Ислам діні не береді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ислам дінін ұстану арқылы адам нендей игілік табады? Ең алдымен, жүрегіне қайрымдылық, сабырлылық, нәпсіге берілмеушілік, жомарттық, кешірімділдік, сыпайылық, кішіпейілдік сияқты жақсы имани қасиеттерді орнықтырады. Ал бұның бәрі адамзат қоғамын биікке көтеретін игі қасиеттер. Сондай имани қасиет орныққан қоғам өркениет биігіне көтеріле алады. Егер тарихқа ой жүгіртіп қарайтын болсақ, қоғамның дамуына тікелей діннің әсері барлығын бағамдар едік.

Күнге, Айға, отқа табынған ежелгі заманда адамдар алғашқы қауымдық құрылыста өмір кешті және қарабайыр қарулармен қаруланып, күнкөрістері де ауыр болды, үңгірлерде тұрды немесе теріден лашықтар жасап алды. Ал, табиғаттың құбылыстарын басқаратын жарымқұдайларға табынған кезеңде құл иеленушілік қоғам орнығып, өркениет өрге басты. Қалалар, үлкен елді мекендер салынды, адамдар ғылым-білімге көңіл бөлді. Бір Құдайға табынатын кезеңде мемлекеттер пайда болып, феодалдық қоғам орнықты. Христиан, иудей, ислам, индуизм және буддизм діндері де осы кезеңде орнықты. 

Адамзат өркениетінің дамуы тікелей дінмен астасып, біте қайнасып, біріге өркендеп жататынын бағамдаймыз. Мәселен, ислам діні орныққан алашқы кезеңде Испаниядан Қытайға дейінгі аумақты алып жатқан алып ислам халифаты құрылып, онда әлемдік өркениеттің дамуына елеулі үлесін қосқан ғылым мен білім, мәдениет шарықтап дамыды. Сол кезде шыққан Әбунәсір әл Фараби, Ибн Сина, Абурайхан Беруни, математиканың незгізін салған Әл Жәбір сияқты ғалымдар көп болды, олар әлем өркениетін дамытуға тың серпін берді.

Христиан діні кең таралған орта ғасырларды тарихта Ренессанс немесе Қайта өрлеу деп атап жүр. Осы кезеңде Батыста ғылым мен білім, мәдениет пен сәулет өнері шарықтап дамыды. Рафаел, Леонардо да Винчи, Микеланджело сияқты соңдарында өлмес мәдени мұра қалдырған таланттар, Исаак Нютон, Коперник, Галилео Галилеи сияқты ғалымдар ғылымның дамуына елеулі серпін берді.

Буддизм дінінің дамуымен Шығыс елдерінде көптеген мәдени ескерткіштер салынып, қазіргі күнге дейін ежелгі заманғы өркениеттің белгісі болып сақталып тұр. Қытайдағы, жапон, корей елдеріндегі у-шу, карате сияқты шығыс жекпе-жегі тікелей өз бастауын буддизм дінінен алады.

Ислам дінінің адамзат өркениетін дамытуға қосқан үлесі оның басты жетістігі деуге болмайды. Исламның ең басты жетістігі де, мақсат-мәні де – адамдардың санасын өзгерту, оларды ежелгі дөрекі тағы қоғамның шырмауынан шығып, өркениетті қоғамға жеткізу, ол үшін бойларындағы имани жақсы қасиеттерді орнықтыру, Жаратқанға деген сенімі мен үмітін арттыру болған еді. Ислам діні осы міндетін ғасырлар бойы орындады. Десе де, уақыт өте келе діннің алғашқы кезеңдегі тазалығы мен ұстаным бағдары өзгеріп, бұрмаланып, соған орай бүтін дінді бөлшектейтін теріс ағымдар шықты. Уахаббизм, сәлафизм сияқты теріс ағымдар қазіргі күні исламның абырой-беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінді ұстанушылар арасына ірткі салып, бөлшектеуде. Ауғанстандағы өткен ғасырда басталып, әлі күнге дейін созылып келе жатқан ондаған мың адамның өмірін жалмаған соғыс, Ирак, Сириядағы соғыстар – бәрі ислам атын жамылған әсіредіндарлардың әрекетінен туғандығын ешкім теріске шығара алмайды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика