Адамның жасырын мүмкіндігі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тангажайыпЖердің асты мен үстін, онан қалды ғарышты зерттеп, көп жаңалықтар ашқан адам өзі туралы жарытып ештеңе білмейтінін білесіз бе? Былай қарағанда адамның мүмкіндігі жалпақ жұртқа белгілі құпиясы жоқ ақиқат сияқты сезілгенмен, зер сала зерттесеңіз ақылға сиымсыз жайларды анықтар едіңіз.

Адамның қауіпсіздік қоры

Иә, әрбір адамда өзі де, өзге де біле бермейтін қауіпсіздік қоры деген болады екен. Оны адам басына қиын іс түсіп, өміріне қатер төнген сәттерде қолданатын көрінеді. Мұндай қордың барын да білмейтін пенде үшін осындай оқиғадан кейін өзінің жасаған таңғажайып ісіне өзі таң қалып, өмір бойы таңдай қағумен өтеді екен. Енді сондай оқиғалардың бірнешеуіне тоқталып көрейік.

Бұл оқиға Испанияда болған. Бұл елде құтырынған бұқамен айқасатын өнер түрі бар екені белгілі. Сондай бұқалардың бірі стадиндағы қамаған қорасынан шығып кеткен бе, көшеде келе жатқан жолаушыға тап береді. Көзі қызарып құтырынған бұқаның тапап өлтірері анық еді. Жаны қысылған жолаушы аяғы аяғына жұқпай жүйткіп, ол аз десеңіз биіктігі екі метрден асатын бетон қоршаудан бір-ақ секіріп өтеді. Бұрын жеңіл атлетикамен айналыспаған қарапайым адамның екі метрлік қоршаудан қалай секіргені өзге түгілі, өзіне де жұмбақ күйінде қалады.

Кішкентай сәбиінің жеңіл автокөліктің астында қалғанын көрген жас әйел жанұшыра әлгі бірнеше тонналық машинаны көтеріп, ол аз десеңіз астында жатқан сәбиін алып шығады. Ал, 7-ші қабаттан құлаған екі жастағы сәбиін бір қолымен ұстап үлгірген әйел екінші қолының бір саусағымен терезе кәсегінен ұстайды. Қызығы сол өз салмағы мен сәбиін жалғыз саусағымен жабыса көтерген келіншек құтқарушылар келгенше тұрыпты. Құтқарушылар оны алып үйге кіргенде  қарысқан қолын жаза алмай біраз әуреге түскен көрінеді.

Бұл оқиға Ұлы Отан соғысы жылдарында болады. Әскери ұшқыш кезекті операциядан кейін әужайға қайтып келе жатқанда оқ тиіп зақымданған ұшақ төмен құлай бастайды. Басқару мүмкін болмай қалғандықтан, ұшақтың табаны төбеге қарап құлдырап келе жатады. Жаны қысылған ұшқыш тістесіп ашылмай қалған люкті жұдырығымен ұрып ашады.

Пәтерінде өрт шыққанда сексендерге келген кемпір құжаттары мен құнды заттары сақталған ауыр сандықты жанталасып екінші қабаттан далаға алып шығады. Кейін өртті сөндірген соң төрт жігіт әлгі сандықты әзер көтеріп кіргізіпті.

Орманда үйіне қайтып келе жатқан мұжық ұйықтап жатқан аюды басып кетеді. Ашу буып өкіре тұрған аюдан зәресі кеткен мұжық сол маңда жатқан бөренені көтере сала қашады. Ол сол қалпымен үш шақырымдай жердегі үйіне жеткенше тоқтамай жүгіріпті. Үйіне келген соң ғана иығындағы бөренені бастап, есін жиған әлгі мына бөренені неге көтеріп қаштым деп қайран қалады. Оны көтермесем, жүгіруге жеңіл болар еді ғой деп ойлаған ол жатқан бөренені ауласынан шығарып тастамақ болғанда үш шақырым арқалаған ағашты көтере алмапты. Мұндай ақылға сиымсыз мысалдар адам өмірінде көп кездескен.

Рекордтың шегі бола ма?

1985 жылы украиндық атлет Рудольф Поварницын биіктікке секіруден әлемдік рекорд жасап, 240 сантиметрді бағындырды. Ал бірнеше айдан кейін Игорь Паклин деген атлет 241 сантиметрден секіріп, рекордты жаңғыртты. Биіккке секіру рекорды одан кейінгі жылдарда да қаншама рет жаңғыртылды.

2005 жылы ямайкалық желаяқ Асафа Пауэлл жүз метрлік қашықтықта жүгіруден рекорд жасап, 9,77 секундта жүгіріп өтті. Онан кейінгі жылдарда бұл рекорд талай мәрте жаңартылды. Спорттың қай түрі болмасын қатып қалған рекорд болмайды, ол үнемі жаңарып отырады. Осыған қарап, адам мүмкіндігінің шексіздігін сезінгендей боласың.

Күш атасын танымас

Белорусь Республикасы ішкі істер министрлігі академиясының оқытушысы Вячеслав Хороненко 70-ке тарта ұлттық, 10 гиннестің әлемдік рекордын жасаған адам. Бір тәуліктің ішінде ол бір пұттық кірдің тасын 18001 рет көтереді. Ол шпагатта отырып, екі пұттық гирді 55 рет көтереді. Ол аз десеңіз, судың астына түсіп, екі пұттық гирді 35 рет көтереді. Кірдің тасымен жасалатын жаттығулардан жалыққан белорусьтік етлет 40 келілік ағаш бөшкемен жасалатын жаттығуға көшеді. Ол осындай бөшкені бір тәуліктің ішінде 3150 рет көтереді. Сөйтіп, ол жалпы ауқымы 126 тоннаны көтерген. Бір сағаттық бөшкені көтеру жаттығуынан кейін ол бес минут демалып, жаттығуға қайта кірісіп отырған. Осылайша тәулік бойы тынбай көтерген.

2000 жылдың қарашасында 26 жастағы армениялық Ваган Саркисян қолына және кеудесіне терісіне кіргізілген қармақ троспен салмағы 1540 келілік шағын автобусты 8 метр жерге дейін сүйреген. Ал, 30 жастағы дағстандық Омар Ханапиев 2001 жылы тісімен ТУ-134 ұшағын 7 метр жерге дейін сүйреп апарады.

Канадалық Хуго Джирард жалпы салмағы 260 келі тартатын кір тастарын басынан асыра көтеріп, стадионмен бірнеше метр жүріп өткен. Американдық әйел Шенной Хартиет те сонша салмақты кір тасын көтеріп, бірнеше метр жүреді. Американдық Джилл Миллс 80 келі тартатын қалқанды көтеріп, стадинмен жүгіргенде көрермендер ауыздарын ашып, таңдайларын қағып қайран қалысты.

2003 жылы кикбоксингтен бірнеше дүркін әлем чемпионы болған Нугзар Гограчадзе тросты тісімен тістеп, 228 тонналық теміржол вагондарын 4 метр жерге дейін сүйреп барды. Украиналық Василий Вирастюк салмағы 20,3 тонна тартатын бес трамвай вагонын 17,9 метр жерге дейін сүйреп апарып, демалмастан әрқайссының салмағы 171 келі тартатын темір жәшіктерді көтеріп 19 метрге дейін апарды.

Адам мүмкіндігінің шегі бар ма?

Адам бойындағы таңғажайып мүмкіндіктер тек күш-қуатпен ғана шектелмейді. Адамның ақыл-ой күші де таң қалып, таңдай қағуға тұрарлық. Соңғы кезде жас балалар арасында тез дамып бара жатқан ментальды арифметика адам мүмкіндігінің шексіздігін тағы да дәлелдей түседі. Небары бірнеше секундтың ішінде 6-7 жастағы бала 2 немесе 3 құрамнан тұратын ондаған цифрларды қосып, алып, көбейтіп, бөледі.

Трояны ашқын Шлиман 17 тілді меңгерген екен. Бала кезімізде бізге қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген Сағындық Алтынбеков деген ағайымыз университетте оқытушы болған бір кісінің М.Әуезовтың төрт томдық «Абай жолын» бастан-аяқ түгел жатқа білетінін айтқан еді. Қызығы сол, әлгі кісіге кітаптың кез-келген томын алып, бетін ашып, бірер сөйлемін оқыған соң-ақ әрі қарай судыратып жатқа айта жөнеледі екен. Осыларға қарап, адам миының мүмкіндігі де шексіз екен-ау деген ойға қаласың.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика