Адамның хайуаннан айырмашылығы — имандылығында
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Адамның хайуаннан қандай айырмашылығы бар? Бұған екінің бірі адам ақылды, саналы деген сияқты жаттанды және жауыр болған сөзбен жауап беретіні белгілі. Бірақ егер зер сала қарайтын болсақ, хайуанда да ақыл, сана бар екенін аңғаруға болады. Мәселен, қыста оңтүстік аймақтарға мыңдаған шақырым жер ұшып баратын құстар жолды қалай табады? Немесе қасқырлардың аң аулау тәсілін алып қараңыз. Бір қасқыр екіншісін жерге көміп, тек тыныс алуы үшін тұмсығын ғана ашық қалдырады. Екіншісі аңдарды қасқыр жатқан жерге қарай үркітіп қуады. Аңдар үстінен өтіп бара жатқан сәтте орнынан ұшып тұрған қасқыр бірнеше аңды жайратып салады. Бұндай тәсілді қолдану үшін қасқырға ғалымдарымыз жиі ауызға алатын инстинкт деген жаттанды түсінік емес, нағыз ақыл қажет болатындығын бағамдау қиын емес.
Ақыл хайуанда да бар.
Адам ұйықтайды, хайуан да ұйықтайды, адам тамақтанады, хайуан да тамақтанады, адам жыныстық жақындық жасайды, хайуан да шағылысады, адам баласын жақсы көрсе, хайуан да ұрпағын солай сүйеді, адамда қорқыныш, қуаныш сияқты сезімдер болса, ондай сезім хайуанда да бар. Сонда адамның хайуаннан қай жері артық?