Адам тәнінің тылсым құпиялары

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адам ағзасы өзінше бір үлкен ғалам. Біздің тәніміз мүмкіндігінше зерттелген сияқты, бірақ та, көптеген айғақтар мен адам ағзасының таңғажайып жетістіктері әлі де ашылмаған көп мүмкіндіктердің бар екенін дәлелдейді.

Әрине, адамның мүмкіндіктері мол, бірақ ол шексіз бе? Біреу жылқыны қолымен тыпыр еткізбей ұстап тұра алады, енді біреу денеге көптеген темірді жабыстыра алады, біреу бірден санасында бірнеше көп таңбалы сандарды көбейтеді. Төтенше жағдайға тап болған адам кенеттен өзінің ерекше ішкі мүмкіндіктерін ашады деген түсінік бар және адам кенеттен өзгерген сана күйіне енеді екен. Бұл шекаралық жағдайда адам тонналаған ауыр салмақты көтере, терісін мықты сауытқа айналдыра, ыстық көмірдің үстімен жүре алады.

Қазіргі таңда адамның ерекше физикалық әлеуетін тек кездейсоқтықпен ғана емес, өз қалауынша пайдалану тәсілдері ашылуда. Бірақ мұндай өнерді жұрттың бәрі бірдей түсіне бермейді. Адамның жасырын мүмкіндіктерін ашудың мұндай әдістері арнайы орган қызметкерлерін дайындауда бұрыннан қолданылған. Адамның қиял-ғажайып қабілеттерін зерттеу үшін барлау агенттіктері планетаның шалғай түкпірлеріне экспедициялар жасады. Бақсылар мен сиқыршылар, олардың жұмбақ рәсімдері мен дуалары мұқият зерттеу объектісіне айналды. Айталық, вуду тайпасынан шыққан ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктері осындай таңғажайып зерттеу нысаны болды. ХХ ғасырдағы вуду сиқыры әлемнің жетекші елдерінің арнайы қызметтерінің мамандарының  ең қалаулы «олжасына» айналды.

Үндістаннан келген сиқыршылардың сенсациялық мүмкіндіктері көпшілікке үлкен қызығушылық тудырды. XIV ғасырдың көрнекті парапсихологы, «әмбебап тарих» трактатының авторы Ибн Халдон Үндістанда иогтардың таңғажайып мүмкіндіктері жайлы баяндады. Сонымен қатар, аутопсия кезінде қайтыс болған адамның жүрегі жоқ екендігі белгілі болды. 1696 жылы француз колонияларының жағалауларына бет алған граф Геннестің кемесіне қара сиқыршы әкелінген кезде, XVII ғасырда әлемдік сиқыр тәжірибесінің осындай құбылысы туралы ресми түрде белгілі болды. Африкалық сиқыршылардың ғажайыптары туралы естіген кеме дәрігері, теңізшілердің дәстүрі бойынша, қара сыйқыршының дуасынан өлгендерді  теңізге тастамас бұрын, бақытсыздардың денесін ашып, қайтыс болған адамдардың жүрегі мен бауырының  құрғақ екенін көрді.

Қара сиқыршы Граф Геннестің өтініші бойынша заттарды алыстан «жеу» қабілетін көрсетті. Таңертең тамбурдағы сырты құлыпталған асқабақтар тек құрғақ қабығы ғана қалғандығы анықталды. Кемпір экипаждың ешқайсысына зиян келтірмеуге уәде бергеннен кейін, сиқыршы өзінің туған аралына қайтарылды, ол үшін кеме бағытын өзгертуге және ілмек жасауға мәжбүр болды. Бірақ ең бастысы-мұның бәрін тарихи құжаттарда сол таңғажайып оқиғалардың куәгерлері тіркеді.

 Мұндай таңғажайыптарды қалай түсіндіруге болады? Адам тек физикалық тән емес, сонымен бірге энергетикалық дене деп санағанда ғана жоғарыда аталғандай таңғажайыптарды жасайтынын түсіндіруге болады. Мысалы, халық арасында кең таралған көз тиюді алып қаралық. Бұның астарында адамның теріс энергиясының әсері жатқаны анық.  Физикалық тән энергетикалық бағдарлама бойынша жұмыс істейді және физикалық тәнге әсер ететін құбылыстың астарында энергетикалық ықпал жатқанын бағамдауға болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика