Алдыңызға айқын мақсат қойыңыз
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Ерте заманда байлыққа, биік мансапқа қол жеткізу үшін қабілет-дарын, ақыл, білім дегеннің оншалықты қажеті болған жоқ. Егер сіз бай отбасында тусаңыз байлық жан қинамай-ақ өмірлік серіңігіз болады. Ал әкім немесе патшаның отбасында дүниеге келсеңіз, сіздің ақыл-ойыңыз бен біліміңізге, талантыңызға ешкім қарамайды. Мұрагерлік жолымен жан қинамай таққа отырасыз
Ал бүгінде заман мүлдем өзгерді. Ата байлығы мен билігі балаға мұра болмайтын заман туды. Рас бай отбасында туғандар әкесінен қалған байлыққа мұрагерлік етеді, бірақ сол байлықты ұстап тұрар қабілет-қарымы болмаса, аз уақытта бәрінен айрылып тынады. Яғни, бүгінгі заманда ең алдымен, қабілет-қарым, білім және талпыныс қажет.
Мақсатына жеткендердің жетістіктері кездейсоқтық па?
Бүгінде қарадан шығып, хан болып жатқандар, кедей отбасында туып, миллионер, миллиардер болып жатқандар аз емес. Олардың бәрі кездейсоқ бақытқа жеткендер ме? Жоқ. Мәселен, әлемдегі ең бай адам Билл Геитс барлық дәулетіне өз еңбегі мен қарым-қабілетінің арқасында қол жеткізген. Бұл арада кездейсоқтық туралы әңгіме болу мүмкін емес.
Американдық миллионер Алекс Яновскиидің «миллионерше ойлау» деген курсында қазіргі заманның байларының ойлау бағдары қарапайым пенделерден мүлдем өзгеше екендігі айтылады. Бай адамдар басқаша ойлайды дейді ол.
Мәселен, бай адам «алу үшін беру қажет» дейді. Неғұрлым көп берсең, соғұрлым көп аласың. Бұл 2Х2=4 деген сияқты ақиқат. Ал кедей адам керісінше, беруді емес, алуды ғана ойлайды. Ебін тауып ала берсем, мол байлыққа жетемін дейтін пенде ешқашан мол дәулетке ие бола алмай, қайыршылықпен күн кешпек.
Пайдалы іспен айналыс.
Бай адам әрбір минутына дейін алдын ала жоспарлап, сол жоспар бойынша шаруа жасайды. Мәселен, Яновскии ешқашан жаңалықтарды қарамаймын, тек бизнеске қатысты жайларға ғана көңіл бөлемін дейді. Ал қарапайым пенделер уақыттарының бәрін дерлік өздеріне еш пайда әкелмейтін бостекі істерге сарып қылып жатады.
Жақында дүңгіршекте бір кісінің мың теңгеден астам ақшаға бір буда красворд, сканвордқа арналған газеттерді сатып алғанын көрдім. Яғни, ол адам бос уақыттарын түгел әлгі сөзжұмбақтарды шешуге бағыштайды деген сөз.
Бұл уақытта оның басқа шаруалары қарап тұрады, шешімін күткен түйінді мәселелер жиналып, өмірін қиындатады. Ал ол сол пайдалы шаруаларды атқарудың орнына, бар уақыты мен күш-қуатын, ақыл-ойын жәй ермекке арналған көк тиындық пайдасы жоқ сөзжұмбақтарды шешуге бағыштайды.
Табысқа жетудің кілті – түйсікте.
Түрлі ақпараттар адам миында қабат-қабат болып жиналып, сақталады дейді бүгінгі ғылым. Адам миының түйсік (подсознание) деп аталатын терең қабаты біздің барлық іс-әрекетімізге, өмірдегі ұстанымдарымыз бен ой-мақсатымызға жауап береді. Осыған орай, табысқа жетудің кілті — түйсікте.
Мұндай түсінікті қазір ғылым да, дәстүрлі діндер де құптайды. Мәселен, ислам дінінің бір ғұламасының «оба ауруымен ауырған адамның жанында бірге он жыл тұрған адамға аурудың жұқпау мүмкіндігі бар, ал күнәкар пендемен бір күн бірге болған адамның күнәдан аулақ қалу мүмкіндігі жоқ» деген сөзі осыны айғақтайды.
Маскүнеммен араласқан адам көп ұзамай араққа бейімделе бастайды, ал зинақорды дос еткен пенде зинаға салынбақ. Сол сияқты егер сіз бай-бақуатты болғыңыз келсе, онда сондай адамдарға жақын жүріп, солардың айтқандары мен жазғандарына зер салыңыз. Осылайша сіздің түйсігіңізде бай-бақуатты болсам деген арман терең жазылып, ол сізді сол мақсатқа жететін жолға қақпайлап әкеліп салады.