Адамға ерік-жігер қайдан келеді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

әулиеАдамдардың көбі өздеріне зиян келтіретінін біле тұра жаман әдеттерді тастауға ерік-жігер күші жетпей жатады. Темекі тартатын адамның оны тастауға  қауқары жоқ. Араққа салынған пенде соның кесірінен дос-жарандарынан, жұмысынан, тіпті отбасынан айрылып, қаңғып қалса да арақ ішуді қоя алмайды. Ұйқышылдық, жалқаулық, бойкүйездік, салақтық, т.б. толып жатқан өзімізге үлкен залалын тигізетін әдеттерден соны біле тұра арыла алмауымыз – бойымыздағы ерік-жігер күшінің жоқтығынан болады.

Мен қалай арақты тастадым

Менің жастық шағым кеңес заманында өтті. Ол кезде атеитсік тәрбиені санаған сіңірген адамдар о дүниеге сенбейтін. Сондықтан болар, бар қызық осы дүниеде деген түсінік қалыптасып, арақ ішу, темекі тарту, зина жасау – өмырдың қызығы деп қабылданатын және ол үшін ешкім кіналамайтын.

Мен 1988 жылы оқу бітіріп аудандық газетке қызметке орналастым. Сонда редакцияда істейтін адамдардың арасында арақ ішпейтін бір де бір пендені көрмедім. Әйелдер де, еркектер де арақты аямай сілтейтін. Редакторымыз елуден асқан ақыл тоқтатарлық жасқа келген адам еді. Ол арақты әйелімен бірге ұжыммен қосыла ішетін.

Менің ағзам арақты қабылдамады. Ішсем болды ауырып, көбіне ішкен-жегенімді құсып тастайтынмын. Көбірек ішкен кездерде ертеңіне ауырып, бірнеше күн тұра алмай жататынмын. Өзіме өзім «енді арақты аузыма алмаспын» деп уәде беремін де, жігіттермен кездесіп, арақ құйылған кезде қолымның стақанға қалай барғанын сезбей қалатынмын. Яғни, менде еш ерік-жігер жоқ еді.

Осылай жалғаса берді. Талай мәрте ауырдым, ақшамнан айрылдым, жұмысымда қолайсыз жағдайлар болды. Бірақ, арақты тастай алмадым. Содан 1994 жылдың күзінде дүкеннен Бһагавад Гита деген веда іліміне негізделген кітапты сатып алдым. Оның алдында Інжілді, ептеп Құранды да оқығаным бар. Бһагавад Гитаны оқыған кезде, ондағы қағидаттарды бірден қабылдадым және жүрегімде Жаратқанға деген сенім оянды. Сөйтіп, ақырындап дінге жүзімді бұра бастадым.

1996 жылы тұңғыш рет ораза ұстадым. Ораза ұстап жүріп, мешітке барып пітір садақасын берген кезде бойымнан ауыр жүк түскендей, өзімді өте жеңіл сезіндім. Сол кезде «мен ораза ұстап, садақа бергенде осылай рахат күйге түссем, егер намаз оқысам қалай болар еді» деген ой келді.

Дін жолына жүзімді бұрғаннан кейін аздап арақ ішуді азайта бастадым. Ал, 1997 жылдың қатңарынан бастап, арақты мүлдем тастадым. Бұған алдында отыз күн ораза ұстағаным әсерін тигізген сияқты. Биыл да ораза ұстайын деген ой келіп, арақты мүлдем қоюға бекінген едім. Ораза ұстау маған ерік-жігер берді. Соның арқасында арақты атқұла тастап кеттім. Міне, содан бері жиырма жылдай уақыт өтті. Не арақ, не сыра, шарап, басқа да спиртті ішімдікті ауызға алған емеспін. Қазір тіпті, арақ ішетіндерді көрсем, «қалай арақ ішеді екен» деп таңырқайтын болдым.

Ерік күшінің қайнар көзі – дін

Кез-келген дәстүрлі дінге назар аударып қараңыз. Олардың орындауға міндетті шарттары, ішіп-жейтін, ішіп-жеуге болмайтын тағамдары мен сусындары, тиым салынған әрекеттері болады. Бұны шариғат заңдары деп атайды. Дін жолын ұстанған адам сондай шариғат заңдарын сақтауы тиіс.

Мұсылман баласы қаласын, қаламасын күніне бес мәрте дәрет алып жуынып, намаз оқуы, жылына бір рет отыз күн ауыз бекітуі, қайыр-садақа беруі тиіс. Арақ-шарап, шошқаның еті мен бауыздалмаған малдың етін жеуге болмайды. Темекі тарту да тиым салынған әдеттердің қатарында. Зина жасау, құмар ойындарын ойнауға да тиым салынған. Міне, осылардың бәрін орындаған адамның бойында қаласын-қаламасын ерік-жігер күші пайда болып, көбейе бермек.

Бірақ, мына нәрсені есте сақтау қажет: діни парыздарды Алланың разылығы үшін және шын ниетпен беріле орындау шарт. Егер сіз намаз оқып жатып басқа нәрсені ойлап тұрсаңыз немесе намаз оқу арқылы фәни игіліктерге кенелемін деп армандасаңыз, мұндай жағдайда  веда тілімен айтқанда «апарадха», яғни қорлау орын алады. Сіз дұрыс көңіл бөлмегендіктен, намазыңыз ешқандай игілік әкелмейді, керісінше жүрегіңіз қатайып, бойыңыздағы жаман қасиеттерден арылмақ түгілі, онан сайын көбейтіп аласыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика