40 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Біраз жылдардан бері мен өзін өзі дамыту ғылымымен айналысып келемін және бұл салада біршама тәжірибе мен білімім бар деп айта аламын. Сонда байқап, көңілге түйгенім: адамдардың көпшілігі ештеңе ойламай өмір ағысымен ағып, мақсатсыз, ойсыз тірлік кешеді екен. Ондай адамдардың өмірде, отбасында, жұмысында жақсы нәтижелерге жете алмайтыны өз алдына, ешқашанда тұрмысын түзеп, бақуатты да бола алмайды. Шын мәнінде, бұндай адамдардың ең басты және жалғыз жауы – өзі, яғни өзінің теріс түсінігі мен теріс әрекеттері.

Алданған мен ақымақ па, алдаған ол ақымақ па?

Таяуда маған бір бейтаныс қыз телефон соғып, студент едім  ертеңге дейін екі беттік эссе жазып берсеңіз деп сұрады. Уақытым онша бола қоймаса да, жас студент бала ғой, жаны қысылған соң хабарласып тұрған шығар деген оймен, жазып беруге келістім. Бағасын да төмендетіп, 2 мың теңге етіп қойдым. Содан бір сағаттың ішінде эссені жазып, оның поштасына жібердім. Вадсап арқылы тапсырыс орындалды, ақшаны менің каспиголдіме аударыңыз дедім. «Рахмет, қазір аударамын» деген қыз содан кейін мүлдем хабарсыз кетті.


Айтпақшы, эссені жазып жатқанымда хабарласқан ол бір жолдасыма да керек еді, тағы бір мақала жазып берсеңіз деп өтінді. Уақытым болмағандықтан, мақала жазып бере аласыз ба деп бір әріптесімнен сұрадым. Ол келісіп, жазып беретін болды. Сөйтіп, әріптесім екеуміз екі мақаланы жазып, жібердік. Әр мақала үшін 2 мың теңгеден төлеуі тиіс болатын. Бірақ, мақаланы жаздырып алған студент қыз ақшасын төлемей, ізім-қайым хабарсыз кетті.

Енді мына мәселеге назар аударып көріңіз: мақаланы жаздырып алып, ақысын төлемей алдап кеткен студент қыз ақымақ па, әлде, оның қажетін өтеп, бар жұмысты тастап, солардың шаруасын бітіріп берген  әріптесіміз екеуміз ақымақпыз ба?  Иә, сырт қарағанда, пендешілік көзқарас тұрғысынан алғанда студент қыз қулығын асырып, бір емес екі мақаласын тегін жаздырып алып, бізді ақымақ қылып кеткен тәрізді. Дегенмен, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, бұл мәселенің пендешілік емес, басқа қыры да бар. Енді соған назар аударып қаралық.

Карма заңы, немесе «не ексең, соны орасың»

Қасиетті Құранда «Кімде кім біреуге жақсылық жасаса, өз пайдасына, жамандық жасаса, өз зиянына. Жақсылық жасаған адамға соншалық жақсылық бар, жамандық жасағанға да сондай мөлшерде жамандық тиесілі» деген аят бар. Осыған ұқсас түсінік буддизм және индуизм діндерінде де кездеседі. Индустар мен буддашылар бұны – Карма заңы деп атайды. Оның мәнісі:  не ексең, соны орасың.

Біздің депутаттарымыздың ойдан шығарған жұмыс істемейтін өлі заңдар сияқты емес, Карма заңы тірі заң және 100 пайыз дәлдікпен жұмыс істейді. Оны мен өз тәжірибемде талай рет көріп, куәсі болдым. Карма заңы — бұл Құдайдың заңы. Сондықтан ол толыққанды жұмыс істейді және заңды ешбір пенде ешқашан айналып өте алмайды.

Енді осы заң тұрғысынан алып қарағанда, мені алдап кеткен студент қыздың әрекетінің нәтижесі қандай болмақ? Соған назар аударып қаралық. Карма заңы бойынша ең алдымен ол бізді алдап, төлемей кеткен 4 мың теңге ақшасы оған ешқандай да пайда әкелмейді. Аз уақыттың ішінде ол міндетті түрде 4 мың теңге ақшасынан айрылады, бәлкім ұрлатып алады, не жоғалтады, әйтеуір 4 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды. Бұл 2х2=4 деген сияқты ақиқат шындық.

Екінші тиетін залалы: ақшасын төлеймін деп уәде беріп (уәде Алланың аты дейді) оны орындамағаны үшін, мойнына күнә жазылады. Ол күнә ертеңгі күні ауру-сырқау, күтпеген бақытсыздық, не басқа да жамандық түрінде міндетті түрде алдынан шығады.  

Үшінші тартатын залалы: біреуді алдап, алаяқтық жасау арқылы санасы ластанады да, сол жаман әдет санасына мықтап сіңіп қалады. Бұны дін тілімен «раса», яғни «дәм» деп атайды. Жамандықтың дәмін татқан пенде оны қайта-қайта жасағысы келіп тұрады. Қылмыс тілінде бұны «қылмыскердің қолтаңбасы» деп атайды. Мәселен, адамды пышақпен бауыздап өлтірген қылмыскер, келесі жолы да дәл сол әдетінше, бауыздап өлтіруге ынталы болады. Жас баланы зорлаған педофил үнемі балаларды зорлағысы келіп тұрады және бұл әдетінен бас тартуға ерік-жігері жетпейді. Яғни, теріс әрекет жасаған адам ақырындап, сол әрекетті өмірлік дәстүріне айналдырып, үнемі сондай әрекетті қайталап жасаумен болады. Өзін өзі тоқтатуға, оның залалды екенін біле тұра шамасы жетпейді. Сөйтіп, ол төмен құлдырап, бар өмірін түрмеде өткізеді  немесе басқа да тауқыметті тартады.

Осылайша, бар өмірі алдында дейтін жастағы жас студент қыз осыбір теріс әрекеті арқылы өзіне 3 түрлі залал келтіріп алды. Егер ол маман писхологтың көмегіне сүйеніп, теріс әдеттен арылуға талпынбаса, болашағының жаман болатыны еш күмән туғызбайтын ақиқат шындық.

Ал ол ақымақ қылып кеттім деген мен керісінше 3 түрлі игілікке ие болдым. 1-сі – көмектесіңіз деп қиылып сұраған жас қыздың мұқтажын өтеп, жұмысымды тастап, оған көмек көрсеттім. 2-шіден, ақысын төлемегені үшін оны айыптап, сотқа беремін, құртамын деп ғайбаттамай, кешірім жасадым, 3-ден, менің кесірімнен шығынға батпасын деп әріптесіме әлгі қыз төлеуі тиіс 2 мың теңгені өз қалтамнан төледім. Бұл 3 істің үшеуі үшін де Алла маған сауап жазады. Ең алдымен, жоғалтқан 4 мың теңге шығыным басқа жақтан өзіме  қайтады. Біреудің жамандығын кешіргенім үшін алған сауабым – денсаулық, бақыт, басқа да игіліктер болып алдымнан шығады. Ал әріптесімнің шығынын өз қалтамнан өтегенім үшін оған берген 2 мың теңге кем дегенде 20 мың болып қайтатын болады. Бұның бәрі Карма заңы аясында еш мүлтіксіз жұмыс істейді.

Енді осыған назар аудара отырып: кімді кім алдады, кім ақымақ болып, зиянға ұшырады? – деген сауалға жауап іздеп көріңіз. Алланың заңы еш мүлтіксіз 100 пайыз дәлдікпен жұмыс істейді, сондықтан мынаны есіңізде мықтап  ұстаңыз: ешқашан, ешкімге залал келтірмеңіз, өйткені келтірген залалыңыз міндетті түрде өзіңізге қайта оралып, алдыңыздан шығатын болады. Одан сіз ешқашан, ешқандай жағдайда жалтарып кете алмайсыз.

Интернеттен ақша табу, инвестиция, халық емі, қашықтан жұмыс істеу, т.б. тақырыптарға байланысты барлық пайдалы ақпараттарды түгел бір сайттан - PAIDALY AQPARAT сайтынан таба аласыз. Сайтқа мына сілтеме арқылы кіріңіз: https://seixun.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика