Адамның бақытсыздығына Алла кінәлі ме?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

жақсы сөзҚазақта «қайғырған құдайын қарғайды» деген сөз бар. Көп адамдар өздерінің бақытсыздығына өзгелерді, тіпті болмаса Алланы айыптап жатады. Мұсмылман баласының иман келтіруінің бес шартының бірі: жақсылықтың да, жамандықтың да Алладан болатынына сену. Осыған қарап, жақсылық та, жамандық та Құдайдың еркімен болатынын түйсінуге болады. Сонда адамның басына түскен бақытсыздығы үшін Алла кінәлі ме?

Бақытсыздық – адамның жасаған әрекетінің жемісі

Марксизм деп аталатын материалистік ілімнің негізін қалаушы Маркстің «өмір дегеніміз мәңгілік қозғалыс» деген сөзі бар. Шындығында, мына фәни жалғанның негізі – қозғалыста. Адам бір сәт те әрекетсіз тұра алмайды. Ол ойша, сөз жүзінде немесе іс әрекеті арқылы үнемі әрекетте болады.

Адамның жасаған үздіксіз әрекеттері ауаға сіңіп жоғалып кетпейді. Ол әрекеттер соған сай салдар туғызады. Яғни, әрбір әрекеттің жемісі болмақ. Жақсы әрекет жасасақ, жақсылыққа, жаман әрекет істесек, жамандыққа тап боламыз. Бұл – Алланың заңы.

Қасиетті Құранда «Егер біреу жақсылық жасаса, өз пайдасына, жамандық жасаса өз зиянына. Жақсылық жасаған адамға соншалықты жақсылық бар, жамандық жасаған адамға да соншалықты жамандық тиесілі» деген аят бар. Бұны индустар «карма заңы» деп атайды. Оның мәні: не ексең, соны орасың, деген халық даналығына келеді.

Міне, Алланың осы бұлжымас заңына сай, әр адам өз өмір жолын өзі жасайды. Оның жасаған жақсы немесе жаман әрекеттері болашақ өмір жолын айқындамақ. Жақсылығы көп болса, өмір жолы да жеңіл, сәттіліктерге толы болады, ал керісінше айналасындағыларға зұлымдық жасауды әдетке айналдырса, өмір жолын ауырлатып алады. Бұны қазақтың талантты ақыны С.Торайғыровтың «Жақсы болсам өзімнен, жаман болсам өзімнен» деген жалғыз ауыз өлең жолдарымен толық түсіндіруге болады.

Бақытты болғың келсе — адамдарға жақсылық жаса

Екі адамның есігінің алдында бақшасы бар еді. Біреуі еңбекқор, екіншісі жалқау болды. Еңбекқор адам көктемде бақшасын баптап, картоп, көкөніс отырғызып, оны ала жаздай суырып, күтті. Ал жалқау көршісі ештеңе істемеді. Күзде еңбекқор адам бақшасынан мол өнім жинады. Жалқау көршінің арам шөп басқан бақшасы ештеңе бермеді.

Жақсы және жаман адамдардың өмірін де осы жалқау және еңбекқор көршілермен салыстыруға болады. Айналдасындағыларға үнемі қолдан келгенше жақсылық жасап жүретін пенденің жолы болып, әрдайым бақ құсы онымен бірге болады. Ал, айналасынадғыларға үнемі жамандық жасап, өзінен асқан адамдарды аяқтан шалуға тырысып жүретін жан өз өмірін өзі ауырлатып алады.

Бір басшы болды. Таңертең қабағынан қар жауып келеді, айналасындағыларға зәрін шашып, ұрсып-жекіп жұрттың мазасын алады. Оның күні осылай  қарамағындағы адамдарды қуырып, ар-намысына тиюмен өтетін. Бұл адам өзінің екі дүниедегі өмір жолын ауырлатып, өзіне өзі қастық жасап жүр деп айтуға болады.

Әлсіз адам бақытсыздығына Алланы айыпты дейді

Өздерінің өмірде кездесетін қиындықтары үшін әрдайым айналасынадағы адамдарды, онан қалды Алланы айыптап жүретін пенделер бар. Олар өздерін адвокат сияқты ақтап алады да, бар бақытсыздығы үшін айналасындағыларды және құдайды кіналайды. Бұның астарында адамның рухының әлсіздігі жатыр.

Рухы күшті адам өз қателігін, кемшілігін мойындаудан ешқашан қашпайды. Рухы әлсіз адам керісінше, ешқашан өз кемшілігін мойнына алмайды. Ондайлар әдетте бар кінәні айналасынадғыларға аударып, бастарын арашалап алумен күн кешеді.

Кемшілігін түсініп, мойындаған адам алдағы уақытта ондай олқылықты жібермеуге тырысса, керісінше, бар кінәні айналасындағыларға аударатын пенде өз кемшілігін көрмейтін, көр соқырға айналады. Ондайлар бір жасаған қателігін мың жасап, бір түскен шұңқырға мың түсумен өмірлері өтеді.

Түйін: Егер сіз өмірде жолыңыз болып, жақсы жетістіктерге жетемін десеңіз, онда ешқашан басыңызға түскен бақытсыздықтар үшін басқаларды және Алланы айыптамаңыз. Керісінше, бар кінәні өз бойыңыздан іздеңіз. Сонда сіз олқылығыңыздың себебін түсініп, алдағы уақытта ондайға жол бермейтін боласыз. Яғни, өмір жолыңызды жеңілдетесіз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика