Адамдар жауапкершіліктен неге жалтарады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

сәтсіздікЖауапкершілік деген – орындалуға тиісті міндет. Егер сіз мойныңызға бір жауапкершілік алдыңыз екен, оны орындауыңыз қажет болады. Ал орындамаған жағдайда моральдық немесе материалдық, тіпті заң алдында жауапкершілікке тартыласыз.
Бүгінде жауапкершілікті сезінбейтін, оны мойындамайтын, одан қасақана бас тартатын адамдар көбейді. Мәселен, өздері дүниеге әкелген баласы мен әйелін қаңғытқаны өз алдына, алимент ретінде төленетін ақшаны да төлемейтін «әкелер», мойнына алған қызметтік міндетін дұрыс орындамайтын, соның салдарынан қарамағындағы адамдарға түрлі қолайсыздықтар әкелетін басшылар көп.

Жауапкершіліктен бас тартудың салдары.

Бір алпауыт бизнесменнің «бұл дүниеде бәрі сатылады» деген сөзі бар. Осы сөздің астыраны үңілер болсақ, шынында да бәрі сатылатындығын бағамдаймыз. Егер сіз фәни жалғанның бір игілігін иемденгіңіз келсе, онда мойныңызға міндетті түрде белгілі бір жауапкершіліктерді алуыңызға тура келеді. Мәселен, сіз үйленіп отбасы құрғыңыз келді делік. Бұл өмір заңы десек те, оның астарында ең алдымен нәпсі жататыны белгілі.

Сөйтіп, сіз үйлендіңіз. Жаныңыз сүйген жарыңызбен бал айын өткізіп, тән ләззатының дариясында еркін жүздіңіз. Бірақ, өмір тек рахаттан ғана тұрмайды. Сіз үйленіп, сол арқылы рахаттандыңыз екен, оның машақаты да болады. Яғни, сіздің мойныңызға біраз жауапкершіліктер жүткеледі.

Ең алдымен сіз ер азамат, отағасы ретінде әйеліңіз бен дүниеге келген балаларыңызды асырауға тиіс боласыз. Отбасы үшін баспана, ішін толтыратын әсем жиһаздар, киім-кешек, басқа да қажеттіліктер керек. Онымен қаматамасыз ету үшін бел шешпей жұмыс жасауға тиіссіз.
Сондай-ақ, сіз биік лауазымды қызметке қызықтыңыз делік. Оған жету үшін біраз тер төктіңіз. Ал сондай лауазымға ие болған соң, сіздің мойныңызға көптеген жауапкершіліктер артылады.

Әрине, оның қызығы да бар. Жалақысы жоғары, қызмет машинасы, «Кәке, Жәке» деп жалпылдайтын жағымпаздар, т.б. бар. Мұның бәрі сізді рахат сезіміне бөлейді.
Дегенмен, қызметіңізді сақтап қалу үшін жұмысты дұрыс жүргізуіңіз, басшыларыңыздың тілін таба білуіңіз, қызмет бабында уақытыңызды, басқа да қызықтарды құрбандыққа шалуыңыз қажет болады.

Ал енді осы жауапкершіліктен жалтарсаңыз, оның салдары қалай болады? Жаман болады. Бала-шағаңызды асырамасаңыз жарыңыздан сөз естіп, ақыр соңында ажырасуға, одан кейін ай сайын ақшаңыздың бір бөлігін алимент ретінде төлеп тұруға мәжбүр боласыз.
Егер лауазымдық міндетіңізді дұрыс орындамасаңыз, қызметіңізден, одан қалды абырой-беделіңізден жұрдай болып айрыласыз. Қай жағынан алып қарасақ та, жауапкершіліктен жалтарудың адамға тигізетін теріс әсері көп болмақ.

Жауапкершіліктен бас тарту неге ұрындырады?

Ең алдымен, абырой-беделіңізден айрыласыз. Намысы бар адамға ол оңай соқпасы анық. Содан кейін материалдық жағынан да біраз қиындықтарға тап боласыз. Ең жаманы, жауапкершіліктен қашқан адам ар-ұятынан айрылып, азғындықтың құрдымына құлайды.

Біз өмір сүріп отырған қоғамда жауапкершіліктен бас тартуды насихаттайтын, соған негіз жасауға тырысатын топтар шықты. Олардың арасында саясаткерлер де, ғалымдар да, өнер иелері де бар. Мәселен, отбасын жоспарлау деген бүгінде ғылыми тұрғыдан негізделген және саяси күштер тарапынан қолдау тапқан жоба бар.

Оның мәнісі не? Отбасы құрдыңыз, жыныс жақындығына батып рахат дариясында көңіліңіз қалағанша жүздіңіз. Оған ешкім ешқандай қарсы сөз айтпайды. Бірақ, сондай әрекеттің салдары – дүниеге бала келуді болдырмау амалдарын жасауыңыз қажет. Ол бәлкім мүшеқапты пайдалану немесе түрлі препараттарды қабылдау бола ма, әйтпеген күнде жатырдағы баланы жасанды түсік арқылы алып тастау түріндегі әрекет болуы мүмкін.

Жауапкершілікті мойныңызға алмас бұрын ойланыңыз.

Табиғаттың, яғни Алланың заңы бойынша егер сіз рахаттанғыңыз келді екен, оның машақатына да төзуіңіз қажет. Барлық жан-жануарлар түгел осы заңмен жүреді. Ал адам табиғаттың заңын да, Жаратқанның заңын да бұзып, жыныс жақындығы арқылы рахатқа батады да, оның салдары – баланы дүниеге келтіруден ат-тондарын ала қашады.

Оның салдары қандай болмақ? Моральдық жағынан алғанда жауапкершілікті мойнына алған соң оны орындамау – ұят болып табылады. Ал заң тұрғысынан алғанда, жатырдағы жазықсыз сәбиді өлтіру – қылмыс. Өткен ғасырда АҚШ-та жасанды түсік үшін өлім жазасы тағайындалған. Шариғат заңы шеңберінде алып қарасақ, ол тозаққа түсіретін аса ауыр күнә.

Егер сіз мына фәни жалғанда бір жауапкершілікті мойныңызға алдыңыз екен, оны толық сезініп, жауапкершілік жүктеген міндетіңізді адал орындауңыз қажет. Сонда бұл дүниеде жүзіңіз жарқын болады, бақи дүниеде алдыңыздан жұмақтың есігі ашылады. Ал жауапкершіліктен жалтарсаңыз, екі дүниенің де игілігінен құр қаласыз. Бұл – ақиқат.
Ендеше, жауапкершілікіт мойныңызға аларда жақсылап ойланып алғаныңыз жөн.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика