Адам тән емес

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың 99 пайызы өздерін тәнбіз деп санайды және өмірлерін тәнмен байланыстырады. Олардың пайымынша: өмір деген тәніміз арқылы айналаны сезіну, қоршаған ортамен тән арқылы байланыста болу, бір сөзбен айтқанда тән арқылы ойлау, сезіну – осының бәрі өмір деп аталады. Ал тән өлген кезде өмір де мәңгіге өшіп жоғалады. Қазіргі адамзат қоғамында болып отырған түрлі қиындықтардың бәрінің ең түпкі және негізгі себебі де дәл осында, яғни адамдардың өздерін тәнбіз деп санауында болып тұр.

Адамды алжастыратын қуат

Адам неге өзін тәнмін деп санайды? Шынын айтқанда өмірді өздігінен кездейсоқ жаратылған деп түсінетін материалистерден бастап, ислам, христиан сияқты дәстүрлі діндерді ұстанатындарға дейінгі топтағы пенделердің бәрінің ұстанымдары бір-бірінен онша алшақ кетпейді. Материалистер адам материалдық элекменттердің қоспасынан құралған тән деп санаса, дәстүрлі діндерді ұстанушылар да тәнді адамның негізгі құрылымы ретінде қабылдайды.

Мәселен, ислам дінін ұстанатын мұсылманның түсінігінше, адам деген Алланың топырақтан жаратқан тіршілік иесі. Оған Алла рух берген, бірақ мұсылманның пайымынша адамның тәні мен рухы бір-біріне мәңгіге байланған. Рас, тән өлген соң адам оны тастап рухы арқылы жұмаққа, не тозаққа енеді. Бірақ ол өзінің жеке «менін» мәңгі сақтап қалады. Яғни, ер адам ер болып, әйел адам әйел күйінде мәңгі қалады. Ал жаны жоқ болғандықтан хайуандар өлген соң тірілмейді.

Христиан, иудейлердің түсінігі де осыған ұқсас. Тек буддашылар мен индустар ғана реинкарнацияға, яғни өлген соң басқа тәнге ие болып, тірлігін қайта жалғастыруға сенеді. Реинкарнация заңы бойынша өлген адам тірлігінде жасаған жақсы-жаман әрекетіне байланысты өлген соң сондай тән алады. Ол адам қалпында қалуы немесе хайуанға, тіпті өсімдікке айналуы мүмкін. Осылайша тірлік мәңгіге жалғаса береді.

Құранда немесе христиандардың қасиетті кітабы саналатын Інжілде, болмаса Тәуратта өлгеннен кейінгі өмір туралы толымды түсінік берілмейді. Мұндай түсінікті біз тек Бһагавад Гита мен Шримад Бһагаватам кітаптарынан ғана таба аламыз. Шримад Бһагаватамда барша тіршілік иелерін өздерін тәнбіз деп ойлауға мәжбүрлейтін маия аталатын қуат туралы айтылған. Бұл қуат адамды еріксіз өзін тәнмін деп санауға және өзінің мәңгілік жан екендігін ұмытуға мәжбүрлейді екен.

Тән еместігімізді қалай сезінуге болады?

Өзіңіздің тән емес екеніңізді қалай сезінуге болады? Бұған көзімізді жеткізетін мысалдарды айналамыздан көптеп таба аламыз. Мәселен, адам тәні көптеген ағзалардан тұратын аса күрделі механизм. Сіз тамақ іштіңіз, ол асқазанға түсті, сөл арқылы ыдырап, қорытылады, бір бөлігі артық зат ретінде тік ішек арқылы сыртқа шығады, қалғаны қанмен араласып қуатқа айналып, медицина тілімен айтқанда иммундық қуатты толықтырады. Енді бір бөлігі майға айналады. Ал енді сіз осы процестердің қалай жүріп жатқанын білесіз бе? Жоқ. Ол сіздің еркіңізден тыс өздігінен жүріп жатыр.

Яғни, адамның әрбір ағзасы өз бетінше әлдебір құдыреттің күшімен жұмыс жасауда. Жүрек тынымсыз соғады, қанды тамырлармен айдап, бүкіл тәнді қан арқылы қуатпен қамтамасыз етіп отырады, өкпе мұрын арқылы енген ауадан оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газына айналдырып, сыртқа  қайта шығарады, бауыр ішке енген ауа, азықты фильтр арқылы тазартып отырады, қуық пайдаланылған сұйықты зәрге айналдырып, сыртқа шығарады, т.б. Міне, осындай процестер ағзамызда үздіксіз, тәулік бойы жүріп жатады. Оның қалай жүретінінен өзімізді тән және сол тәніміздің қожасымыз деп санайтын біздер мүлдем бейхабармыз.

Мынаған назар аударып қараңызшы: мемлекет басшысы өзі басқарып отырған елде не болып жатқанынан мүлдем бейхабар дейік. Ондай басшы елді ұзақ уақыт басқара ала ма және ол өзін сол мемлекеттің шынайы басшысымын деп айтуға құқылы ма? Жоқ. Басшы болу үшін сол елдегі жағдайдан толық хабардар болып қана қоймай, сол жағдайларға тікелей әсер етіп отыруы қажет. Ал біз өз тәнімізде не болып жатқанын мүлдем білмейміз. Сөйте тұра өзімізді тәнбіз және соның қожайынымыз деп санаймыз.

Тағы бір мысал: компьютерді алып қараңыз. Шындығында компьютер деген ол металлдан, пластиктен жасалған процессор мен монитор емес, ол – программа. Ал программа процессордың венчестер деп аталатын құрылғысында сақталады. Егер процессор сынып қалса, онда бұл компьютердің мәңгі өлгені болып табылмайды. Біз программаны жүктеп алып, басқа процессорға оп оңай орната аламыз. Сонда компьютер мүдіріссіз қайта жұмыс істей бастайды. Тән дегеніміз де сол процессор сияқты. Ол өлген кезде программа – сана өлмейді. Программа-сана басқа тәнге, яғни процессорға көшеді де тірлігін одан әрі жалғастыра береді. Бұны түсіну үшін данышпан болудың еш қажеті жоқ.

Тән мен жан туралы блогымызда алдағы уақытта толымды және жан-жақты жазатын боламыз. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика