Адам азды ма, заман азды ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

маскүнемдікУақыт өткен сайын адамдар азғындап, ар-ұяттан айрылып барады. Бұған көз жеткізу үшін жан-жағыңызға зер сала қарасаңыз жүздеген, мыңдаған мысалдарды көресіз. Жә, қарапайым адамдардың азып-тозғанына назар аудармай-ақ қоялық, ал ел тізгінін ұстаған басшы азаматтардың ар ұялар қылықтарын көргенде адамдардың да, заманның да азғанын сезінгендей күйге түсесің.

Өлімнен де күшті ұят

Ертеректе өзбек елінде мынадай оқиға болыпты. Бір өзбек шәйханада жұртпен шәй ішіп отырып абайсызда жел шығарып қояды. Осыдан ұялған әлгі сол күні отбасын алып басқа танымайтын жерге көшіп кетеді. Арада он жылдай өткен соң туған жерін сағынып, әрі менің ұят қылығымды жұрт ұмытқан болар деген оймен еліне келеді. Сол баяғы шәйханаға кіріп отырады. Біраз кекселенген оны ауылдастары  танымайды. Содан әңгіме арасында біреу мұның атын атап «шіркін, нағыз азамат екен, міне он жыл болды, баяғы қылығынан ұялып сол бойы елден безіп кетті» деп тамсаныпты. Оны басқалар да қолдап, «иә, нағыз азамат» десіпті. Осыны естігенде әлгі шәйханадан шығып, туған жерінен мүлдем қара үзіп кеткен екен.

Бұрын қазақтар «өлімнен ұят күшті» дейтін еді. Қазір ұят деген ұмытылып бара жатқан жайы бар. Енді әңгімеміздің негізгі тақырыбына оралайық. Ел тізгінін ұстаған басшылардың ар-ұяттан аулақтап бара жатқаны жайында айтып кеттік. Сөзіміз дәлелді болу үшін осы мәселені аздап талдап көрейік.

Бүгінде тәуелсіз елімізді басқарып отырғандардың бәрі  «билік партиясы» атанған «Нұр Отан» партиясының өкілдері. Ал, енді соңғы жылдарда осы партияның мүшелері, жәй мүшелері емес аймақтық бөлімдерінің басшылары немесе белсенділері жаппай сотталып, түрмеге қамалуда. Мәселен, бұрынғы премьер-министр, бұрынғы министрлер, облыс, аудан әкімдері сияқты биік лауазым тізгінін ұстағандар абақтыда отыр немесе жазаларын өтеп шығуда.

Ал енді жоғарыда аталған қарапайым өзбектің мысалы өлшемімен алатын болсақ, халық алдында жемқор деген жаман атаққа ұшыраған билік партиямы билік атаулыдан мүлдем бас тартып, биліктен кетуі тиіс еді. Бірақ, билік партиясының ондай ниеті еш байқалмайды.

Осыдан біраз жыл бұрын Елбасы «егер біреу жемқорлық қылмыс жасап, сотты болса, оның басшысы да қызметінен кетуі керек» дегенді айтқан еді. Ал сол тұста Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары жемқорлықпен ұсталып, сотталды. Ал министр қызметінде түк болмағандай отыра берді.

Шет елдерде ертеректе халық алдында беделсіздеу ісімен көрініп қалған жағдайда үкімет түгел отставкаға кетіп жататынын еститінбіз. Ал кеңес заманында әйелімен ажырасқан билік басындағы тұлғаны отбасына ие бола алмағаны үшін қызметінен алатын. Қазір үлкен шенеуніктердің  көбісінің заңды әйелдерінен басқа  «тоқал» деп аталатын заңсыз әйелдері, анығырақ айтқанда ашыналары болады. Бұны олар оншалықты ұят деп санамайтын сияқты.

Әлеуметтік желілерде тағы бір министрдің ұятты қылығы әңгіме болуда. Мәдениет министрінің өздеріне қырындағанын айтып, біраз қыз-келіншектер мақала жазып, видео арқылы мәлімдеме жасап жатыр. Жоғарыдағы өзбектің өлшемімен алғанда бұндай ұят әңгімеден кейін министр өз еркімен қызметінен кетіп қалуы тиіс-ті. Бірақ, бізде қазір жағдай мүлдем басқаша. Лауазым иелері қашан желкелерінен алып қуып шыққанша креслоларынан айрылмайды.

Бһагавад Гитада «Ұлы адамдар не әрекет жасаса, басқалар соған еліктеп соны жасайды» деген аят бар. Біздің лауазымды тұлғаларымыз жақсы әрекетімен өзгелерге үлгі көрсетсе, қоғам да жақсара түспек. Ал жаман әрекетімен үлгі танытса, онда қоғам да азғындық құрдымына құлайтыны даусыз. Бүгінгі қоғамның азғындауына басшы азаматтардың теріс үлгілерінің тигізіп жатқан әсері аз болмаса керек.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика