Адам жеке дара тіршілік иесі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақыл«Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан» деп адамдар Алланы ғана жалғыз санап, қарапайым пенделер екі дүниеде де жақын жуықтарымен топтасып, бірлесіп өмір сүреді деп ойлайды. Шындығында, адам Інжілде айтылғандай Алланың кішкентай көшірмесі, яғни адамның табиғаты да Жаратқанның табиғаты сияқты рухани немесе мәңгілік. Сондай-ақ, адам да мейлі ол өмірде туған туыс бауырлары мен жақындарының арасында өмір сүргеніне қарамастан, жалғыз тіршілік иесі. Яғни, адам дүниеге жалғыз келіп, жалғыз кетеді.

Ақыл-естен, айыратын құдыретті қуат

Бһагавад Гитада мына фәни жалған Жаратқанның құдыретті қуаты – маяның, яғни елес қуаттың ықпалында болады деп айтылады. Сол қуаттың ықпалымен адам өзін ет пен сүйектен жаратылған тәнмін деп ойлайды және «мынау менің ата-анам, туысым, отбасым» деп өзі тәрізді жеке дара жандарды жақын тұтады. Шындығында, әр адам жеке дара жан және оның ешқандай ата-анасы да, туысы да жоқ. Ол – жалғыз.

Сонымен бірге, әр пенде мәңгі бақи жақын бауырларының ортасында болады. Егер ол өзін мәңгі жанмын деп санаса, басқа тіршілік иелерін де Алла жаратқан мәңгі жан деп түсінсе, онда барша жанды біріктіріп тұрған құдыретті күш – Алланы түсініп, барша тіршілік иелерін өзінің бауыры деп санайды. Өкінішке орай, мұндай түсінікке жету екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Өйткені, адамның ақыл-есін алып, оны тәнмін деп санауға және тәни түсінікпен өмір кешуге мәжбүрлейтін Алланың құдыретті қуаты – Мая, яғни Елес қуат тұрғанда оның ықпалынан құтылып шығуға екінің бірінің шамасы жетпейді.

Адамның хайуаннан қай жері артық?

Егер сіз жан-жағыңызға, барша табиғатқа ақылмен зер сала қарасаңыз, адам деп аталатын осы дүниенің қожасымын деп ойлайтын екі аяқты пенделердің жан-жануарлардан ешқандай айырмасының жоқтығын көресіз. Мысал керек пе? Онда назар аударып қараңыз.

Адам тамақ ішеді, жануар да ішіп-жейді, адам ұйықтайды, жануарлар да ұйықтайды, адам шағылысып, дүниеге ұрпақ әкеледі, жан-жануарлар да шағылысып ұрпақ өрбітеді, адам өзінің баласын қандай сүйсе, жануарлар да өз төлдерін сонша сүйеді (тіпті, көп жағдайда адамнан да артық сүйеді), адам нәжіс, зәр шығарса, жануарлар да солай артық тамақтарын шығарып тастайды, адамның қаны қызыл болса, хайуандар мен аңдардың да қаны қызыл, адам ауырса, жануарлар да ауырады, ақырсында адам өлсе, жануарлар да өледі.

Міне, осыншама ұқсастықтан сіз адамның жануарлардан қандай артықтышылығын көріп тұрсыз? Рас, адам ақылды, жануарлар сияқты емес, сәнді үйлерде тұрып, таза ыдыстан тамақ ішеді, жайлы төсекте жатып ұйықтайды, киім киеді. Бірақ бұның бәрі сыртқы ерекшеліктер ғана, ал ішкі мәні сол қалпында өзгеріссіз қалады. Мәселен, сіздіңше, алтын ыдыстан тамақ ішетін байлар форфор ыдыстан ас ішкен қарапайым адамдарға қарағанда артық па? Олар тамақтан көп рахат алып, тамақтары бойына көп жұға ма? Жоқ. Мәдидің айтқан: «қара тас ұйқың келсе мамық болар» деген сөзіндей, құс төсекте жатқаныңмен, егер ұйқың келмесе дөңбекшумен таң атырасың. Ал қара жерге жатып та қатып ұйықтауға, жақсы тынығуға болады. Яғни, сыртқы ерекшеліктердің ешқандай ықпалы болмайды.

Елес құрсауындағы өмір

Мына өмір деп аталатын үлкен сахнадағы ұзаққа созылатын спектакльге зер салып қарасаңыз, ортақ мазмұны, мәні, идеясы, негізі бар біртекті екенін бағамдау еш қиын емес. Адам дүниеге келіп, кәмелеттік жасқа толған соң қарама-қарсы жыныс өкіліне деген іңкәрлік оянып, оның ақыры үйленіп отау құруға жеткізеді. Содан кейін дүниеге балалар келіп, отбасын асырау, балалардың өсіріп жетілдіру деген кезең басталады. Содан кейін күш-қайраты қайтқан соң зейнеткерлікке шығып, немере-шөберелерін бағып, ақырсында о дүниеге аттанады. Бұл жалпы адамзатқа ортақ спектакльдің негізгі ОҚИҒА ЖЕЛІСІ.

Бұл жүйеден сәл-пәл ауытқып, үйленіп отбасы құрмай жалғыз өтетіндер де бар. Сондай-ақ, бір емес, бес-алты, тіпті он рет отау құрып, отбасынан опа таппайтындар да кездеседі. Десе де, жалпы адамзатқа ортақ бұл жүйе мыңдаған жылдардан бері өзгеріссіз өмір сүріп келеді.

Ана дүниеге келген сәбиін не үшін жақсы көреді? Оны сәбиін сүюге, сол үшін түн ұйқысын бөліп, бар уақыты мен қуатын соған арнауға не мәжбүрлейді? Елес қуат, яғни мая. Жануарлар да төлдерін сүйіп, оларды асырап өсіреді. Бұны ақылмен емес, елес қуаттың күшімен еріксіз жасайды. Адам да солай.

Десе де, соңғы кезде адамдар елес қуат белгілеп берген жүйеден ауытқып, өзінің табиатына сай емес әрекеттер жасай бастады. Сәбилерінен безетін аналар, отбасы құрғысы келмей, нәпсілерін қанағаттандыруды ғана ойлайтын еркектер мен әйелдер, өз жыныс өкілдерімен жақындасатын пенделер көбейіп барады. Бұның бәрі адам баласының ЕЛЕС ҚУАТТЫҢ ықпалынан шықты дегенді білдірмейді, керісінше табиғи ахуалынан ажырап, азғындықтың құрдымына құлап бара жатқанын көрсетеді.

Елес қуат және оның ықпалы жайындағы мақалалар сериасын алдағы уақытта блогымыздан оқитын боласыздар. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика