ХоумКредиттің «Қарапайым» депозиті

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ақшадан ақша жасау өнерін, яғни инвестицияны меңгеріп, инвестор боламын деген адам алғашқы қадамын екінші деңгейлі банктердің депозиттерінен бастағаны жөн болады. Өйткені, ол қолжетімді және тәуекелі жоқтың қасы. Рас, өсім пайызы төмендеу, дегенмен мемлекет тарапынан берілген кепілдік бар. Осы орайда мен сіздердің назарларыңызға ең қолайлы отандық  ХоумКредит банктің «Қарапайым» депозитін ұсынамын.

«Қарапайым» депозиті

Аты айтып тұрғандай депозит қарапайым, яғни екінің бірі үшін қолжетімді. Депозитті ашу үшін 1000 теңгеңіз болса жетеді. Мың теңгемен ашып, содан кейін қалағаныңызша ай сайын ба, тоқсан сайын ба үстемелеп қосып отыруыңызға болады. Депозиттің жылдық өсім пайызы – 12,5 пайыз. Отандық банктер ұсынатын депозиттің ең жоғарғы өсім пайызы – 14 пайыз екендігін ескерсек, бұл оншалықты жаман көрсеткіш емес.

Депозиттің тағы бір қолайлы жағы: басқа депозиттер сияқты мерзімі жоқ, яғни бір рет аштыңыз, содан кейін жыл сайын автоматты түрде жалғастырылып отырады. Депозиттің ең тиімді қыры – ақшаңыздың капиталданатындығы десек, артық айтқандық болмас. Мәселен, 50 мың теңге салдыңыз делік. Салған күні 50 мың болып тұрған депозитке келесі күні қосылған өсім пайызын қоса есептеп, өсім береді. Ал өсім пайызы күн сайын түсіп тұрады.

Депозиттің тағы бір қолайлы тұсы: мың теңге қалдырып, барлық соманы түгел немесе бөліп-бөліп кез-келген уақытта шығарып алуыңызға болады. Ақшаны шығарып алу кезінде басқа банктердің депозиттері сияқты өсім пайызын жоғалтпайсыз.

Депозиттің және бір бір артықшылық жағы: ХоумКредит банктің картшкесін алып, депозитке ақшаны сол арқылы толтырып отыруға немесе қалауыңызша депозиттен ақшаңызды шығарып алып отыруыңызға болады. Картшке тегін беріледі.

Депозит өсімін, шығарып алу немесе депозитті толтыру жұмыстарын – бәрін сіз банктің сайтындағы өз кабинетіңізден жасай аласыз. Ол үшін смартфоныңызға банк қосымшасын тіркеп алсаңыз болғаны. Ал компьютер арқылы жұмыс істегіңіз келсе, іздеу терезесінен банк сайтын тауып, кілтсөзіңіз бен логиніңіз арқылы кіруге болады. Банк сайтында бәрі ашық көрсетілген.

Депозит кімдерге қолайлы?

Инвесторлардың арасында «қауіпсіздік жастығы» деген түсінік бар. Кез-келген инвестордың міндетті түрде «қауіпсіздік жастығы» болады. Ол не? Ол сіздің ақша қажет болып қалған қысылтаяң кезде жедел ақшаны шығарып алып, қажет мақсатқа пайдалануыңызға болатын есепшотыңыз.

Әдетте, инвесторлар «қауіпсіздік жастығын» кез-келген сәтте ақшаны шығарып алуына болатын банктің қарапайым есепшоты түрінде ашып қояды. Ондай есепшотта өсім пайызы төмен немесе мүлдем болмайды. Ал ХоумКредиттің «Қарапайым» депозиті «қауіпсіздік жастығына» таптырмайтын құрал. Оның өсімі де жоғары және кез-келген сәтте ақшаңызды қалауыңызша шығарып ала аласыз.

Жазда мен Астанадан пәтер сатып алдым. Сол кезде жедел ақша қажет болып, «Қарапайым» депозитімдегі біраз ақшан шығарып алуға тура келді. Қазір аздап қосып, депозит көлемін қайта көтеріп жатырмын. Өзіңіз ойлап қараңызшы: салған ақшаңыз күн сайын өсім беріп тұрса, бұл тамаша емес пе. Салған ақшаңыз күн сайын өсіп, көбейіп барады. Бәрі де көз алдыңызда. Бұл сізді ынталандырып, депозиттен одан да көбірек ақша табуға құлшындыра түседі. Инвестор үшін ынталандырудың таптырмас құралы осы десе болар.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика