Адамға шексіз мүмкіндік беріледі, бірақ олар соны толық пайдаланбайды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кеңес заманында Пекисов дегеннің «Твои возможности человек» деген кітабын оқығаным бар. Сол кітаптың дерегі бойынша адам миы Мәскеудің орталық кітапханасының кітабын түгел жаттап алуға жететін көрінеді. Ал Мәскеу кітапханасында 2 миллионнан астам кітап бар екен. Яғни, кез келген адамның 2 миллион кітапты үтір, нүктесіне дейін қалдырмай жаттап алуына болады. Бірақ сол мүмкіндікті пайдаланып жатқан кім бар?

Мүмкіндік біздің тәніміздің саулығына, күш-қуатымызға байланысты емес.

Бүгінде жасы 72-ге келген американдық Стивен Хокинг туралы кітаптар жазылып, фильмдер түсірілген. Сондай атақ-даңққа бөленген бұл кім дейсіз ғой? Оған дәрігерлер 21 жасында екі жыл ғұмырың қалды деп үкім шығарады. Бірақ ажалға бойсұнбаған ол тағдырын өзгертуге бел байлайды. Мүгедектер арбасына байланған Хокингтің аяқ-қолы түгел жансызданып, тек оң жақ көзі ғана қимылдайтын.

Осындай халдегі пенденің тағдырмен күресуі ақылға сиымсыз іс еді. Бірақ, қызығы сол, Хокинг тағдыр тәлкегіне мойынсұнбады. Ол ақыл-санасын шексіздік өлшеміне көтеріп, ғарышпен байланысқа түсті. Мүгедек жігіт планеталармен тілдесіп, жұлдыздармен сырласатын болды. Ол кітаптар жазып, тіпті киноларға түсті. Хокинг қимылдайтын жалғыз оң көзінің жанары арқылы жұмыс жасайтын компьютерлік бағдарлама жасап шығарды. Ол бүгінде толыққанды өмір сүреді. Кітаптар жазып, киноларға түседі.

Біз ақыл-ой өлшемімен өзімізді шектейміз.

Сіз тәтті қиялдарға беріліп, ғарыштарды кезіп, ақылға сиымсыз әрекеттер жасап көрдіңіз бе? Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі ақыл-ойын күнделікті күнкөріс қамы мен тұрмыс әуеніне байлап қояды. Сондықтан олар кеуделерінде жасырынып жатқан шексіз мүмкіндік беретін бұла күштің барлығын ешқашан сезбей өтеді.

Өткен ғасырда өмір кешкен Трояны ашқан ғалым Шлиман 22 тілді білген екен. Моцарт 5 жасында симфония жазған, тас керең Бетховен өлмес классикалық музыкалық шығармалар қалдырды. Ақылға сиымсыз осындай ғажайыптар жасаған адамдар тарихта аз болмаған. Олар бізге қарағанда ерекше жаратылған, менің қабілетім де, талантым да жоқ, қарапайым пендемін деп өзімізді өле өлгенше тар қапаста шектеумен ұстауымызға болады. Адамдардың көбі өкінішке орай дәл солай жасайды да.

Бойыңызда бұғып жатқан буырқанған бұла күш пен арманыңыздың асқарына жеткізер мүмкіндіктерді ашатын кілт – ақыл-ой санаңыздың көкжиегін кеңейту дейді американдық миллионер «Өз стандартыңды көтер» курсының авторы Алекс Яновскии. Бұл туралы толығырақ ақпаратты http://alexyanovsky.com/marathon/1/video-4.html сайтынан алуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика