан ақша жинап, кенішке қайта оралды.

Дерби қарттың кенішінен шыққан алғашқы вагонетка кен айырылып, қорытуға жіберілді. Алғашқы кенді қорыту Дерби қарттың Калифорния штатындағы ең бай кенішке тап болғандығын дәлелдеді. Енді осындай екі-үш вагонетка кен жұмсаған шығындарды түгел жабар еді. Ал онан кейін ағыл-тегіл байлық келмек…

Дегенмен, осы арада күтпеген кедергі кездесті. Бұрғыны тереңірек салған кезде кенет алтын кеніші жоқ болып шықты. Дерби мен атасы онан әрі бұрғылап, біраз тер төккендерімен, ештеңе шықпады. Осыдан кейін күдер үзген атасы мен немересі бос әурешілікті тоқтатуға бел байлады. Кен өндіретін құрылғыларды бірнеше жүз долларға сатқан олар туған қалаларына оралды.

Алтын кені табылып, қайта жоғалған жер телімі мен құрылғыларды сатып алған адам тау-кен инженерін шақырып, қайта бұрғылауды тапсырады. Бұрынғы бұрғылаған орыннан бірнеше метр қашықтан салынған бұрғы қалың кен жынысына тап болды. Сөйтіп, бағалы кеніш пен құрылғыларды бірнеше жүз долларға сатып алған адам миллиондаған доллар табыс тапты. Ол ойға алған шаруадан бас тартпас бұрын алдымен кәсіби маманның пікірін сұрап білу қажеттігін түсінген еді. Табыс сәтсіздіктен бір қадам ғана қашықтықта тұрады

Арман-тілекті алтынға айналдыруға болады

Мистер Дерби осындай ақиқатты түйсінген кезден бастап алғашқы жолғы жоғалтқандарынан мыңдаған есе көп табыстар тапты. Өмірді сақтандырумен айналысқан ол жастық шағында жасаған сол бір қателігінен сабақ алуға ден қойды. Қарапайым сабақ мынадай еді: «Мен алтын табанымның дәл астында жатқанда істен бас тарттым. Ендігі уақытта әлдекім меннен сақтандыру белдігін сатып алғысы келмегені үшін ойлағанымнан ешқашан бас тарта қоймаспын».

Шын мәнінде Дерби жыл сайын миллион долларға қауіпсіздік белдігін сататын санаулы агенттердің бірі болды.

…Сіздің өміріңізге табыс пен сәттілік келгенге дейін қаншама сәтсіздіктерді, тіпті жеңілістерді бастан кешуіңізге тура келуі мүмкін. Шындығында – егер сәтсіздіктер қыр соңымыздан қалмайтын болса, онда ең дұрысы – ойға алған істен бас тарту болары түсінікті. Біздің көпшілігіміз дәл солай жасап жатамыз. Бұл рас емес пе?

Осы кітаптың авторы Америка әлемге сыйлаған ең бақуатты деген 500-дей адамның тағдырына қызығушылық танытқан еді. Міне, солардың бәрі де ең үлкен табыс сәтсіздіктер діңкелетіп, құрдымға құлатуға бір қадам ғана қалғанда келді дегенді айтады. Иә, жеңіліс пе. Бұл дегенің момақан кейіптегі, езуіне жымысқы және қатыгез күлкі ұялаған салдақы ғой. Оның ең сүйікті шаруасы – адамдарды табысқа жарты қадам қалғанда жүйкелетіп, құрдымға құлату.

Ересектерге әмір жүргізетін сәби

Мистер Дерби алтын кеніші бойынша үлкен сабақ алып, «ғылыми дәрежеге» ие болғаннан кейін көп ұзамай тағдыр оған «жоқ» деген ұғымның барлық уақытта солай «жоқ» болып қабылдана бермейтінін түсінуге мүмкіндік берді.

Сол күні ол атасына бидайды бастыруға көмектесіп жатқан. Атасы жүздеген адам еңбек ететін үлкен ферманың қожайыны еді. Диірменнің есігі ақырын ашылып, ішке қара түсті мулат қызы кірді. Атасы босаға жақта тұрған қызға қарап: саған не керек? –деді жақтырмай.

Қыз оған: «мамам айтты, 50 цент берсін деп» деді. «Көк тиын да бермеймін» -деп барқ ете қалды атасы «қане, қараңды жоғалт». «Жақсы, мырзам» дегені болмаса, қыз орнынан қозғалмады.
Жұмысына қайта кіріскен атасы қыздың орнынан қозғалмағанын байқамапты. Оны көргенде «мен саған айттым ғой, қане, жоғал» -деп айқай салды. «Жәрайды, мырзам» -деген қыз бірақ орнынан қозғалмады.

Атасы диірменге құймақ болған астық толы қабын тастай салып, қолына ағаш тақтаны алып өңі түтіге қызға қарай жүрді. Дерби мұның ақыры не болар екен деп үрейі ұша қарап тұр. Атасының ашуға берілгенде ештеңеге қарамайтын жаман мінезін білетін ол бір пәле болар деп күткен.

Жас мулат қызы атасы жақында бергенде оған қарай бір қадам басып: «мамама 50 цент өте қатты қажет болып тұр» деді нық дауыспен. Атасы тұрып қалды. Ол бірер минут қызға топастана қарап тұрды, содан кейін қолындағы тақтайын жерге тастап, қалтасынан жарты доллар алып оның қолына ұстатты.

Кішкентай қыз ақшаны алып, екі көзін әлгінде ғана дүлей ашуға берілген өзі бағындырған адамнын алмай ақырын есікке қарай беттеді. Ол кеткесін атасы жәшікке отырып, ұзақ уақыт алдына қарап үнсіз отырды. Бәлкім, ол әлгінде ғана «санасына берген соққы» жайында тебірене ойланған болар.

Мистер Дерби де бірдеңелер туралы ойлады. Ол өмірінде бірінші рет қара нәсілді сәби қыздың ересек ақ адамға әмір бергенінің куәсі болды. Бұндай жеңіске ол қалай жетті? Атасының көңіл күйі неге кілт өзгерді? Арыстанша ақырған қарттың қойдан жуас бола қалуының себебі неде? Жағдайды бақылауында ұстауға негіз болған жап-жас сәбидің бойындаға қандай күш? Осы және басқа да сауалдар Дербидің санасында найзағайдай жарқылдады. Бірақ бұл сауалдардың жауабын ол ұзақ жылдар бойы, осы жолдардың авторына өз тарихы жайында баяндағанға дейін таба алмаған еді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика